Бокс та "шахмат" тәрізді спорт

Сабақтан шыққан соң, күнделікті әдетім бойынша өзіміздің университетте шығып тұратын «Жастар әлемі» газетінің редакциясына соғып, алдағы номерін дайындауға қолғабыс ету мақстанда, ҚарМУ-дың бас корпусына барған едім. Кіре берісте мына бір афиша көзге түсті.

Керек тілші: Бокс та шахмат тәрізді спорт

Осы жерде жазылған номерге хабарласып, Адхам Самат есімді жігітпен кездесуге уағдаластым. Бейсенбі күні болатын кешкі дайындыққа келуіме рұқсатын берді. Сонымен уәделі уақыттан сәл ертерек, Серік Сапиев атындағы бокс орталығына келіп тұрмын.

Керек тілші: Бокс та шахмат тәрізді спорт

Боксшылар бізді жылы қарсы алды, бірақ, дайындықтары аяқталғанша ешбірімен сөйлесуге мүмкіндігім болмады. Қолымнан бар келгені дайындықтарын сырттай бақылап, суретіме түсіру ғана болды. Сөйте жүріп біраз дүниені аңғарып қалдым. Бұрыннан бері бокспен шұғылданып келе жатқан жігіттер мен боксқа енді ғана келгендер жаттығу алдындағы тер шығарып, бой жазуда бірге дайындалып, жатықтырушының әр сөзін бұлжытпай орындайды екен. Бірақ, жеке дара дайындалған кезде жаңадан келген жаттығушылар груша ұрып, техниканы меңгеріп дайындалса, сақалары рингке шығып, бір-бірімен жұдырықтасу арқылы жаттығып жатты.

Керек тілші: Бокс та шахмат тәрізді спорт

Жаңадан келгендерді жаттықтырып жүрген Галиманов Қуаныш әр жаттығудан соң, жігіттерге бірер минут тыныстап алуға мүмкіндік беріп отырады екен. Сол сәтті пайдаланып, жас жаттығушылардың бірінің пікірі алып үлгердім:

Біржан Туткушев:

Керек тілші: Бокс та шахмат тәрізді спорт

Бокспен студент кезімде шұғылданғаным бар еді. Бірақ, танымал боксшы болған жоқпын. Бұл жерге келудегі мақсатым өзімнің физикалық нормамды сақтап тұру, және бос уақытымды тиімді өткізу. Өзім Қазақмыс кәсіпорнында жұмыс істеймін, қолым қалт еткен сәттерде осында келіп, жаттығып тұрамын. Бапкерлер жақсы, өзіміз қатарлы жас жігіттер болғандықтан тіл табысуға жеңіл және қарт бапкерлерге қарағанда не керек екендігін жақсы біледі. Біздің тілімізді тауып жүр. Зал үнемі таза, қатаң тәртіп орнаған.

Сонымен бұл жігіттің демалыс уақыты бітіп, алдындағы грушасын қайтадан төмпештей бастады, ал мен болсам, кім бос тұр екен деп аңдумен болдым. Сонымен сәті түсіп, басқа боксшылардын тысқары тұрған, екі жігітке жолықтым. Бұлар кикбоксшылар екен. Осы спортпен шұғылданып жүргендеріне біршама уақы болыпты. Нақтылап айтар болсам Руслан Баязит есімді жігітке тоғыз жыл болса Нүркен Джуматовқа он екі жылдың көлемі болып қалыпты. Екеуіде әлем чемпионы атағын алған екен. Қазір, осы бокс орталығында өтіп жатқан турнирге қатысып жатқан екен. Бүгінгі ойында Руслан 57 келі салмақта сынға түсіп жеңіске жетіпті. Нүркен ертең қатысатынын айтты. Екеуі де осы залдың бапкерлерінің жұмысына көңілдері толатындығын білдірді.

