Балалық шаққа хат

Блог - VKM: Балалық шаққа хат
Балалық шағымнан қалған бір сурет.Жаз. Таңертең.Күн бұлттардың арасынан жерге күлімдеп қарап тұрған сияқты.Кіп-кішкене қыз,әппақ көйлегі мен қызыл тәпішкесін киіп алып,үлкен үйден шығып, ауладағы барлық жануарлармен амандасып болған соң,үлкен ас үйге кіреді. Дастархан басында атам, апам, Мінар апам әңгімелесіп, шай ішіп отырады. Үлкендер ол кіргенде абыр-дабыр болып қалады. Айналадағы барлық адам оны жақсы көреді…
Мен көшедегі балаларды да, тіпті өзімнің папам мен мамады да керек етпей, атама еріп жүре беретінмін. Қазір де атам есіме түссе, бірден жылағым келіп кетеді, себебі атам екеуміздің жанымыз бір болатын.Кейін, біз Өскеменге көшіп кеткенде мен ауырып қалсам, атам сол күні телефон соғатын, Мәкөтайым қалай деп. Атам қайтыс болғанда,7 жаста болсам да, атаң емделуге Алматыға кетті деп айтпай қойған.Эх, атам…
Бала болып ойнағаным есімде жоқ, Лида, Лиза деген егіз немістің қыздарымен ойнайтынмын, болды. 5 жасымнан биге барғанда-менің ойыншықпен ойнаған балалығым бітті, Барбиларды,қонжықтарды, пазлдарды, леголарды ойыншық салатын коробкаға салып, жауып тастадым. Себебі мен өзіме ертегілер әлемін аштым.Басында мамам айтып беретін, сосын видеоларын көретінмін, кейін оқып үйренген кезде, мен үшін ең үлкен «кайф» ертегі оқу болатын. Өзімді сол кейіпкерлердің орнына қойып, керемет принцке күйеуге шығып,ұзақ, бақытты өмір сүріп жүретінмін))
Осы жерде кейбір керекшілердің балалық шақтары туралы жазғандарын оқып,қызығамын. Мен олар сияқты алысып-жұлысып,үйге келмей, не кір-кір болғанша ойнамағанмын. Менің балалық шағым «тыныш» өтті. Көбіне үйден шықпайтынмын,өз әлемімде ,өз қиялдарыммен болатынмын.6 күн биге барып көр, жалғыз демалыс күні үйден шығуға түк те зауқым болмайтын.Сондықтан шығар, мені жақын көршілерден басқа, ешкім танымайтын. Керісінше сіңлім Айдананы, бүкіл Қазақстан көшесі танитын.Мамам оны жоғалтып алып,іздесе, жолыққан адамның бәрі «ол жаңа анда кетті,5 минут бұрын мұнда көрдік» деп, барлық жүрген траекториясын сызып беретін.
Қалай болса да, балалық шаң-ең бақытты шақ. Егер уақыт машинасы болып: «Кері қайтасың ба?»десе қайтпас едім, себебі алда одан да артық шақтар күтіп тұр. Тек ғана алға)
bk
Бөлісу:

