Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды

Сәуір айында 5-маусымы басталатын Тақтардың ойыны сериалының биылғы алғашқы суреттері жарияланды.
АБАЙЛАҢЫЗ: Спойлер болуы мүмкін!!!

Дейенерис Таргариен

Серсея және Мерин Трэнт — Король гвардиясының мүшесі

Тормунд Дәу Өлімі — тағы, Манс Шапқыншының адамдарының бірі

Арья Старк көйлек киген қыз болады деген ақпарат болған екен, бірақ олай болмайтын сияқты

Томмен Баратеон – Король Роберт Баратеон мен Серсея Ланнистердің кіші ұлы, бірақ биологиялық әкесі әрине Джейме Ланнистер

Мелисандра — сиқыршы, Асшай көлеңкелерінің дуалаушысы, Станнис Баратеонның кеңесшісі.

Бриенна Тарт пен Подрик Пейннің сапарлары әлі жалғасатын сияқты

Маргери Тиррел мен Серсея Ланнистер

Әлсіздердің қорғаны, залымдардың жауы — Хай Спэрроу

Доран Мартелл — Дорн принці, Күн Найзасының лорды, Дорнның бас лорды және билеушісі

Эллария Сэнд — өткен маусымда Тау өлтірген Оберин Мартеллдің көңілдесі және Арео Хотах — Доран Мартеллдің күзет басшысы (жаңа кейіпкер)

Джон Сноу, Станнис Баратеон және Давос Сиворт

Санса Старк пен Шынашақ

Миссандея мен Сұр Құрт

Өрмекші лақапты Варис және Тирион Ланнистер

Русе Болтон, оның бастарды Рамси Болтон және Семіз Уолда Фрей (Русе Болтанның әйелі)

Серсея мен Джейме

Сериалдағы оқиға жеті патшалық арасындағы таласқа құрылған. Кек, билікке ұмтылу.
Екі әлем бар. Жабайылар әлемі мен жабайылардан қорқатын, үрейленетін әлем. Бұл екі әлемді мұз қабырға бөліп тұр. Жабайылар әлемі сол қабырғадан өтіп, екінші әлемді жаулап алғысы келеді. Ал, екінші әлем осы жабайыларға қарсы күресуді былай қойып, таққа келу үшін өзара қырқысып жатыр.
Қазір кітабында как раз 4-ші маусымынан кейінгі оқиғаларды оқып жатырмын. Шынын айту керек, сериал ұзарған сайын түпнұсқадан біршама алыстап барады. Сюжетте ғана емес, кейіпкерлердің де айырмашылықтары жетерлік. Мысалы:
1. Томмен Баратеон кітапта томпақтау, жылауық бала деп сипатталады. Сериалда керісінше арық.
2. Доран Мартелл кітапта семіз, аурушаң, өздігінен жүре алмайтын адам. Сосын қорқақтау, шешім қабылдай алмай ұзақ ойланады. Ал сериалда жауынгер кейпінде болатын сияқты.
3. Подриктің кітаптағы жасы 12-13. Сериалдағы түріне қарап жиырмада дерсің.
Жалпы кітап пен сериалдағы кейіпкерлердің жастары сәйкеспейді. Мысалы, Нед Старк 35- те, Серсеяның жасы 24-25-те болған.
монитордан ұзақ кітап оқу қиын маған
кітабын алып, не мәтінін печаттап алып оқымасам