Мобильді дәуір "мәдениеті"
Автобус. Кешқұрым. Сығылысқан халық. Көпшілігінің жүйкесі тозығы жеткен автобустың ходовкасындай. Болмашы ақауға «мінез» көрсетуге дайын тұр.
— Әй, жігітім, сен тіпті маған жатып алдың ғой.
— Сөмкеңді әрі тартшы… Былай тұр… Әрі кет…
Осы кезде «Мария Магдалена. О-о-о-оу. Чип-чип-чип» деген өлең автобустағыларды елең еткізді. Мұндайда әдеттегіден де жүйкеге ауыр тиеді екен. Ендігі сәтте осы рингтон иесінің дауысы да естілді.
— Привет, Жанка. Жақсы, өзің қалайсың? Бағана жұмыстағы халявный нөмерден звондап едім, трубкаңды алмай қойдың.
Мына сары шикі қыз қысылар емес. Өз үйінде отырғандай. «Автобуста кетіп барам» деп әңгімесін ары қарай жалғады. Біреудің әңгімесіне құлақ салу жақсы әдет емес. Бірақ дәл құлағыңның түбінде тұрып алып, саңқылдап тұрса, қайтіп тыңдамасқа. Осылайша автобустағылардың барлығы әлдебір су тасымалдаумен айналысатын компанияның түгел бір бөлімше қызметкерлері туралы «ақпаратты» еріксіз тыңдады. Әңгіме ары қарай телефон иесінің жігітіне ойысты. Әлгі жігіттің шешесі де, апайы да оңбаған екен-мыс.
Егер қоғамдық көлікке мінген болсаңыз, мұндай «приват» сырдың талайын тыңдаған шығарсыз. Автобуста мобильді мәдениеттің тағы бір өкілдері бар. Олар құлаққабын киіп алып, мыңқиып тұра береді. Ал сіз олардың діңкеңді құртатын «дыкс, дыксын» тыңдап тұрасыз. Осындай тарс-тұрс музыканы тыңдап тұрып, қалай бедірейіп тұра беретініне таңым бар.
Құлағына құлаққап кигендерді кондуктор апай «зомбилер» дейді
Үйден шығып Астана қ. вокзалына жеткенше телефонға телмірген жұртты көріп, мобильді дәуір мәдениеті қалыптаса бастаған ба деген ой келді.
әркімнің өз телефоны, өз әңгімесі бар
connecting people?..
жасы да, жасамысы да бұл трендтен қалыспайды
Қыз бен жігіттің қатар отырып, әрқайсы өз телефонына шұқиғаны қызық екен. Мүмкін олар бір-бірімен сөйлесіп отырған болар. Мына ортадағы жігітте ғана телефон жоқ деп ойларсыз?
қателесесіз, бұл жігіт мана телефонмен сөйлесіп алған)
Жаныңыздағы адамдардың телефоны мезі ететін кездер жиі болады. Жиналыста, сабақта, театрда, кинода, тіпті моншада телефон соғып отырған адамды да көргенім бар. Әсіресе театрға барғанда алдыңдағы әртіске емес, қолыңдағы телефонына қарап, өзінің селфиін жасап әуреге түскен адамдардың бейшараларығына күйінесің.
ҚР Инвестиция және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті 01.12.204 жылдан бастап нөмірі тіркелмеген абонентерге қызмет көрсетуді тоқтату туралы талап қойды. Енді мәдениет министрлігі абонеттерге ұялы телефонмен қоса «қоғамдық орындарда телефонмен сөйлесу ережесін» де ұсынатын болса, мәдениетіміз жоғарылап қала ма, кім білсін. Мұндай бұйрыққа қол қойған министрдің өзі де сынға ұшырамас па еді…
амалым қаншааа, амалыыым… (сурет tengrinews.kz/article/211/ сайтынан алынды)
Р.С-ы (білмейтіндер болса, біле жүрсін): Мобильді этикет ережелері:

- Кез-келген адам мобильді телефонын еркін пайдалануға құқылы, алайда ол сөйлесу арқылы басқа адамдардың құқығын шектемеуі тиіс;
- спектакльде, киносеанстарда, концерттерде, музейде, көрме залдарында, салтанатты жиындарда телефон дыбыссыз режимге қойылуы қажет;
- іскерлік кездесулерде, жиналыстарда, лекция кезінде ;) телефон өшірілуі немесе дыбыссыз режимге қойылуы тиіс;
- Егер қоғамдық орындарда хабарлама жазсаңыз, пернелердің дыбысын өшіріңіз;
- Қоғамдық орындарда (кафе, мейрамхана, дүкен, қоғамдық көлікте) мобильді телефон сигналын орташа деңгейге қойыңыз;
- Рингтон таңдағанда оның дауысы сізден басқа адамдарға да естілетінін ескеріңіз;
- Қоғамдық орындарда телефонмен сөйлескенде мүмкіндігінше ақырын сөйлесуге тырысыңыз. Естілмейді деп алаңдасаңыз, телефон баптауларын шұқылап көріңіз;
- Егер көпшілік орындарда бір қоңырауды өзіңізге белгілі себептермен қабылдамайтын болсаңыз, дауысын басып қойыңыз; біреулеріңіз үшін бұл ереже күлкілі болар, бірақ менің таныстарымның арасында телефонының шырқыраған дауысын міз бақпастан елемейтіндер бар))
- Селфи жасағанда кадрға басқа адамдар түсетін болса, оларға да бір ескерткеніңіз, рұқсатын алңаныңыз жөн;
- Бір адамға қоңырау шалғанда, ол телефон тұтқасын көтермесе, қайта қайта теріп, мазасын алмаңыз. Абонент телефонын алғанда, қалыс қалған қоңыраулардан сіздің нөміріңізді көріп (қажет болса), өзі хабарласады.
- Жұмыс мәселесі бойынша жұмыстан тыс уақытта, мерекелерде, демалыстарда хабарласпаған жөн. Ал жеке мәселелер бойынша таңғы 9 – кешкі 22 сағат аралығында еркін қоңырау соғуыңызға болады.
- Радиобайланыс жаныңыздағы адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдайдарда (ұшақта, медициналық, операциялық кешендерде), телефоныңызды өшіріп қойыңыз.
6
Рептен гөрі ойтолғау дер едім. Онда да жауыр болған тақырыпта. Соңғы фотоның кіріктірілуін тіпті ақтай алмадыңыз.