32 пікір

VKM
Зарина, менде де nostalgie)
qonyrbai
Twitter-де көп отырасың ба?
VKM
жоқ. Неге олай ойладың?
qonyrbai
Кейбір сөйлемдеріңді қысып-қысып тастағансың ғо. Пробел қою керек.
qonyrbai
ертегілер әлемін аштым.
сосын видеоларын көретінмін,
5 жасыңда 96-жылдары Ван Дам, Джеки Чандардың видеоертегілері ме?
VKM
Русалочка, Красавица и чудовище, Белоснежка, Спящая красавица, Алладин,
qonyrbai
Мойындайын: мен тек «Спящая красавица» мен «Белоснежканы» көрмеппін. Аладдинді көргем. «Ну, погоди!» хит еді. «Том мен Джерриді» де ұмытпа. :)
VKM
Том мен Джерри ұнамайтын, Мысықты жек көріп, тышқанды аяйтынмын. Одан қарағанда «Чип және Дейл» жақсы болатын.«Мятежный дух» деген сериалды көріп пе едің?
qonyrbai
Ол сериалды көрмеппін. Мексиканың сериалдарын көргем. Гваделупе деген сары шашты қатын туралы сериал есімде қалыпты. Prissionera деп жазылады ғо деймін. Әлгі «Титаниктің» өлеңін айтатын келіншек орындайтын әнін. «Любовники пустыни» айтпақшы.
qonyrbai
Маған «Том мен Джерридің» әлгі қызынан айрылатын сериясы ұнамады. Драма қылжерген. Дегенмен, мысық көп таяқ жейтін.
qonyrbai
алда одан да артық шақтар күтіп тұр.
Пэміли шақ па алда? Менде де.
ademi_alem
Қысқа да нұсқа, әдемі жазыпсың. Мектеп кезінде сабақтан тыс уақытта айналысатын, қызығатын нәрсең болған жақсы ғой. Мектеп кезінде қоғамдық жұмыстарға белсенді болдым, таңда кетіп, үйге кешке бірақ келетінмін көбінесе. )))
алда одан да артық шақтар күтіп тұр
Жақсы аяқталған! Аумин!
qonyrbai
Мен мектеп кезінде де, оқу орнында да белсенді болмадым. Ұялшақ болғасын біраз нәрседен мақұрым қалыппын.
ademi_alem
Ұялшақ болған адамға ұқсамайсыз. ))))))))) Керекинфода және ФБта жазғандарыңыз біраз нәрседен мақұрым қалған адамның жазғандарына ұқсамайды. ))))))))))))
qonyrbai
Енді виртуалда батырмыз ғо. :))) Реалда жазып жүрген дүниелерді айта алмас едім ұялып.
ademi_alem
Айналадағы барлық адам оны жақсы көреді…
Балалық шағың мен қазіргі өміріңнен өзгермеген бір нәрсе таптым! Қазір де сені айналаңдағы бардық адам жақсы көреді.
ademi_alem
Бұрынғы жазған пікірлерің мен қазіргі жазған пікір, жазбаларыңда айырмашылық көп екен. ))))))))))) Қазақ тілде жақсы жазатын, ойыңды жақсы жеткізетін болыпсың. Бұрынғы жазылған кейбір жазбаларға қалдырған пікірлеріңді оқып бір күліп алатынмын. Көбінесе сөздердің мағынасын дұрыс түсінбей, сен туралы жазылған жақсы пікірге ренжіп отыратынсың. ))))))))))))
VKM
сонда неге айтпадыңи, Зарина?)
ademi_alem
Өздері түсіндіріп отыратын «былай деген сөз арқылы былай атқым келген, дұрыс түсінбедің» деп. )))))))))))))
Beytanis
Кейбір нәрселерді түсіну үшін уақыт керек…
VKM
сәлем,қайдан жүрсің? Көрінбей кеткен едің. Мүмкін уақыт керек те шығар… мүмкін уақытты текке өткізбеу керек. Сен осы Түркістаннан едің ғой, иә?
ken
ВКМ, осы кім?
VKM
Солай деде болған, есіңде жоқ па, Кен?Өзі айтсыншы)))
Beytanis
сәлем,қайдан жүрсің?

Сәлем! Жүрмін ғой.

Көрінбей кеткен едің.


Сен осы Түркістаннан едің ғой, иә?
Жоқ
VKM
әйтеуір оңтүстіктен болғансың,әлде… Шатасып қалдым, сорри.Сәттілік
satibaldi
Бұл естеліктен — Сізді туалетке түсіп көрмеген деген қорытынды шығарсам бола ма?
VKM
Бұл естеліктен — Сізді туалетке түсіп көрмеген деген қорытынды шығарсам бола ма?
түспегенмін)))) сіз ше? Тәжірибеңіз бар сияқты)
merekeee
Қазақстан деген көшелеріңнің аты ма?
VKM
иә, бұрын Ушанова болған)
Beytanis
2005-2006 жылдары Өскеменнің көшелерін жаяу аралаған кездерім еді.
MamaAya
))) Жақсы, тәп-тәтті қыз болған екенсің ғой. Қандай жақсы?! Мен өңшең ұлдардың соңынан еріп, не қыз сияқты емес, не ұл сияқты емес. Боқтааап жүретін бұзық қыз болғам. Шшс, не на!-деп. Бірақ мені де бәрі жақсы көретін, бәрінен артық)))Натурам Қыз екенін жоғары класқа қарай толық мойындадым ғой, физиологиялық өзерістердің арқасында ма дейм?!)