Амалдың лаулап Алауы!

… Озалдан биік нүкте дейді. Отпанды айтам да. "Әр халықтың өзінен биік көретін, құлдық ұратын шексіз Жаратушысына жақындай түспекке талпынарында бір зау биікті айырықша қастер тұтары бар еді — ау" дейді Әнуар ақын. Сол ғой… Осы ғой.

Блог - aza: Амалдың лаулап Алауы!
Бекболат Төлегеновтың фотосы

«Адай деген тек ру ғана емес, тұтас империя екен, тас түйін бірауызды болып отырған ел екен»
Тұрсын Жұртбай, Алаштанушы, ғалым

Тұрсын ағаның дуалы ауызынан шыққан сөзге ұйыдық. Разы болдық. «Бірлігің мықты екен», «ауызың бір екен» деген мақтауға кім қопаңдамасын, бөркіміз дағарадай болды. Күллі қазаққа керек нәрсе ғой. Бірлікті айтам да.
Григориан күнтізбесіндегі наурыздың 14 і арап жыл санауында Амал айының бірінші жұлдызы. Яғни, көктем айының алғашқысы Хамал. Ел қыстан аман есен өткеніне тәубе айтып, осы күні елең алаңнан бір бірімен құшақтасып, көрісіп, емен-жарқын қауышатын болған. Бұл жоралғының, әдемі әдеттің, тағылымды нышанның, ең бастысы бірлікті ту еткен ұлық мерекенің "қай кезде шыққанын, тіпті Әбіштің өзі білмейтін көрінеді." (!!!)

Бірақ, ғажабы сол, ол менің Әжемнің Әжесі жас кезінде болған. Оның Әжесі де көріскен. Демек бес енемізден бері қарай бар ғұрып. Тамаша. Үзілмеген. Жаңғыра түскен, айшықтала, айбындана түскен. Біз есейер шақта Маңғыстаудың азаматтары әңгімеңіздің әлқиссасында аталған Отпан Таудың басына Адай Ата кесенесін салу мұратын білдірді. Ауқымды жұмысқа Елбасы қолдау білдірді, сол кездегі облыс әкімі Қырымбек жүгіріп жүріп, оған елдің ат үстіндегі жігіттері тіреу боп Шаңқан Боз — Атамның Ақ Күмбезін көтерді де тастады.
Блог - aza: Амалдың лаулап Алауы!
Содан бері әр Амалда Отпанның етегінде Көрісу дәстүрі — иісі Қазаққа ортақ мерекеге айналардай-ақ керемет дәстүр өмірге келулі.

Биыл біз Астанадан бардық. Әлгінде «Адайдың ауызбірлігіне ауызым ашылды» деген Тұрсын Жұртбай Астанадан шыққан Қырықтың Бірі еді-ау…
Енді…
Мұңал ауылы — Сегіз Арыс Адайдың кішісі, өсіп, өнген, жапырағы жайылған ауыл. Биылғы Көрісуді ұйымдастырған, өткізген осы ауылдың азаматтары.
Ғажап!
Апырай дейсің де, анадай айлапат шаруаның ішінде жүріп еріксіз қысыласың. Ұяласың. Өкінесің… Сол Атаның баласы бола тұрып, осынау іске қол ұшын бере алмағаның жатады іште. Қонақпен бірге қонақ боп жүргеніңе өртеніп жүресің. Өңкей өндір құрақ ұшып, қызмет еткен сайын берекең кетеді… Мінсіз!

Жекелеген сезімдер:

Той, Ас секілді ел қызығы бәсекесіз бола ма. Мұңал Ата ұрпақтары өткізген Амал тойында Аламан Бәйге, Тай жарыс, Құнан жарыс, Түйе балуандар күресі, Ақындар мүшәйрасы өтті. Аламан бәйгеге 120 жүйрік, тай жарыс пен құнан жарысқа 40 ат қосылыпты. Осы екі жүзге жуық жануар 5 автокөлікті бөліске салыпты.
Ал, Түйе балуандар күресіне 70 ке жуық жігіттер қатысқан, Бас Бәйге бұл жерде де автокөлік болыпты.
Ақындар мүшәйрасына 40 ақын өлең жолдапты. Бас Бәйге алған азаматқа 300 000 теңге бұйырыпты…
… бәсекенің бәсіресі мен марапаты бұдан асып не болсын?!

