Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Шамамен он бес мыңнан астам тұрғыны бар Зайсан қаласында жүзге жуық сауда үйлері мен дүкендер бар. Халыққа қажетті заттың бәрі сатылатын сол сауда үйлерінің бірі — "Қара Ертіс". Жерлестері «Жекен аға» деп атап кеткен Жеңісбек Кәрібаев сауда үйін ғана емес, өзінің "Қара Ертіс" деп аталатын мал шаруа қожалығын да басқарады. Бір емес, екі кәсіптің басын ұстап келе жатқан кәсіпкермен кәсіпкерлікте жетістікке жету жолдары және оның қиыншылықтары туралы әңгіме өрбіттік.

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

– Жеңісбек ата, кез келген Зайсан тұрғынын тоқтатып, Сіз туралы сұрар болсам, көп ойланбастан жауап беретініне сенімдімін. Көпшілік Сізді ғана емес, ата-бабаларыңыз туралы да жақсы біледі. Тіпті мал шаруашылығын қолға алуыңызды ата-бабаларыңыздың өмір жолымен байланыстыратындар бар. Бұл қаншалықты рас?

– Менің атам Кәрібай халық жауы атанып, 1930 жылдың 29 қазанында тұтқындалған екен. Оны Зайсан түрмесінде бір жыл ұстап, кейін Қарқаралы түрмесіне жібереді. 1933 жылы туған жеріне аман-есен оралып, арада бір жыл өтпей қайтадан «халық жауы» атанып, ату жазасына кесіледі. Сонымен қатар жеке меншік жерін тартып алып, 1000 жылқы, 2000 ұсақ малын кәмпескеленген. Оның жеті қызы және Қалихан, Қаламитан деген екі ұлы болады. Менің апам Шой ұрпағын аман алып қалу үшін жеті қызын жеті туысына тапсырып, үлкен ұлы Қаламитанды алтын өндіретін тауда жұмыс істейтін таныстарына қалдырып, кіші ұлы Қаламитанды алып Қытайға кетеді. Олар арада үш-төрт жыл өткеннен кейін туған жеріне қайтып оралады. Мен сол зұлмат жылдары елде қалған Қалиханның ұлымын. Әкемнің көзіне жас ала айтып отыратын әңгімелерін естігенде өзіме іштей «Ата-бабам аманат еткен жерді қайтып алып, төрт түлігін түлетіп, жауда кеткен кегімді алам!» деген серт бердім. Жаңағы оқиғалардың бәрі Қара Ертістің бойында өткен еді. Кейін сауда үйін де, шаруақожалықты да қайғы мен қасіреттің түр-түрін көрген Қара Ертістің атымен атадым.

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

– Мал шаруақожалығы мен сауда үйінің ашылуы туралы толығырақ айтып өтсеңіз...
– 1970 жылы Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, Зайсан ауданына қайтып оралдым. 1977 жылы мектеп қабырғасында тарих пәнінен сабақ бере жүріп, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болдым. Кейін Өскемендегі сауда кооперативтік техникумын бітіріп, 1979-1991 жылдар аралығында Зайсан ауданы Сауда мекемелерінің басшысы қызметін атқардым. Қандай қызметте жүрсем де әкем айтқан әңгімелер мен өз-өзіме берген серт ой-санамнан шықпады. Ақыры тәуекел етіп, 1996 жылы Қалбатаудан жиырмаға жуық асыл тұқымды байыс қойлары мен бес-алты бас ақсарбас сиырын алып келіп, мал шаруақожалығын қолға алдым. Ол кезде өзіміздің шағын дүкеніміз болған еді. Жинаған қаражатқа бұрын бабаларымның еншісінде болған «Ақжон» жайылымдық жерін сатып алдым. Ал сауда үйі 2003 жылы ашылды. Қазір бас-аяғы қырықтан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз.

– 2005 жылы Зайсан ауданы бойынша алғашқы адам болып «Ерен еңбегі үшін» медалін алған екенсіз. Ағымдағы, яғни 2014 жылдың тамыз айында өткен облысаралық мал шаруашылық көрмесінде бірінші орын алдыңыз. Еткен еңбегіңіздің жемісін көріп, лайықты бағасын алғанда көңіліңіз бір марқайып қалатын шығар?
– Еңбегіңнің еленгені жақсы, бірақ мен үшін ең бастысы ата-бабамның аманатына қиянат жасалмағаны. Не жасасам да біреудің алғысын алуды басты мақсат етпеймін. Басты мақсатым — бала кезгі сертімді орындау.

– Алға қойған мақсатыңызға жеттім деп ойлайсыз ба?
– Бүгінгі таңда аты аталған шаруақожалықта асыл тұқымды байыс қойының саны төрт мыңнан асып жығылса, сегіз жүзге жуық сиыр мен екі мыңға жуық жылқы бар. Демек, өзіме берген сертті орындап, жау қолында кеткен жер мен мал санын қалпына келтірдім. Бір ғана нәрсе жанымды ауыртып, жүрегімді шымырлатады. Әлі күнге дейін Кәрібай атамның сүйегі қай төмпешіктің басында жатқаны белгісіз… Оның жеті қызының тағдырлары да ауыр… Көрмеген қорлықтары жоқ… Осы туралы ойласам… (Атаның көзіне жас іркіліп, үнсіз қалды).

