Ет базарына барғанмын. Қолы қолына жұқпай ішектің мына шетін бір, ана шетін бір айналдырып тұрған жасы менімен шамалас сары келіншекке жақындап, алдындағы етті қарай бастадым. Жанында тұрған өзге сатушылардың:
— Ет алайық, ет алайық,-деп менің назарымды әбден бұрып әкеткісі келіп, қылғына айқайлағанда, мойындары жарты метірге дейін созылып кетеді екен. Дауысы дәл құлағымның түбінен естілгесін, жақтырмай қарап, одан сайын ерегісіп:
— Сізден аламын!-деп тапжылмай тұрып алдым. Менен күдер үзген өзге сатушылар өтіп бара жатқан өзгелерге қарай мойындарын соза бастады:
— Ет аламыз, еееет! Білегін жалаңаштап алған жігіт келіп, сүйектерді шауып көмектесе бастады. Жүзі таныс, жай ғана таныс емес болып шықты.
Мадияр! Иә, иә, Мадияр! Алғашқы махаббат демей-ақ қояйын, бірақ алғашқылардың алдыңғы буыны! Студент кезімде естеліктерді еске алғанда міндетті түрде жымиған жүзі көз алдымда көлбең етіп өтетін Мадияр! Ет сатушы келіншек әйелі-ау деймін, сұқ саусағымен жұп-жұмыр тығыршықтай белінен нұқып жіберіп:
— Былай тұршы, -деді. Еркектің әр жанасқанынан себеп, сезім іздеп тұратын әйел-көңіл жер талғамайды ғой, қан мен өлімнің иісі аңқыған (тура мағынасында) жерде де наздана қалды:
— Бүгіндікке сен өзі мені түрткіштеп жүрсің ғой,-деп әйелі қылмыңдап қоя берді. Жымиғанда, екі бетінің ұшында сүйкімді, әр беріп тұратын екі ойық пайда болады екен. Ұялғансып, ішекті айналдырып тұрған дымқыл саусақтарымен бетін басты сосын. Мадиярдың не деп жауап қайтарғанына мән бермедім. Бар ойымды мені таныды ма екен, байқады ма екен деген алаң басып алды. Атын атап, «Мен ғой, Жукамын!» десем, алдымдағы наздана жымиып тұрған толықша келіншек лезде ашу шақырып, қолындағы метр-метр малдың ішегімен қылғындырып тастауы мүмкін. Күйеуіне деген махаббаты әлі ыстық екенін көзқарасынан-ақ сезіп тұрмын. Уақыт созғым келіп тұрып алдым:
— Қай жақтың малы? Жас мал ма? Егер жақсы болса соғымға заказ беремін сізге.
Ақкөңіл келіншек екен, кекіріп қойып (етті көп жеп, асқазаны бұзылса керек, жиі-жиі кекіреді) сампылдап әңгімесін айтып жатыр, 10 жылдан бері ет сатумен айналысады екен.
— Телефон нөміріңізді беріңізші, жұмыстағы қыздарға айта жүрейін,-деп қоямын мен де, косметика немесе аксессуар алып тұрған кісіше кагбудто. Келіншек те тіпті ес қалмады, зу-зу етіп сөйлеп жатыр. Кенеттен шүйіркелесе кеткесін Мадиярда таңырқаушылық пайда болды-ау деймін, маған қарады. Мен де көзіне тіке қарадым. Таныды, бірақ сыр бермеді. Мен де ештеме дей алмадым. Бар әрекетімнің зая кеткенін амалсыз мойындауыма тура келді. Пакетке салынған ауыр етті бір иығыма қарай қисая көтеріп кетіп бара жаттым.
— Қыз-әй, хабарлас, если шо!-деп арқа тұсымнан жанындағы өзге әйелдерге қыр көрсете дауысын әндете құбылтып сөйлеп жатқан оның әйеліне ішімнен «Э, кетші-әй!» дедім.
Базар алдындағы таксиге отыра бергенім сол еді, есігін жауып жатсам ар жағынан ашып біреу асығыс мініп жатыр. Кім екен деп ойланып үлгермей жатып, Мадиярды көрдім. Жаныма отырып алды, үстінен қанның иісі шығады. Асығыс артымнан ергені көрініп тұр. Қолын да сүртпепті.
— Жука, менімен сөйлескің келді ғой. Ал, не айтасың?-деді. Сөздері де тым асығыс, тура, сиырдың бір омыртқасын көтере шауып келе жатқан әйелін көргендей сақтана қарады жан-жағына. Телефон нөмірімізді алмастық.
— Хабарласам,-деді.
Арада екі-үш өткесін өзім звондадым. Екі-үші қоңырау барғаннан кейін самбырлаған әйел дауысы шықты:
— Алло? Әй, Жұқан холодильник деген соғып жатыр, мә?-деді. Екі-үш секундтан кейін Мадиярдың дауысы естілді:
— Сосын өзім звондармын.
Телефонды қоя қойдым.
Түнде ұйықтап бара жатсам Мадияр өзі звондап тұр. Хабарласуға ыңғайлы уақыт таба алмай жүргенін айтып кешірім сұрады. Хал-жағдайымды, жеке өмірімдегі өзгерістерді сұрады. Әлі тұрмысқа шықпағаныма біраз алаңдап алды. Артық сөз айтпағасын, батылдық танытып өзім айттым:
— Үйге келіп кетуіңе болады, жалғыз тұрамын.
— Хабарласамын, — деді тағы. Баяғы әдеті сол, ешқашан нақтылап, нүктесін қойып сөйлемейді. Үнемі долбарлап сөйлеп, адамды күттіріп қояды.
