Әулие Валентин күнін тойлау керек пе?
14 ақпан. Қызыл раушан, шоколад, ашық хаттар. Бұл күн- саудагерлердің қалтасын қылыңдататын, түрлі тосын сыйлар мен романтикаға толы күн.
Әулие Валентиннің кім екенін білмесек те, қызылды-жасылды ашық хаттарды таратуға құмар-ақпыз. Жүрекшелерді құрбыларымызға қарағанда көбірек алсақ, мәз болып өзімізден бақытты адам жоқтай сезінеміз. Әулие Валентин кім? Бұл күннің шығу тарихы қандай біле жүргеніміз артық болмас. Валентин туралы аңыздар көп. Алайда кең тарағаны: ерте заманда, дәлірек айтқанда 469 жылы Рим императоры Геласиустың жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин күні» деп жарияланады. Бұған себеп: әлгі опасыз оңбаған Валентиннің отанын қорғаудан қашып, әскерге бармау үшін үйленетіндердің некесін жасырын қиып, «қиналғандарға» «қол ұшын берген» «ерлігі» әшкереленіп, басы шабылған осы күнді әспеттеу болса керек. Қарап отырсақ, Валентиннің діннен безген арсыз екені анық аңғарылады.
Исламның қағидаларында өзге діннің әдет-ғұрыпын орындап, мейрамдарын тойлауға қатаң тыйым салынған. Ал Әулие Валентин күнін мерекелеп жүргендердің көбісі оны «ғашықтар күні» деп қана ойлайтыны рас. Расында, ол – католиктердің діни мерекесі болып табылады. Сонда, ол күнді тойлап жүрген қазағың мұсылман ба, әлде католик пе? Әрине, мен бүгінгі көпшілік жастарымызға күйе жағудан аулақпын. Сөйтсе де, нағыз қазақы махаббат мейрамы болып саналатын Қозы Көрпеш — Баян сұлу күнінің әулие-сымақ Валентин күнінен төмен тұрғандығына таң қаламын.
Бір жағынан, дәл осы күні жастар бір-біріне ыстық сезімдерін білдіріп, ара-қатынастарын нығайта түседі. Дәл осы күні кішігірім елеусіз әрекеттерге көп көңіл бөлініп, адамдар бір-біріне қуаныш нұрын сыйлайды. Махаббат- асыл қасиет, асқақ мұрат, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезім, ғажайып әлемге бастар алтын көпір. Ал бұл мейрамды тойлау тойламау өз еріктеріңізде.
Автор: Мунтиева Аида

Пысы: Бес жасар дегеніме ренжімеңіз, он бес жасар дегім келген негізі))))))))))
басқа жол жоқ па?))
Есімде, сыныпта жүгіріп ойнайтынбыз. Сонда жырық-жырық еденге мән бермейтінбіз. Кейбіреулері сүрініп құлайтын. Сыныптың бейшаралығына қарамастан әзіліміз жарасатын, сабағымыз жақсы өтетін. Болашаққа үмітпен қарайтын едік. Мұғалімдер кешігетін болса, екінші қабатқа баруға тырысатынбыз. Мұғалімдер кеңсесі орналасқан қабат әдемі болатын. Линолеумді басатынбыз. Марқұм Ленин атамнан қалған мектеп еді.
Бізге де тамақ беретін. Әке-шешеміз ай сайын ақшасын төлейтін. Бұзақылар қоңырау болысымен-ақ ерте қашып шығып, асханада жайылған дастархандағы (стол үстіндегі) бір пирожкиді қалтасына тығып, екіншісін ішіне тығып, үшіншісін қолына ұстап келетін. «Мәә, бір тістейінші» деп жақындаған кезде әлгі бала пирожкиді тілімен салаң еткізіп жалап жіберетін. Сөйтіп, тырқ-тырқ мәз болатын. Қожадан да жақсы тырқылдайтын.
Гардеробта, әлбетте, гардоб та жаратын кездер болды. Әлгі неменің Абатовы бір күні менің курткамды киіп кетіпті. Бақылау жұмысын кім ерте тапсырса, сол бірінші қайтатын. Қыстың күні. Кешкі алтылар шамасы болатын. Шүкір, әйтеуір, Абатов (кейінірек Бұхаров болды) мектепке қайтып келді. Үйі мектептің қасында болатын. Әбдіразақовтың да үйі жақын еді. Бір күні Наурызбаев есепті бірінші шығарып, ерте қайтып кетті. Сыныптағы отызға жуық оқушының арасында қабілеті жақсысы сол еді, шырағым. Екінші боп мен қайттым. Әлбетте, есептің шығарылу нұсқасын Сәуле апай мен Азаматтың өзара әңгімесінен естіп алдым, құлағым жақсы еститін. Қазір ондай қатты естімейді. Үшінші боп Дамир қайтқан кезде жолдағы сымға мойнын жырып алды. Қараңғылау болатын. Ол үйіне асығып жүгірген ғой. Қасқа еді. Қазір ол Астанада тұрып жатыр, көшіп кеткен. Көріп жатсаң, сәлем айтсаң болады. Бірақ қала деген үлкен ғой, бір-бірлеріңді көрмейтін шығарсыңдар. Сонда да дегенім ғой. Біздің ауыл Астана сияқты үлкен емес. Дегенмен, ауылдағы мектепте алғаш рет информатика кабинетінде Агентке кіріп үйрендік.
Ол кезде Яндекспен іздейтінбіз. Дауңглоуыд Мастермен файлдарды жүктеп үйренген едім 10-сыныпта. Әсіресе, жүктеп жатып, арасында паузаға басып қоюға болатын еді. Сол кездері информатика кабинетіне көбінесе жақсы оқитындар жиналатын. Олар Алматының, Талғардың, Арқалықтың, Майлыбаштың қыздарына запрос жіберіп, танысып, ақақу-сақақу болатын. Ал мен қазақ боп туған соң ба, Мәскеудегі князьдердің қыздарына запрос тастайтынмын. Наташа, Катя, Аня деген қыздармен орыс сериалдарын талқылайтынбыз. Кейінірек kzmzregion деген сайттан емпіүштерді жүктей бастадым. Жақсы сайт болатын.
9-10-сыныпта дышыда бесінші-алтыншы боп тұруға жақындап едім. Сапты айтам. Ал 11-сыныпта ең соңынан бір-ақ шықтым. Күлме, есесіне, қыздардың бәрінен бірінші боп тұратынмын. Менен кейін Хамитова дейтін сәбіз жейтін ұзын қыз тұратын сапта. Дышының сабын айтам, күректің сабы емес. Көктем келгенде көбінесе бәлебол ойнайтынбыз. Мен қасқаның бойым қысқа, пионербол ойнағанды ұнататынмын. Рахат еді, сол жаққа қарай жүгіріп барасың да, оң жаққа қарай тастай саласың. Әдебиеттен екі алған сыныптастар аң-таң болатын. Ал арқанға тартыла алмайтынмын. Көбінесе бойы ұзын жігіттер паталокқа дейін жететін. Жаз жақындағанда шаң-шаң боп поляда футбол ойнайтынбыз. Күн ыстық боп жанып тұратын. Біздің ауылдың ыстығы басқаша. Без газа болатын. Без алкоголя. Ыстық өтетін бастан да, сол жерден де. Ал Ысықтар біздің жақта жоқ, өкінішке керей.
Жалпы, қойған сұрағыңа жартылай болса да жауап жаздым. Тағы да қоямын десең, толығырақ жауап беруге тырысармын.
маған журналисттер керееееек))