– Өткен күннің еншісінде қалған қайғылы оқиғалар енді қайтып болмауын тілеймін. Жетпістің жетегіне жеткен адам үшін сауда үйі мен мал шаруақожалығын қатар алып жүру қиынға соқпай ма?
– Негізі маған саудамен ғана айналысқан өте тиімді. Бірақ жайылымдық жердің жетімсіреп қалғанын қаламаймын. Ол жер ойнақтаған құлыны, маңыраған қозысы, мөңіреген бұзауымен көрікті деп ойлаймын. Ал шындап келгенде мал шаруашылығымен айналысу қиынның қиыны.

– Толығырақ…

– Бірінші мәселе, қазіргі уақытта ешкім мал баққысы келмейді. Қалтасында дипломы бар, бірақ жұмыссыз жүрген жастар көп. Соларға «Мал бақсаңдаршы, жалақыларың жаман емес» десем, маған «Табақтай дипломмен мал баққан не теңім?!» дегендей миығынан күледі. Екінші мәселе, күзде шөп жинайтын кезде ақысына көмектесетін адам таппайсың. Биыл тракторшы таппай біраз әбігерге түстік. Үшінші мәселе, әкімдіктен көмек жоқ. Мысалы әкімдер есеп бергенде «ауданда осындай-осындай шаруақожалықтар бар. Осыншама ірі-қара мал өсіруде» деп «мақтанады». Ал сол әкім бір рет болсын жағдайды өз көзімен көріп, «қандай көмек қажет?» деп сұрап көрді ме? Қой төлдеген кезде сақманшылар керек болады, егер әкім тауып берсе олардың ақысын жемес едік қой. Қалай қой төлдей бастайды, солай жан-жақтағы туған-туыстарды шақырып, көмек сұраймын. Төртінші мәселе, қыста қасқырмен күресеміз. Былтыр екі бие, бір жылқы, бір сиырымды қасқыр жарып кетті. Бұл түк емес, он бес, отыз жылқымды қасқыр жарып кеткен жылдар болған. Осының бәрі жүйкені жұқартатын жағдайдар. Байыс қойларының жүні аппақ болады. Ол бояуға ыңғайлы. Қолынан іс келетін адам оны да пайдаға асыруына болады. Біз сол жүнді өткізетін жер таппаймыз. Мал бағудан кіріс емес, шығын көп. Осы ауданда мал шаруашылығымен айналысатындардың сауда үйлері бар. Сауда болмаса шаруақожалықта ісің алға жүрмейді. Малшыларға беретін жалақы, жем, шөп, киім, тамақ және басқа да шығындарды осы саудадан түскен қаражатпен жабамыз.

– Жұмысқа алатын адамдарға қандай талап қоясыз?
– Еңбек шартынан бөлек «Жалған сөйлемеймін, ұрлық жасамаймын, ішімдік ішпеймін» деген қолхат алам. Ең басты талап – тәртіпке бағынуы керек.

– Ендігі алға қойған мақсатыңыз қандай?
– Мен бабаларымның кәмпескеленген жері мен малын қалпына келтірдім. Ендігі мақсат – соны өз балаларыма аманат ету. Олар да аманатқа қиянат жасамайды деп ойлаймын.

Суреттер сөйлейді
Түс ауа «Ақжон» жайылымдық жеріне барып қайттық. Біз барғанша жапалақтап қар жауа бастады және күн қарая бастады. Жылқылардың бір үйірі ғана көзімізге түсті.

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Одан кейін қойларға қарай бардық.
Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Ақбас сиырлар
Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

"Қара Ертіс" сауда үйі
Екі қабатты сауда үйінің бірінші қабатындағы нүктелер жалға берілген екен. Ал екінші қабатында ыдыс-аяқтан бастап, әртүрлі көліктерге арналған автобөлшектер сатылады.

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Архивті ақтарып...
Өткен жылы қой төлдеген кезде жайылымға барып біраз фотосуреттер түсірген едім. Оны да қабыл алыңыздар.

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым
Ата қолынан осы камерасын тастамайды. Қашан барса да камерасын қосып қойып, өз-өзіне «Бүгінгі ауа райы жақсы болып тұр. Аспан ашық» және т.б. есеп береді.

