СЕН-

Тірегі-мұң (көргенімнің)
Шаттығымның, күлкімнің,
Естілмеп ед жерден үнім,
Аспан жақтан күрсіндің.

Ойым-ойран, күйреп көңіл,
Бақ достасып сорыммен.
Құлауды да үйретті өмір,
Жыламастай болып ем.

Өткеніме тақпай мін көп,
Тарап тұрмын кекілін.
Сені тағы ақтаймын деп,
Өлеңіңді оқыдым.

Дұрыс болар ұғысқаным,
Күтіп жүрмін күнді ұлы.
Көңілімнің хрусталін,
Сатқындығың сындырды.

Ұмытамын! (Жоқ кедергі)
Сүйетінім-бар кінәм.
Жерден іздеп Көкке жолды,
Қиялыммен қаңғырам.

Менің мұнда көрерімнің,
Бәрі жалған, соны ұқтым.
Саған жазған Өлеңімнің,
Киесінен қорықтым.

Жерге мені қалдырдың да,
Аспан жақтан күрсіндің.
Өзіңді емес, барлығын да,
Ұмыттырған кімсің? К і М?

Əлия Іңкəрбек
Бөлісу:

6 пікір

MERmukhanov
Саған жазған Өлеңімнің,
Киесінен қорықтым.
че???))))) как глубокомысленно, божеш ты мой

былай тәуір өлең
Ispek92
Сатыбалды мырза айта жатар, өлеңді бағалай алмайды екем, бірақ Реал Мадрид ең мықты клуб!
Beytanis
Естадио Висенте Калдерон. Атлетико 4:0 Реал.
Ispek92
Ниче, қайда аспаннан түсетін болады, Барселона да 7-0 есебімен ұтылғанда дүние тіршілігін жалғастыра берді емес пе?))
Beytanis
Естадио Камп Ноу. Барса 3:0 Реал. Атлетико мен Барсадан сен айтпақшы 7:0 болып ұтылып, дүние тіршілігін жалғастырады. ))))))))))))))))))))))