Керек тілші: Бокс та шахмат тәрізді спорт

Мен осылай әр боксшының жанына бір барып, суретке түсіріп жүрген кезімде уақыт зырлап өте шықты. Сағат түнгі 21/30 болған кезде жаттығу аяқталып, жұрт суға түсуге кете бастады. Шәкірттерінен босаған бапкерлермен тілдесудің сәті түсті.

Адхамов Самат:

Серік Сапиев атындағы бокс орталығында осы залды жалға алып, жастарға бокс өнерін үйретіп жүргенімізге бір айдың көлемінде уақыт болып қалды. Мақсатымыз қала жастарын еркектер кәсібі саналатын бокс өнеріне баулу. Жаттығамын деушілерге қоятын талабымыз аса көп емес. Басты талап дайындыққа кешікпеу және өткізіп алмау. Аптасына үш күн жаттықтырамыз. Егер бір күнді өткізіп алса, онда кері қарай бір қадам басқандары болып саналады. Және біздің ең басты талабымыз, осы жерде үйренген өнерін, техникасын сыртқа көрсетпеу. Біреуге күш қолдану мақсатында емес біреуді қорғау немесе өзін қорағай алуды меңгеру. Егер біздің орталықтың бір баласы өзінен әлсіз жанға жәбір көрсеткен болса онда дайындыққа қатысу құқығынан айырамыз. «Бокс төбелес өнері емес, бокс шахмат тәрізді, бірақ жылдамдықты талап ететін өнер.» Бұл пікірді Серік Нұрғазы ағам айтқан болатын.
Біздің орталыққа келушілердің көпшілігі өздері үшін дайындық жасайды. Жүгіріп, шынығып, күнделікті өмірдің күйбең тірлігін бір сәтке ұмытып, тек спортты ғана ойлайды. Күн ұзағына бойда жиналып қалған зиянды энергияларды сыртқа шығарады. Бір есептен бос уақытын тиімді өткізіп салауаттылығын арттырса, екінші жағынан қиын-қыстау күн туа қалғандай жағыдай болса өзін қорғай алатын болады.
Керек тілші: Бокс та шахмат тәрізді спорт
Расында клубта қатаң тәртіптің бар екендігі байқалып тұр. Жаттығу аяқталған соң әр қатысушы өздері пайдаланған спорт құралдарын әп-әдемі етіп жинап қойды да суға түсуге аттанды. Бұл жерге жазылу бағасы бір айға 10 000 теңге көлемінде. Себебі жоғарыда аттарын атап өткен екі жігіт дайындық залын өз қаражаттарына жалға алып отыр. Бағасы қымбат болғанымен бұл жерде үйренеріңіз де көп болмақ. Екі жаттықтырушы да Қазақстанның спорт шеберлері. Талай турнирдің жүлдегерлері.

Қарағандының сырт жағына қарай орналасқан Серік Сәпиев атындағы бокс орталығына 011; 29; 7; 146 автобустармен қатынай аласыз. Түсетін аялдамаңыз «Орбита». "Қарағанды Арена" мен «Теннис орталығы» ғимараттарының арт жағында орналасқан. Адаспай тауып бара аласыздар.
Бөлісу:

12 пікір

asaubota
Мини-блогиадада алғашқы жазба! Сәттілік тілеймін. Жазбаң шынымен пайдалы, қарағандылықтарға жақсы ақпарат беріпсің
Dzhonsaken
Делебені қоздыратын пост екен. Жарайсың. Кенеттен кабинет бұрышында шаң басып жатқан 24 кг-лық кір тасын көтеріп жатқан Смайыл...
AsylhanUysinbaev
Жазбан жақсы екен. Қарағандылық спорт сүйер қауымына керек мәлімет! Рақмет жазбана!!!
asaubota
9 ұпай. тақырыпқа сай, таза
zholantai
суреттерден леп сезіледі,
malik
Шахматты неге тырнақшаға алдың?