Бәріміз пендеміз ғой...
Әр адам өзіне есеп бергені дұрыс. “Бәріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана” дегендей, періште емес пенденің тағдырымен өмір сүріп жатқандықтан, адамдықтың ақ туын құлатпау үшін, өміріңнің ақ-қарасын таразыға салып отыру- әрбір адамның міндеті. Бірақ көп жағдайда ескерусіз қалып жататыны анық қой. Осы тақырыпта қалам тербеген Мұқағалидың өлеңі ой салады:
Арылайын десем де пенделіктен,
Арылатын болмадым, ол неліктен?!
Жүгіріп те көрдім ғой, жығылып та,
Сүрініп те көрдім ғой, бұғынып та.
Жаныма өгей жасанды қылығыммен
Жағынып та жүрмін ғой, жұғынып та…
Пенделікпен қателіктерге бой ұратынымыз анық. Пендеміз деп өз-өзімізді жиі алдап жатамыз. Сөйтіп жіберіп жатқан қателіктерге көз жұма қараймыз. Бұралаң жолдың бұғауына түссек те, ескерусіз қалып жатады. Адам ішінен бұрыс ойлағанда, жат пиғылды серік еткенде соғылатын қоңырауы болады. Бірақ көп адам сол қоңырауды тоғышарлықпен, менмендікпен тұншықтырып тастап отырады.
Әпсана: — Тақсыр, мен өмірімде көп күнә жасадым. Күнәларымнан арылтып, Алланың кешірімін әперші,- депті бір кісі имамға. –Сенің жаның бес арықтан лай су ағып құйылып жатқан бір тоғанға ұқсайды екен. Біріншісі- сенің көздерің, мұсылман әйелдерге көзіңді сүзбе. Екіншісі- сенің аузың, ораза ұстап, дұға оқып жүр, жақсы сөз айт. Шариғат қаламағанды ішіп-жеме. Үшіншісі- сенің миың, әділетсіздік пен зұлымдықтан, менмендік пен өркөкіректіктен арыл. Төртіншісі-сенің аяқтарың. Көргенсіз жолға баспа. Бесінші- сенің құлағың. Өсек пен кеселді сөзді терме, естімеген бол. Тек сонда ғана арықтарыңның суы тұнықталады, сенің жаның мен жүрегің тазарады, сені күнәларыңнан мен арылта алмаймын, өзің арылтасың,- депті.
Бір түскен орға қайта түспеуге тырысу, қателіктерден сабақ алу- тәжірибе жинау деп білемін. Расында бір сәт өткен өміріңізге көз тастап, қарама-қарсы беттескен жақсылық пен жамандықты саралаңыз, ойланыңыз. Мүмкін бұл өміріңізге үлкен өзгеріс әкеліп, бояуын өзгертер. Өмір бізге бір-ақ рет берілген. Ендеше қамшының сабындай өмірді мәнді қылу өз қолыңызда ғой. Өмір – қызықтарға толы. Тек сезіне білсе болғаны. Бір жылдан кейін сенің қандай киім кигенің естен шығуы мүмкін, бірақ қандай адам екенің естен шықпайды.

Сосын жазбаңдағы уағыз әңгіме жайлы. Иманның орнына қарияны қойсаң, сосын Алла алдында емес өзің секілді жолын түзу жолға салып жүрген пенде алдында десең пендешілікке жаба беру сылтауы азаятын шығар. Қашан табытқа түсіп Алла алдына барғанша көп уақыт керек қой :) Бірақ қысқа жол тауып жататындар баршылық.