Ұлттың ұйытқысына айналған - Ұлттық арна

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ-ның құрамына кіреді. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ең алғаш 1958 жылы ірге көтереді. Ол кезде күніне 5 сағат хабар тарататын. Сөйтіп техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайып, 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар ішінде төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді.
Блог - azoakpar: Ұлттың ұйытқысына айналған - Ұлттық арна
Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі медиа құрылым. Телеарнаның техникалық әлеуеті Республика аумағының 100 пайызына жуық. Нақтырақ айтсақ 98,73%-ды құрайды. Сондай-ақ көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Заманауи телетаратылымның барлық талаптарына сай. Қазіргі заманғы ең үздік құрылғылар техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндік туғызып келеді. Мәселен, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген телекөпірлері немесе әскери мерекелік парадтар, НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада, Euro-2012 сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді. Блог - azoakpar: Ұлттың ұйытқысына айналған - Ұлттық арна
Блог - azoakpar: Ұлттың ұйытқысына айналған - Ұлттық арна
Корпарация басшысы Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанованың сөзіне сүйенсек «телеарнаның өзіндік таза өнімі 85%-ды құрайды» екен.
Сондай-ақ шетелдік телехикаялар да бар. Киноны көріп отырған кезде көбіне байқай бермейміз ғой. Тек сол фильмдегі кейіпкерге қарап отырып оны дубляждайтын адамды да солай елестете саламыз. Шынайы қалай жасалатынын төмендегі бейнеден көрсеңіздер болады.

Бүгінде Ұлттық телеарна эфирінде әр түрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде жариялап отыр. Блог - azoakpar: Ұлттың ұйытқысына айналған - Ұлттық арна

Корпарация құрамына үш телеарна және төрт радио кіреді. Олар:
1.Қазақстан ұлттық арнасы
2.KazSport арнасы
3.Балапан балалар арнасы
4.Қазақ радиосы
5.Шалқар радиосы
6.Астана радиосы
7.Classic радиосы
Блог - azoakpar: Ұлттың ұйытқысына айналған - Ұлттық арна
Айта кетерлігі, 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендердегі алты жастан жоғары қазақ және орыстілді көрермендер арасында да 23,2 пайызбен биылғы жылдың басынан «Қазақстан» ұлттық арнасы өзге хабар таратушылардың алдына шығып, жетекші орынға тұрақтады. Аталмыш зерттеу компаниясының мәліметтері 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын «Қазақстан» телеарнасының өзге этностар арасында да үлкен сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын онлайн-режимінде де көруге мүмкіндік бар. Телеарнаның жеке сайты — kaztrk.kz
Бөлісу:

5 пікір

ken
Телеарнаның техникалық әлеуеті Республика аумағының 100 пайызына жуық. Нақтырақ айтсақ 98,73%-ды құрайды. Сондай-ақ көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр.
Ростданми? Қайта Сарыағаштағылар өзбек телевидениесін көріп жүр емес пе? Қазақстан арнасын арнайы приставка алып көреді. Былайша көре алмайсың, тек өзбек арналарын көресің.
Әлде соңғы 4-5 жыл ішінде өзгерістер болды ма екен?
azoakpar
Соңғы дерек бұл. Ұлттық арнаның сайтында да тұр…
ken
Сұрастырып көретін екен.

Ұлттық арнаның сайтында да тұр…
Сенімді ақпарат дереккөзі дейсің ғой)))
merekeee
Классик деген радио жайлы білмеппін, қандай жиілікте екен? Тыңдай жүрейік.