ШЫҒЫСТЫҢ ШОҚ ЖҰЛДЫЗЫ

Блог - Tore_baga: ШЫҒЫСТЫҢ ШОҚ ЖҰЛДЫЗЫБлог - Tore_baga: ШЫҒЫСТЫҢ ШОҚ ЖҰЛДЫЗЫ«Өткенге көз жүгірпей,
Болашаққа көз сала алмаймыз»
— (Әбу Насыр әл Фараби 870-950 жж.)
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов 1835 жылы Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Өзінің қысқа да ерекше жарқын өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізді. Ол 1865 жылдың сәуір айында Көшентоған сайында отызға да толмай қайтыс болды. Ғалымның сүйегі Алтынемел жотасының етегіне жерленген. Көрнекті қазақ ғалымы, ағартушы-демократ, тарихшы, этнограф және фольклоршы Шоқан Уалиханов есімі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен қоғамдық-ғылыми ой саласында көрнекті орын алады. Ол – қазақ даласына білім алудың, сауаттылықтың қажеттігі жөнінде прогрессивті идея таратып, орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуға игілікті роль атқарып, соның жолында ұланғайыр еңбек сіңірген өз халқының сүйікті перзенті. 1982 жылы Шоқан Уалихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесінің жарлығы бойынша жеке жобаның негізінде салынған, ал 1985 жылы қыркүйекте құрылыс толық біттіп, Шоқан Уалихановтың туғанына 150 жыл толуына орай салтанатты түрде ашылды.
Шоқан Уалихановтың 180 жылдық мерейтойына орай өткізілген экспедицияға Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жас Отан» жастар қанаты Алматы облыстық филиалының ұйытқысымен, Талдықорған қаласының жоғарғы және арнаулы оқу орындарының білімгерлері қатысты. Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылында жастарымыз Шоқан Уалихановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ш.Уалихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейіне кірді. «Алтынемел» музейінде жастарымызға Шоқан Уалихановтың өмірі жайлы экскурсия жүргізіліп, деректі фильм көрсетілді. Экскурсия соңында, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебінде жастармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Кербұлақ ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы Сарыбаев Төленді Оспайнжанұлы: «Шоқан Уалиханов 1864 жылы полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Содан Верный қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында тұрақтайды. Ескі өкпе ауруы қайта қозып, 1865 жылы қайтыс болған» — деп жастарға Шоқан Шыңғысұлының Жетісу өлкесіне қалай келгені жайлы айтып өтті. Жалғасы «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты концерттік кешімен жалғасты. Концерт барысында жастарға Шоқан Уалихановтың өмірінен үзінді көрініс қойылды. Жастарымыз қазақ ғалымы, ағартушы, тархшы Шоқан атамыз жайлы көптеген мағұлматтар алып, өткен ғасырға оралып қайтқандай сезімде болды.Блог - Tore_baga: ШЫҒЫСТЫҢ ШОҚ ЖҰЛДЫЗЫ
Бөлісу:

6 пікір

Daniar-Alan
Алғашқы жазба құтты болсын ал :)
Akniet
тоқтамай жаза беріңіз енді…
KerimAyankyzy
Тырнақалды жазбаңыз құтты болсын! Жазып тұрыңыз)