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым
2014 жыл. Тамыз айы. Облысаралық мал шаруашылығы байқауына дайындық

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым
Облысаралық байқауға баратын қойларды кезек-кезек жуындыруда

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым
Жеңісбек атаның әкесі Қалихан да елге сыйлы, еңбегі сіңген адам болған. Екі дүркін «Қызыл жұлдыз» және Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерімен, «За отвагу», «За оборону Советского Заполярья», «за победу над Германией» медальдарымен марапатталған ол елге оралғаннан кейін еңбекке араласқан. Қара Ертістегі көпірдің дұрыс жерге орналасуына себепші болған. Бүгінгі таңда Қара Ертіс жағасында Қалихан ауылы бар. 2000 жылдың 21 cәуірінде аудандық мәслихат сессиясының шешімімен Зайсан ауданы шекарасында орналасқан Ертіс өзенінің жағалауындағы (Ертіс көпірі) демалыс орнына Кәрібайдың ұлы Қалиханның аты беріліп, «Қалихан атындағы демалыс орны» деп аталды.

Керек тілші: Кек алу үшін кәсіпкер болдым
Бұл гастроном бұрын Зайсан түрмесі болған. Жеңісбек Қалиханұлының атасы Кәрібай осы түрмеде жатып, ату жазасына кесілген. Жеңісбек ата 1979-1991 жылдар аралығында Зайсан ауданы Сауда мекемелернің басшысы қызметін атқарған кезде атасы Кәрібайдың жатқан камерасын жаңартып өзінің кабинеті етіп алған екен.

Хабарландыру. ШҚО, Зайсан ауданындағы «Қара Ертіс» мал шаруақожалығына малшылар қажет. Жататын орын, киім, тамақ тегін. Жалақы – 100 000 — 150 000 теңге аралығында. Отбасылы адамдар болса тіптен жақсы. Балаларын балабақша, мектеп-интернатқа орналастырып, олар үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады.
Байланыс нөмірі: 8 701 134 19 47
Бөлісу:

35 пікір

Beytanis
Зайсанның тұрмысы бірсыпыра жақсарған дейді ғой. Мен 2005 жылы болғанымда ұялы байланыс жоқ еді…
ademi_alem
Одан бері он шақты жыл өтіпті ғой. Өзгеріс өте көп.
VKM
+10
Ispek92
Сізде мұндай құдірет бар екенін білмеппін)))
ademi_alem
ой ниетіңе рахмет!!!
Basic
суреттеріңіз күшті. Әсіресе, қоймен түскен үш персонаж )))
malik
Бәрінен бұрын тақырыбы өөөрт екен ))))
zholantai
негізі, кек — жақсы мотиватор
ademi_alem
Атаның айтары көп негізі. Қай ауданға барсам да ең алдымен қариясы бар үйді іздеймін, бірақ өкінішке орай көп ата-апалар туған жерінің тарихын, ахуалын білмей жатады. Сөйлесіп отырып қарадай "қарның ашады". Ал бұл ата басқаша. Бәріңгелді де алған Жеңісбек аға айтып берген.
yerlanospan
Керемет. 10 ұпай
P.S. «сауда корпорациясын бітіріп» — сауда кооперативтік техникумын бітірген болар.
ademi_alem
Ой ой түзетейін. Рахмет!!!
asaubota
Супер! 10!

Журналистік және блогерлік тәжірибенің жемісі :)
Gastarbaiter
Рахаттанып оқыдым. Аспай- саспай К-700 кеңестік тракторы сияқты артық ерсі ербең-жырбаңсыз баяндау мәнеріңізге ғашықпын.
ademi_alem
Рахмет, Асқар аға! Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды.
Gastarbaiter
Бір екі сурет қайталанып кеткендей әсер тудырды. Тура мағынасында емес, айтар ойы мен көрсетер детальдары тұрғысында бірдей суреттер бар. Бірақ ол менің жеке каприздарым шығар, кім біліпті.
ademi_alem
Миниблогиада аяқталғаннан кейіп жазылған пікірлерді тағы бір қарап шығып, басы артық суреттерді алып тастаймын.
ademi_alem
Жылқылар ұқсас суреттер, сосын қойлар. Бірінші және екінші суреттегі қойлар екі жерде тұр, бірақ сол бір қойлар сияқты көрініп қалыпты.
ademi_alem
Үшінші және төртінші суреттегі сиырлар бір сиырлар екен ғой. Бірі алыстан, бірі жақыннан. Сіз айтқаннан кейін ғана енді байқап отырмын. )))))))))))
Adiletshu
Біз жақта біреу байып жатса елдер: «Ееее, ол анаша сатып байып жатыр ғой» — дейді.
Tyulpan
Зарина, әдеттегідей — мықты!
Daniar-Alan
кешіктіргеніме кешірім сұраймын.
10 балл )
ademi_alem
ааааа алақаааай!!! Рахмет!
NazipaNurtaeva
Ізденіс, жинақылық, еңбек — жемісін берсін!
NazipaNurtaeva
Зарина, еееең бірінші фотодағы автокөлік менің жерлесімдікі меее? «X» ))))))
ademi_alem
Ужас, көзің недеген өткір. )))))))))))) Солай болар.
NazipaNurtaeva
хи-хии))) жай көзіме оттай басылып кетті дааа(((