Әгәрәки, реті келсе, мәтіні қалың пост түрінде жазамын деп ойлағанмын бұл тур жайлы. Көп әріпті, мол деректі. Бірақ Азамат Т. есімді беймәлім біреудің осы сайттағы жазбасы, әлеуметтік желілердегі біршама публикация ол ойымды толық қамти алып тұр.
Сондықтан, барлық түйгенім мен сүйгенім, ілгенім мен білгенімді айғақтайтын қаріптер осы фоторепортаж барысында суреттердің маңына топтаса қалды.
Әлқисса, Ұлттық арнаның өзіндік өмірінен боямасыз мөлтек сыр...
Бізді күтіп алған үй иесі жайлы алда. Ал бізді күтіп алған үй киесі — осы логотип.
Видео мұрағатты сақтайтын мекен осы. Кезінде 2 жүк көлігіне тиеліп, көшіріліп әкелінген қор да, одан кейінгі ауқымды материал да осында.
Бейнеқор бөлімінің бастығы Молдабек Сағынбек көсіле сыр шертті дерсің…
Таныс атаулар. Бұл да бір тарих.
+17 градустың айналасында сақталады таспалар. Әрине, форматтан форматқа көшіру жұмыстары үнемі жүріп отырады.
Әңгіме дүкен мекені. Корпорация аясында бірнеше арна, радиостанциялар, сайттар бар. Аттарын айтпай-ақ білесіздер оларды, негізі.
Қазақстан" телерадио корпорациясының биылғы ұраны — «Менің Қазақстаным!». Одан басқа бірқатар слогандар да жоқ емес.
Басшылықтан Нұржан Жалауқызы мен Данияр Нұрғазин әңгіме тарқатты. Нұржан Жалауқызы көп дүние айтты. Көп! Әріптерге айналдыруға миыма сыймай бара жатыр.
2011 жылдан бері корпорацияның толық қазақша екенін білетін шығарсыздар. 85 пайыз — өзіндік өнім. Әрине аутсорсингтік үлкен жобалар болады, бірақ ол ұйымдар да іргесі алыс жатқан, бөтендер емес.
Ұлт, рух, адамгершілік, ділді діттейтін дүниелер таңдап алынуға тырысады. Теріс тұс барлық нәрседен табылады, бірақ дені — осындай бағытта.
Рейтинг бәрін шешеді. Қайталау де, не шетелдік дүние де, бірақ «Келін» не "Құбылай хан" секілді тапқырлықтар өрге сүйреген шақтар жоқ емес. Корпорация аясында түсірілген отандық сериалдар да жақсы қабылданып жатыр.
Бұл сурет те рейтинг үшін қойылды, иә.
Дыбыстау бөлімі. Дубляж, синхрон.
Дыбыстау мысалы. Мая деген кейіпкерді Майра есімді диктор оқыды.
Әртіс жігіт. Мықты оқиды!
Данияр Алан деген блогер процесті түсіруде. Экрандағы экран.
Дыбыстау ісінің саңлақтары.
Ал қарсы бетте — осындай студия. Кем-кетігі бақылауда ұсталып, дыбыстау сапасы қадағаланады.
Техникалық қамтамасыз ету, өңдеу.
Ұлттық арнаның жаңалықтар қызметі. Бұлармен бірге қанша еңбеккер бар!
Дикторлық — тек бір бағыт қана. Материал даярлауға араласу — борыш тәрізді.
Естелікке, қанекей!
Түнгі студияда — блогерлер!
"Әйел бақыты" бағдарламасын осылай түсіреді.
Әйел бақыты және еркектердің оған араласуы.
Әрине, Қазақстан, Қазспорт, Балапанның өз көрермені бар. Жалпы, ұлттық телерадиокорпорацияның ұлт рупорына айналғаны ақиқат. Бар ғаламның жаңалығы мен елдің мәселесін, келелі тақырып пен күрделі сұрақтарды да көтеретін орын осы. Халықтың үні.
Иә, халықтың үні. Қазақстан дауысы. Елге ақпарат таратып, салиқалы тақырып көтеріп, не көңілашар қызық дүрмек жасап, жаңалықтар жеткізуде де мұндағы журналистердің аянып қалмайтыны анық. Жиырма төрт сағат, жеті тәулік қызмет қылуға әзір. Тек күндізгі кезде емес, түнгі студияларда да, тек жұмыс күндері емес, таңшолпаны әлі көрініп тұрған сенбілік таңда да, кешкі бір сенбілік кездесуін ысырып қойып та, елдің бәрі "Бүгін — жексенбі" деп демалып жататын күні де осы мақсатта тер төгіп, еңбектенеді.
Бұл ұлт мүддесіндегі ардың ісі, намыс дода, қоғам бір рухтансын, серпіліс алсын деген биік меже.
Біз де осы қажыр мен ниетті көре отырып, ілтипатты көрермен ретінде оны бірге таңдаймыз. Ендеше бұл салада талмай еңбектеніп жүрген әйел бақыты мен ердің қуанышынің бір бөлігі осыған саятын шығар, бәлкім.
Болашақта осы биік үдені ұстап тұрып, бұдан асқар асуларды алатынына кәміл сенеміз. Бізге айтуға оңай, әрине…
Дыбыстау ісінің саңлақтары ішінде Ича мен Мадхубаланы дыбыстаушылар жүр. Сонда ол каналға осы Ұлттық арна аударып бере ме, сол жағы түсініксіз боп тұр.
бәлкім, аусорсинг,