Мен келдім

Сонымен, бастайық! Таныстырсам өзімді… Қазақтың қарапайым карьера қуған қызымын. Жасым 25+ке келгенше оқу, тоқу, жұмыс, жүгіріс, әйтеуір, күйеуге тиюден басқа барлық нәрсемен миды толтырыпын. Бала кезден сондай құндылықтар сіңірілсе, енді қайтем. Өмірдің мәні мен үшін жақсы баға, пәндік олимпиададан бірінші орын, қызыл аттестат, қызыл диплом, шетелде оқу, көп ақша табу, беделді болу болып келіпті. Жігітпен қыдыру, майысу/қылымсу/сүйісу, тұрмыс құру дегендер өздігінен бола қоятын, онша маңызды емес шаруа деп ойлап келіппін, сізге өтірік, маған шын!
Өмірдің өзі көрсетіп жатыр, ол ұстанымдар қате екен, оказывайытса! Оқуда озат, жұмыста еңбек ері болумен қатар, қазақ қызы бір жігіттің сұлтанын кезіктіріп, дер кезінде күйеуге кетіп үлгеруі керек екен. Сенің бар уақытың, ынтаң, ықыласың сол керемет карьераны құруға кеткенімен шаруасы жоқ ешкімнің. Қытайша судай сөйлеп, бизнес администрациясын шемішкіше шағатының, эксельде суперформуламен таблица құра алатыныңның таныс, туыс, жалпы қоғам алдында бес тиын құны болмай қалад екен, басың жалғыз болса. Алысқа бармай-ақ, кішкентайдан «сені асырайтын басыңдағы білімің» деп құлағыңа құйып келген ең басты авторитет – пахан мен маханға дейін тойдан келген шашуды ырым болсын деп маған тыққыштауына қарап осыны біле беруге болады.
Жәрәйд енді, ештен кеш жақсы. Бұның бәрін неге айтып отырмын. Алғытарих (предистория) бұл. Бұдан былай оқу мен жұмыс деп жүріп жіберіп алған уақытты бір серіні құрықтау жолына құрбан етпекпін! Бұл салада тәжірибем аз… жәрәйд енді, кімді алдайын, тәжірибем жоқ болғандықтан, көпшіліктің алдында есеп беріп, сіздерден кеңес алайын деп, барлық жігітпен танысу кейстерімді осында жазып отырамын. Осы сайтқа сырттай тұрақты кіріп оқып жүргеніме үш айдың жүзі болды, бірқатар осы салада «продвинутый» юзерлеріңіз бар екен, олардың ішінде кумирым – Juka. (Бірақ оған жету қайда! Армандамаймын да...) Сын, мін, мақтау, табыну, сүйсіну – отзывтың кез-келген түрін қуана қабылдаймын.
Бүгінге осы жетер.
Бөлісу:

26 пікір

bake
Жігітпен қыдыру, майысу/қылымсу/сүйісу,
істемесеңде мына ойыңды іске асыруға еш кедергісі жоқ
тұрмыс құру
Бұлай істегенде жөн емес
бір серіні құрықтау жолына құрбан етпекпін!
үш рет үйленген сері ретінде айтқаным. Үйленседе сері болып қала береді)
Одан кейін сіздің талабыңыз жоғары болуы әбден мүмкін, тағыда өз тәжірбемнен білемін.
Бұл өмірде қайда барсаңда "Қорқыттың көрі". 100% кепілдік жоқ.
«Француз қылықты әйел» деген әңгімемнің кейіпкеріне ұқсатып қалдым сізді. Кейіпкерім КерекИнфоға кіріп кеткен секілді…
Өзім болсам бір әңгіме жазып өмірімді өзгертім десем "қатты" әсер беру үшін айтылмағаны маған рас. Жазу стиліңіз ұнады. Бастан кешкен хикаяларыңызды оқығанға әсерлі етіп жеткізетіңізге сенемін. Жазбаларыңызды тосып жүремін.
Zuka
Әңгімеңіз онлайн бар ма? қызықтырып қойдыңыз) рахмет.
MERmukhanov
Жукадан гөрі түзу қыз сияқтысың ғо :)
Zuka
оны уақыт көрсетер ;)
AKY
Енді Сука деген кейіпкер болса, ә :v

Щюткі. Зука, Жука құсап пикантный оқиға қосып тұр арасында, әйтпесе ішіміз пысып кетер :))))
SSSS
Мағанда сондай ой келді, ақыры жуканың кумирі болса, өз никін сука деп жаза салуғада болатын еді. Мұнда сукалардың жазбалары үлкен сұранысқа ие, недегенмен қазақ оқырмандары ондай қазақша сігіс оқиғаларынан жалыға қойған жоқ.
Бырақ мен жазбаңнан түсінбегенім, оқу, жұмыс деп селка боп қалдың ба, әлде жуканың ізімен кеткен зукасың ба?
Zuka
дәл Жукадай болады деп уәде берсей ақ қояйын, бірақ тырысам :p
a63a1
Елірме, тормызды басыңқыраш.
MamaAya
Натураң ерекшелеу болғаны ғой. А так қылымсу, жігіттерге көзге түсуге деген қажеттілік пен оларды өзіңе тәнті қылатын қабілет тәрбиеден қарағанда өзіңе тән табиғи мааа мінез сияқты берілген бірнәрсе ғой. Оған қызыл аттестат пен қызыл дипломның қатысы жоқ. Жалпы ертерек көзге түсіп, и в этом плане үздік болуыңа тілектеспіз!
ErnarSeytahmet
«Жеңеше» болуға дайынмын, жігіт басыммен)) Кандидаттар да бар. Бастысы ақ бол.
Zuka
ой, мынау керемет ұсыныс қой. Ақ деген қандай сонда?
merekeee
Бұрынғы-бұрынғы кей қолданушыларды «Сен — пәленшесің ғо», «Е, мойында кім екеніңді!», «Сенің кім екеніңді біліп отырған сияқтымын» деп түртпектей беретін болған екен керектіктер. Қазір қойыпты! Почти :)
ken
сонымен келесі жазба қашан болад
bake
Тоса, тоса шаршадық
VKM
мынау да фейк))) Жуканың апайы Зука :J
ken
зука емес, сука дейсің ғой)
Zuka
түсінбедім қалжыңды
ken
барлық жігітпен танысу кейстерімді осында жазып отырамын
кейстерді күтудемін