Сенбі күні телефон шалып, келетінін айтты. Келді. Шай қайнаттым, әңгімені сол студент күндерден бастадық. Біраз күліп, шер тарқаттық. Ортақ достардың қызықтарын айта отырып, әңгіме өзімізге де келіп тірелді:
— Кешір,-деді сосын.
Мен де кешірім сұрадым.
Екеуіміз де балалық танытып бір-бірімізге қырсығып, арамызды алыстатып жібергенбіз. Салмақтылығы, салқынқандылығы әлі қалмаған. Артық сөз айтпады. Қолынан ұстадым сосын. Менің мінезім белгілі ғой оған. Қалап тұрғанымды еш жасырмастан айта аламын, білдіре аламын. Қолын ұстағанымнан-ақ менің ойымды сезді ол. Орынымнан тұрып, иығынан құшақтадым. Көзіме қарай жылжып кеткен шашымды құлағыма іліп қойды, сосын бетімнен сүйді. Еркектерден шығатын темекі иісіне араласқан иіссу мен аз мөлшердегі ішімдік иісі құмарлығымды оятады. Құшағымды қыса түстім.
Төсекте табыстық. Есейе келе тіпті салқынқанды болып кеткен. Бұрын төсекте тез қимылдап, құныға сүйісетін еді. Қазір өзгерген, бір рет сүйіп, содан соң ұзақ ойланып бетіме қарайтын әрекеті тіпті есімнен адастырды. Ол киімін шешіп болғанша, он рет өртеніп-суыдым. Ол тіпті асығар емес. Қол сағатының өзін аса ұқыптылықпен шешіп, столдың үстіне қою үшін орынынан тұрып кетуі дегеніңіз енді… Он тал шашым ағарып кеткендей күй кештім. Мені шешіндіремін деп тағы екі сағат отыратын шығар деген күдікпен өзім шешініп тастадым.
Ұзын бойына ет жинап, денесі шымырлана түскен. Қарулы құшағында өң мен түсті ажырата алмай, ойымды, бойымды өз еркіне жіберіп қоя бердім.
Түнімен жанымда болды. Ұйықтап кеткен екенмін, қолы тиіп кеткенде ояндым. Жанымда Мадиярдың жатқаны көңіліме жайлылық ұялатып, құшағына тығыла түстім. Таңға дейін әлі ерте екенін сездім де, оның денесін қытықтай сүйе бастадым… Таң атпаса екен тілек осындай тәтті кездерде ғана айтылатынын енді түсіндім.
Таңғы шайды бірге іштік. Асықпай отырысына қарап, әйелінің құлағына қытай лапшасын емес, малдың ас ішектерін іліп кеткенін айтқызбай сезіп отырмын.
Кетерде «Хабарласамын» деді тағы. Мен де «Қашан?» демедім.
Жука деген кім деп сұрайтындар көбейіп кетті. Админ болсам да білмеймін шынымен. тіпті қорқамын да бір күні «сайт админімен» деген шығып тұрса деп :) жалпы көп сияқты қорқатындар
Не деген жатқан батпан құйрықсың сен?! Неге жағдайы бар, жағдай жасап беретін біреудің постоянный партнеры болып алмайсың? Бірақ ондай жағдайы бар жағдай жасайтындар сендей уже жасарын жасап қалғанды қайтсін?! Просто осы жазғанның бәрі реально болса, обал екен…
Жігітінес, ол еркек болуы мүмкін емес, мүмкін қыз теке шығар, бырақ бұндай нәрсені әйел ғана жаза алады деп ойлаймын, әйелдік тұрғыдан подробно жазатын секілді. Осындай жәлептермен жатып жүрген еркектерде бас жоқ, бір сігіс үшін, неше түрлі жыныстық ауру ұстап жазылып жүреді сосын.
Жоқ, меніңше жазып отырған ер адам. Прикол ұстап.Орыстармен бірге өскен, бір «біткен» қыз осылай жазса, сенуге болар еді.Ал қазақ ортада өскен қыздың көрінгенмен жата салуы-нонсенс. Менталитетке келмейді.Ал ер адам күлкі үшін жазуы мүмкін, мұндай әдебиет көп ғой, солардан аударып және өзінің қиялынан бірдеме қосып. :):):):)
адамның ішінде әртүрлі оқырман отырады. Тіпті, ең тәртіпті ибалы деген екеуміз де осыны ұяла-ұяла оқып шықтық))))) енді тек бұзылып кетпеуіміз қалды))))))))) хихихи
құдай-ау "өте тәртіпті, ибалы" болғымыз келсе де күмән келтіріп… Жарайды маскамды шешіп, лақтырдым анау мусорға. Ал, қандай екенмін, осы саған керек пе?)))))))))))Адам өзі гигок болуға ұмытылып жүрсе)))))))))
Малика, біз екеуміз бәрібір аяй, ибалымыз. біздің жүріп өткен жолдардан тапталып қалған шөптердің өзі «бізді тәртіпті пенделер таптап өтті» деп мақтаныш қылады. Сөзіме сен;)
Ия, шамалы күдіктілеу. Дегенмен, оқырман үшін афффтрдың жынысы маңызды еместей көрінді. Себебі, осындай жазбаларды соңғы әрпіне дейін оқып шығуды осындағы әрбір нәпсі қалап тұратындай.
Кек — жақсы қасиет. Тоңазытқышта сақтап барып шығарсаң — аса тәтті…
п.с. Екеуің күшті тіл табысып отсыңдар ғо :)
бубық бубық *lol*
поһ! гигок!))
nostalgie