Кестелітастағы Кестелі тастар
Қазақстанда тас және қола дәуірінде өмір сүрген тайпалардың қоныс орындары өте көп. Ерте дәуірдің өзінде қазіргі қазақ жеріне адамдардың қоныстанып, өмір сүргеніне Бестөбе, Бөріқазған, Маятас, Ботай тағы басқа қоныстары дәлел. Осы қоныс орындарынан археолог — ғалымдар қазба жұмыстарын жүргізгенде түрлі бұйымдар, тас құралдар, ыдыстар, құрал-саймандар тапты. Бұлардың барлығы ата қоныс Қазақстан жерінде сол дәуірде өмір сүрген адамдардың тұрмыс- тіршілігін көрсетеді. Мұндай қоныстар, таңбалы тастар қазақ жерінде жүздеп, мыңдап кездеседі.
Осындай ескерткіштің біріне ауылымыздағы Кестелітас петроглифі жатады.
Ескерткіштің орналасқан жері: Кестелітас қыстағы, Жаңатоған ауылынан 18 шақырым батысқа қарай орналасқан. (Қарқаралы ауданында). Қыстақтың атауы осы жердегі тасқа салынған суреттерге байланысты «Кестелітас» деп аталып кеткен. Тастардың орналасуы сол жердегі таудың етегіне қарай боздөңгелдің күнгей бетіне қараған. Тастардың жалпы саны отыздан астам, соның ішінде он бірінде суреттер сақталған, ал, қалғандары қазіргі жазулармен бүлінген.
Тастарда көшпенділір өмірінен көріністер келтірілген:
1. Жылқы жетектеген адам бейнесі;
2. Таутекелер;
3. Құлын ерткен бие;
4. Арба;
5. Сүзісіп жатқан таутекелер т.б. Суреттердің жартысынан көбі тастың күнгей бетіне салынған.
* Біріншіден, сурет салынған тастар тау тастарына мүлдем ұқсамайды, яғни метеорит тастар;
* Екіншіден, тасты — тасқа ұрғанда, басқа тастарға қарағанда өзгеше дыбыс шығарады. Мысалы, темірді темірге соққандай.
Таңбалы тастардың бұл сыры мынада болды:
* Біріншіден, тастың құрамында марганец көп болып, күнмен тотыққан, содан қара, әрі жылтыр тасқа айналған.
* Екіншіден, құрамында металдың көп болуына байланысты осындай дыбыс шығарғаны белгілі болды
.
Жалпы таңбалы тастар үңгір қабырғаларына, таулы жер тастарына түрлі белгілер арқылы бейнеленеді.
Кестелітас петролглифі осының ішіндегі ерекше мазмұнға ие болған тастарға жатады. Бұл ескерткіштер Неолит және Қола дәуірін қамтиы. Себебі: Неолит дәуірінде табиғи орта осы заманға бейімделді. Бұл кезеңнің басталуы V мыңжылдыққа тура келеді. Ол — тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезеңі.
Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді.Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Қола ғасырында Андровтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған.
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастың бетіне қатты да үшкір сынықтармен жануарлар, күн бейнелі адам суреттерін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Қазақстан — жартастағы суреттер — петроглифтердің саны және алуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі.
Осы бір уақытта Қазақстан жерін Арийлер мекендеген. Олар артына құнды мәдениет ескерткіштерін көптеп қалдырған. Олардың көпшілігі — жартаста салынған суреттер. Қола дәуірі петроглифтері арасында соғыс арбаларын бейнелеу де кең тараған. КЕСТЕЛІТАС петроглифінде соғыс арбасының он шақты түрі ғана, көбі қазіргі жазулармен өшіріліп қалған. Арийлердің негізгі бөлігі ата — жұртында қалып "сақтар" деген атаумен әлемге белгілі болды.
ЗЕРТТЕЛУІ: Андронов мәдениеті қамтылған Орталық Қазақстан жерін көп зерттеген ғалымдардың бірі -Ә. Х. Марғұлан. Сол зерттеулердің кезінде Жаңатоған өңірінен саны 10 — нан астам ескерткештерді өз күнделігіне түртіп алған. Бұлардың ішінде ең көрнектісі Кестелітас петроглифі болды. Ал, 70 — жылдардың бас кезінде ҚарМу — ден арнайы экспедиция келген. Осы экспедицияның құрамында Жауынбаев Сағындық Ұбайұлы болған. Кестелітас петроглифі сол кездің өзінен — ақ бүліне бастаған. В.А. Новоженовтың Петроглифі «Сары Арки» деген еңбегінде Кестелітас петроглифінің фотосуреттері келтірілген.
Неолит (V — III мыңжылдық) Неолит дәуірінде бұрын болмаған экономикалық өрлеу басталады. Қыш ыдыстар дүниеге келеді.
Ана беделінің өскен кезі. Табиғи орта осы заманға бейімделеді. Кестелітастың құрамында марганеці бар тасы күнмен тотығып, өзіндік қалыптасу процесін жүргізген. Тас тек тотығу процесінің нәтижесінде қара әрі жылтыр тасқа айналған. Бұл жерде яғни тастың осылай қалыптасуына табиғаттың рөлі зор.