Отпан таудың етегі Ақсарай, одан сәл түсе қалсаңыз Қара Шаңырақ. Қара Шаңырақ алдындағы алаңқайда 18 қанат 11 үй тігіліпті. Оң жағына алыстан келген мейман түсер 18 қанат 7 үй тігіліпті. Қара Шаңырақ тұрған дөңнің етегіне 6 қанат 13 үй тігіліпті… Мерекеге жиылған 20 мыңға таяу халықтың бәрін сол үйлердің алдында тұрған жас жігіттер шақырып, қонақ етіп, төрге шығарып ас ұсынып жатты. Баспалап әр үйге кіріп шықтым, бір абақта кірбің болсашы… Не деген пейіл анау?!
… қонақжайлық бұдан асып не болсын?!
Блог - aza: Амалдың лаулап Алауы!
Влад Ротмистровтың фотосы

Астанадан шыққан қырық кісінің бәрі сол Маңғыстаудың жасымен кездесуге, білгенімен бөлісуге құмар еді. Қазақтың сөзін ұстап жүрген мықтының біразы сол қырықтың ішінде еді. (Бұндай алқалы топтың қотарыла Маңғыстауға барғаны Әбіш Көкемнің 70 жылдық мерейтойында соңғы рет болған-ды...) Алайда, уақыт жетпеді ме, ұйымдастырушылар ескермеді ме, Маңғыстаудай шет кері жатқан өлкенің жас ұланы тәлім ап қалар жақсы әңгіме құрардай мүмкіндік болмады. Қонақ асы кезінде Жамбыл аға Артықбай шамырқанып айтты-ау облыс әкімінің орынбасарына: "Қарағым, 3000 шақырымды басып өтіп келгенімде қарын аштығынан келгем жоқ. Асқа да, ықыласқа да тойдық. Алыс жатқан елдің жасымен кездеспедік пе, сұрағы бар ма екен, тілегі бар ма екен, тыңдамадық па..."
… бауырмалдық пен жанашырлық бұдан өтіп не болсын?!
Блог - aza: Амалдың лаулап Алауы!

«Почти Адаймын ғой мен деген» деп Маңғыстауды ақ жүрегімен ақтарыла жақсы көріп жүретін жанның бірі Алшынбайдың Ерболы еді. «Көкмойнақтың үйірі» жырын тұтас жатқа соғатын, Есенғали Раушановты түгелімен ішіп алған мұндай құймақұлақ Маңғыстаудың өзінде шанда шанда кездесер… Мүшәйраның қорытындысында тұрып, "Әй, бірінші орын Асылбек Жаңбырбайдікі еді ғой" дегені…
… өкініш бұдан өтіп не болсын?!
Блог - aza: Амалдың лаулап Алауы!

Асты ұйымдастыру алқасы мықты жұмыс жасады. Жинақы. Жылдам. Ойластырлмаған ештеңе қалмаған десек те қателесе қоймасыпыз-ау… Танымайтын жігіттеріміз де болған шығар ұйымдастыру жағында жүрген, танитынымыз Әнуар ақын Бимағамбет, Бақтыбай итой Жайлау, Бекболат түрколог Төленгенлі — үшеуі еді. Адайда небір мырза, ақ көйлек жігіттер бар ғой. Солардың бірі Есмырза деген Тоқтамыс Жары шал-жігіт Бақтыбай мен Әнуарға «елге қылған қызметіңнен айналдым» деп ат мінгізулі…
… әй, Сақилық бұдан өтіп не болсын?!

Блог - aza: Амалдың лаулап Алауы!
Отпанның қарсы бетіндегі ат шабар алаңның құбыласындағы табиғи стадионның биігінде тұрып Ел.кз әлеуметтік желісінің шығарушы редакторы Жандос Байділдә "Әй, мынадай мереке, салтанат бір болса Сағынайдың асында ғана болған шығар..." деді…
… берілген баға бұдан асып не болсын?!
АА
16.03.2015
Астана-Ақтау-Отпан Тау-Ақтау-Астана
Бөлісу:

12 пікір

patick
Бір жасыңмен. Не ғо, кесене маякқа әдейі ұқсатып істелген бе, әлде жай мен солай ойлап тұрмын ба?
merekeee
Осы салт біздің батыста ғана сақталатыны қалай? «Бір жасыңмен» десең, түсінбейтіндер бар білем.
Мынау бір керемет шара болған екен, насихатын жақсартсақ, елдің әр түкпірінде ұйымдастырыла жатар.
Жыл құтты болсын!
Beytanis
Бұл салт бұрын алмағайып замандарда наурызды атап өту мүмкіндігі болмағандықтан, ағайындар бір-бірімен жолыға алмай, тура 22-наурызда емес, берірек 14-іне төс қағыстырып, көрісетіні содан.
bizbike
«Абай жолын» оқыңыз. Болғаны болған бүкіл елде, бірақ неге екені, сақталған жері аз болып тұр ғой. Жыл құтты болсын ал! Бізге дағдарыс жүрмейді дейсің!
ken
сол жерінен үзінді керек
zholantai
айырып тастаған пост болд, мынау, рахмет
aza
Наурыз Додаға қос жверин ба:)
buzau
Дурыс бага берилген осындай шаралар елдин ауызбирлигин ныгайтуга керек ак. Коп тукирсе кол болады деген, халыктын пейили кен гои.
aza
Керектегі постыңызды алсақ бола ма деп хабарласқан газеттер бар екен