Артур Нығметов «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық Саясат Институты директорының штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Институттың жобалау істері бойынша тәуелсіз кеңестер беру — А.Нығметовтың негізгі міндеттеріне кіреді.
Артур Нығметов — публицист, саясаттанушы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, Мәскеу саяси зерттеулер мектебінің түлегі. Швециядағы SIPU International (Стокгольм, 2008) мемлекет және жерглікті басқару институты мен Конрад Аденауэр Қорында (Берлин, 2012) сынақтан өткен. 2008 — 2012 жылдар аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚтарда журналист және редактор қызметтерін атқарған. «Назарбаев Орталығында» бас сарапшы болған. Соғыс және бейбітшілік тақырыптарындағы IWPR Британ Институты басылымында, Ресейлік экстремал журналистика бағытындағы «Оазис» Интернет-журналында, «Новая газета — Казахстан» газетінде, «Астана» журналында мақалалары жарық көрген. Жыл сайынғы «Халық қалаулысы» сыйлығының "Үздік публицист" номинациясы бойынша 2012 жылдың лауреаты. 2014 жылдан
бері «Smart Advice» коммуникациялық тобының басқарушы серіктесі.

Ал, «новая газета»-да мақалалары жарық көрсе, онда құрмет.
Жаңа қызметінде сәттілік!