Қола (II — I мыңжылдық) Мыс + Қалайы = Қола.Қола дәуірінің ең басты ерекшелігі — түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі. Көшпелі мал шаруашылығы өркендеп, әке билігі орнады.
Осы дәуірде Кестелітасқа қарапайым суреттер салына бастады. Қарапайым демекші, жылқы, таутеке және адам бейнесі сызықтармен салынған.
Сақ (Б.Э.Д. VIII — IV ғ.ғ.) Бұл дәуірде Кестелітас петроглифіне жаңадан суреттер қосылып, толыққан. Осы кездегі таутеке, жылқы суреттері ерекше компазицияға ие болды. Және бір ерекшелігі шошақ бөрікті адам суретінің болуы. Адам бейнесінің осы суреті тиграхауда сақтарын еске түсіреді. Сақтардың негізгі үш тобы ( парадарайы, тихрахауда, хаумаварга) мектеп бағдарламасынан белгілі және жиі қоныстанған жері, яғни өзіндік территориясы болды.
Міне, осылай қолымдағы мәліметтермен Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы өңірінде орналасқан Кестелітас петроглифінің тарихына байланысты кішігірім зерттеу мен болжамдарды ұсынып отырмын.

Мектеп оқушысы кезімде сол жерге отбасымызбан арнайы барып, көріп қайтқан едік. Тастары біз көріп жүрген жай тастар емес, ерекше тастар. Пішіндері де әр түрлі. Жұмыртқа тәріздес, кейбірі сүйір жағымен жерге қадалып қалған. Кейбірі теп — тегіс, жып — жылтыр. Тырнағыңды үйкелесең, жоқ қылады екен.) Ол жерді қаншама ғалымдар, тарихшылыр зерттеген. Тарих пәнінен беретін ұстазымыз да арнайы зерттеу жасапты.Сонымен, таңбалы тастарды көре отырып бізбен қоса ұстазымызды таңғалдырған не болды екен?
* Біріншіден, сурет салынған тастар тау тастарына мүлдем ұқсамайды, яғни метеорит тастар;
* Екіншіден, тасты — тасқа ұрғанда, басқа тастарға қарағанда өзгеше дыбыс шығарады. Мысалы, темірді темірге соққандай.
Таңбалы тастардың бұл сыры мынада болды:
* Біріншіден, тастың құрамында марганец көп болып, күнмен тотыққан, содан қара, әрі жылтыр тасқа айналған.
* Екіншіден, құрамында металдың көп болуына байланысты осындай дыбыс шығарғаны белгілі болды
.
Жалпы таңбалы тастар үңгір қабырғаларына, таулы жер тастарына түрлі белгілер арқылы бейнеленеді.
Кестелітас петролглифі осының ішіндегі ерекше мазмұнға ие болған тастарға жатады. Бұл ескерткіштер Неолит және Қола дәуірін қамтиы. Себебі: Неолит дәуірінде табиғи орта осы заманға бейімделді. Бұл кезеңнің басталуы V мыңжылдыққа тура келеді. Ол — тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезеңі.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500 — ден аса неолиттік және энолиттік ескерткіштер бар, бірақ олардың басым көпшілігі ішнара ғана зерттелген.Б.Э.Д. II жылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайлыны қосу арқылы металл беріктігін күшейтеді.
Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді.Қазақстан жерін мекендеген тайпалар Қола ғасырында Андровтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер (мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған.
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастың бетіне қатты да үшкір сынықтармен жануарлар, күн бейнелі адам суреттерін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Қазақстан — жартастағы суреттер — петроглифтердің саны және алуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі.
Осы бір уақытта Қазақстан жерін Арийлер мекендеген. Олар артына құнды мәдениет ескерткіштерін көптеп қалдырған. Олардың көпшілігі — жартаста салынған суреттер. Қола дәуірі петроглифтері арасында соғыс арбаларын бейнелеу де кең тараған. КЕСТЕЛІТАС петроглифінде соғыс арбасының он шақты түрі ғана, көбі қазіргі жазулармен өшіріліп қалған. Арийлердің негізгі бөлігі ата — жұртында қалып "сақтар" деген атаумен әлемге белгілі болды.
ЗЕРТТЕЛУІ: Андронов мәдениеті қамтылған Орталық Қазақстан жерін көп зерттеген ғалымдардың бірі -Ә. Х. Марғұлан. Сол зерттеулердің кезінде Жаңатоған өңірінен саны 10 — нан астам ескерткештерді өз күнделігіне түртіп алған. Бұлардың ішінде ең көрнектісі Кестелітас петроглифі болды. Ал, 70 — жылдардың бас кезінде ҚарМу — ден арнайы экспедиция келген. Осы экспедицияның құрамында Жауынбаев Сағындық Ұбайұлы болған. Кестелітас петроглифі сол кездің өзінен — ақ бүліне бастаған. В.А. Новоженовтың Петроглифі «Сары Арки» деген еңбегінде Кестелітас петроглифінің фотосуреттері келтірілген.
Ендігі, бұл жерде не себепті неолит, қола және сақ дәуірлерін Кестелітас петроглифінің көлемінде тоқтала кеттім? Осы сұраққа жауап ретінде төмендегі болжамдарды ұсынамын:

4 пікір