BlogCamp 2015 Жазғы мектептен естелік


Сонымен, Шымкентте, дәлірегі ОҚО, Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында 13-14 маусым күндері BlogCamp 2015 Жазғы мектеп өтті.
Мұның алдын, бес жыл қатарынан наурыз айында, атап айтқанда 2011-де Алматыда, 2012-де Астанада, 2013-де Шымкентте, 2014-де Қарағандыда және 2015-те Талдықорғанда БлогҚұрылтай өткен-ді. Мен ешқайсысына қатыспағанмын. Бірақ, білсем, бұл BlogCamp-2015 Жазғы мектеп өзіне дейінгі Блогжиындардан өзгеше болды.

Неліктен?
Біріншіден, әр қатысушы 10 мың теңге ақы төледі. Inspire Group компаниясы да демеушілік етті.Екіншіден, қандай да бір қатып қалған сценарий жоқ. Еркін формат. Спикерлердің блогинг, жаңа медиа тақырыбындағы презентациясын ала-қотан жайғасып, қажетінше тыңдап, пікір таластыру мүмкіндігі.
Үшіншіден, белсенді демалыс. Тауға шығады. Өзен жағалап, суға шомылады. Музыканың дауысын барынша қатты қойып, билейді. Түрлі командалық ойындар ұйымдастырады. Жаңа таныстар табады. Виртуал достарын реалда көреді. Тапшан үстіне жиналып, түрлі жобалары мен өзіне қызықты тақырыптарда әңгіме өрбітеді. Ал, әңгімеден идея туады. Білмегенін сұрайды. Білгенімен бөліседі. Демек, интернет, блогинг, жаңа медиа турасындағы білімін жетілдіреді. Және параллель таудың таза ауасында тынығады.
Блогкэмп үшін бұдан артық не керек?!
Ештеңе ;)






Спикерлердің презентациясы туралы бірер сөз...

Бірінші презентті Нұрлан Жанай жасады.

Тақырыбы: Әлеуметтік желілер мен блогтұғырларды тиімді қолдану
Қысқасы, интернеттен, соның ішінде әлеуметтік желі мен блогплатформалар арқылы тиын табу. Интернеттегі монетизация.
Спикердің не айтқанына тоқталмай-ақ қояйын. Өйткені, видео-блогингтің құрығын қолына ұстап жүрген Ұлықбек Әлиакбарұлы Нұрлан Жанайдың презентациясын ютубта жариялапты.
Келесі спикер: Дінмұхамед Зияддин

Тақырыбы: SMM: Күтпеген проблемалар және оларды шешу жолдары
Өзін классикалық SMM-мен айналысамын, деп таныстырған Димаштың бір айтқаны:
Ешқашан, ешқашан да парақшаға жазылған пікірді өшірмеңіздер, дегені болды.
Ресми түрде жауап беріп, ресми парақша атынан сөзталасқа түспеу керектігін қадап-қадап айтып тастады.
SMM-ді кері байланыс құралы, деп бірнеше рет қайталады.
SMM-ін жүргізіп отырған компанияға қатысты контент тапшы болғанда не амал жасауға болатыны жөнінде құпияларын айтып қойды. SMM-де жиі кездесетін қателіктерге тоқталды.
Димаштың аса пайдалы тақырыптағы презентациясының видеосы Ұлықбек Алиакбарұлының Бала Бүргем каналында
Үшінші спикер: Ұлықбек Әлиакбарұлы

Тақырыбы: YouTube-тағы каналды монетизацияға қоюдың оңтайлы жолдары
Опшым, Youtube видеохостингіндегі каналыңызға жариялаған видеолардан қаржылай пайда табу.
Спикер өз тәжірибесімен бөлісті.
Ютубқа дұрыс тіркелу мен видео жариялағанда нені ескеруден бастап, сол видеодан түсетін қаржылай табысты ақша түрінде шешіп алуға дейін түсіндірді.
Өте-мөте пайдалы презентация
Төртінші спикер: Жалғас Ертай

Тақырыбы: Журналистке интернетте мақаланы қалай жазбау керек
Спикер, алдымен, Қазақстанда журналистиканың бар, не жоқтығына тоқталып, Қазақстан журналистикасына баға берді. Журналистің басты міндеті — тек объектив ақпарат жеткізу дей келе, Қазнеттегі ақпараттық сайттар контентінің ту-талақайын шығарды. Пікірталасқа толы презент
Бесінші спикер: Аршат Ораз

Тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздік
Бүгінде «ақпаратты соғыс» дегеніңіздің қаупі: қолға кәдімгі қару алып, дұшпанға қорғасын оқ атудан да әрі болып кетті.
Тұтас бір мемлекеттер ақпараттық соғысқа шыдас бермей, сетінеп жатыр.
Міне, Аршаттың қозғаған тақырыбы да осы мәселе төңірегінде.
Ақпараттық соғыс "қаруларын" жеке-жеке таныстырып, талдады.
Ақпаратты шайнамаған күйі жұта салу мен тобырлық инстинкт хақында сөйледі.
Бұқара әуелде мүлдем қабылдамай келген нәрсеге сол бұқараның көзқарасын өзгерту турасындағы «Овертон теориясы» («Овертон терезесі») туралы әдемілеп әңгімеледі.
Қызықты деректер мен ғылыми түсініктемелерге толы презентацияның видеосы жоқ.
Ого, және бір спикер бар.
Ол — Әйгерім Кеулімжай

Тақырыбы: Мультимедиалық сервистер
Спикеріміз өзі иемденіп алған тапшанына күллі қызды жинап алып, аудиовидео-контент жасауға арналған программалардың жанын шығарды.








Осылайша, күтілген, онда да аса бір тағатсыздана күтілген BlogCamp-2015 Жазғы мектеп те өзінің бар сән-салтанатымен, атына заты сай кереметімен болды да кетті. Және мұнымен тоқтап қалмайды.
Жалғасады…


Өзім түсірген фотосурет жоқ. Сондықтан Әсел Ережепова, Асхат Шотаев, Данияр Алан, Шырақ Байкенова, Бижан Сәдібеков, Балғын Әділбаева достарымның түсірген фотосуреттерін постқа енгіздім :)
Ispek92 , дәл мына фотоның футболкасына hala madrid деп жазып берш, Димаш братыңа :)
дәмді палау болғанда, сәтті шешім-ақ еді
«Бәріміз қазақпыз, дұс па?» ғо))
осы Блогкемп 2015 Жазғы мектепке барғандар болып общий фотоға түспеппіз
ят-ай :(
сондықтан саған, Мерейлерге қатты ұнаған сияқты. былай, иә, маған да ұнады. маған басқаша форматы ұнады, бұл да енді салыстырмалы түрде басқаша не сияқты ғо әлгі :)
атмосфера пензесс ұнад
негізі тағы бір күн керек ед :)
енді бір он жыл өткеннен кейін AKY апам сестраға айналып кетіп, сол суреті үшін жаман болып жүрсе тағы :D:D:D