Шахмат 2. (Өз тәжірибемнен)

Шахматты алғаш балаларға үйрете бастағанымда Астананың мықты деген шахмат клубтарын аралап, методикаларымен таныстым. Ондағы ойым, өзім үйреткен оқушылардың обалына қалғым келмеді (дұрыс сабақ бере алмасам, кейін өзімді жеп қоймау үшін де). Содан қызығушылығы ең төмен баланы бақылауға алдым. Күнде оның сабаққа қатысымын жазып, өзім қорытып жүретінмін. Есімі Әлихан. Ол кезде 2-сыныпта оқитын.
Басында мүлде ойлануға жоқ еді. Әлихан шахматтың жүрісін, шах қою, қауіп төндіру, рокировка, қорғану т.б бәрін үйренді, сауатты ойын жасай алатын дәрежеге жетті. Бірақ бір үлкен кемшілігімен 5 ай алыстым, қанша тамаша ойынағанымен мат қоюды ойлана аламайтын. Қаншама мүмкіндіктерді байқамай, ойынды соза беретін.
Ал шахматтағы басты мақсат мат қою. Яғни жеңу ғана, ойынды өз пайдаңа шешу. Әлиханға мат қоюға арналған тапсырмалар берсем шешеді, бірақ өз ойынында соларды пайдалана аламайды. Осы себебінен оны шахмат жарыстарына қатыстырмадым.
Бірақ кейін білдім, мұным үлкен қате екенін. Әлиханның қызығушылығы бірте-бірте бәсеңдей бастады. Бұл менің 2-курста оқитын кезім еді, балалардың психологиясын мүлде ұғынбайтын кезім. Сол тәжірибесіздігімнің кесіріен қазақтың бір баласын шахматтан алыстатып алдым.
Адамның тығырықтан шығуы, аяқ асты жол табуы, бәрі өз уақытында болады екен. Ал шахматта өзіңнен мықтыны көрген сайын жеңіске құлшынысың ашылады. Жеңілістен соң қатеңмен жұмыс жасасаң, сол қатені қайталамай қайта ойнағың келеді екен. Блог - aizat: Шахмат 2. (Өз тәжірибемнен)Блог - aizat: Шахмат 2. (Өз тәжірибемнен)
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
Корольды жеп қоюды қалай қойғызуға болады? :)
aizat
Кішкентай балалар шахмат ойнағанда жеген сайын жеңдім деп қуанады. Фигураларды жеуге асығып отырады. Сол сияқты мат қойылып, ойынның аяқталуын, корольді жеу деп түсінеді. Ондай жастағы балаларға сабақтың басында шахмат туралы ертегі айтып беремін. Ертегінің соңында патша тұтқындалады, сосын осы ертегіні ойын барысында естеріне салып отырамын.
qonyrbai
Қызық жерінен аяқтай салдың ғо. Мен қазір Әлиханның мат қоюды үйренгенін, жарыстарға қатысқанын жазатын шығар деп отырсам, «кинанебудетпен» аяқталды ғо.
aizat
Алдағы уақытта жазамын оны.
bazuka
Ал шахматта өзіңнен мықтыны көрген сайын жеңіске құлшынысың ашылады.
менде ашылмайды құлшынысым, керсінше қашан мені ұтып тастайды екен деп күтіп отырамын. уже зықым шығып кеткен шахматтан.
aizat
Демек, сіз қорқақсыз ). Шахматта мұндай жиі кездеседі, өзінен басқаны мықты көреді де, өзінің жеңілгенін күтіп отырады. Шахматтың психологиялық сабақтары бар соған қатысу керек.
MERmukhanov
Мат қою — әркез басты меже болуы тиіс. Сондықтан, мысалы, ферзіден айырылу, әрине, мұңды және ауыр, бірақ үкім емес.
Мына жерде рейтингі жоғарылау ханымды ұтқам. Әр пешкісі әлеуетті ферзі, ладья бола тұра, матқа ұмтылсаң, фигура саны басты емес екенін айтқым келеді.


[Event Varvara Vishnevskaya:1262 vs.Мерей Ермұханов:1241"]
[Result «1-0» black]
1.e3 e5 2.h3 e4 3.Nc3 d5 4.a3 Nf6
5.d3 Bf5 6.dxe4 dxe4 7.Qxd8+ Kxd8 8.Nge2 Bd6
9.Bd2 Re8 10.O-O-O Ke7 11.g4 Be6 12.Bg2 Bd5
13.Nxd5+ Nxd5 14.Bxe4 c6 15.Bxh7 g6 16.Bc3 Bc7
17.h4 Nf6 18.Bxf6+ Kxf6 19.h5 Kg7 20.hxg6 fxg6
21.Rd4 Rh8 22.Re4 Bd8 23.Nf4 Rxh7 24.Ne6+ Kg8
25.Rxh7 Kxh7 26.Nxd8 Na6 27.Nxb7 Rb8 28.Re7+ Kh6
29.Nd6 Rf8 30.f4 Nc5 31.g5+ Kh5 32.Rxa7 Rd8
33.Nc4 Ne4 34.Rc7 Rh8 35.Rxc6 Kg4 36.Re6 Rh1#
aizat
Дұрыс айтасыз.