"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Өскемен

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Өскемен
… ертеңіне таңмен таласа тұрып Өскеменге тарттық. Семей мен екі ортадағы жол өте нашар екен. Жолда ұйықтаймыз деген ойымыз орындалмады. 10-дардың шамасында қалаға кіріп бардық. Кірер тұста Қабанбай батыр ескерткіші жанына суретке түсуді де ұмытпадық ;) Жан-жағына тратуар төсеп, абаттандырып жатыр екен.
Бірден Қазақтелекомның офисіне тартып кеттік :) Алғашқы кіргеніміз ID-орталық болды. Қазақтелекомның барлық жеріндегідей кірсең шыққысыз :) Бұл жердің «фишкасы» ретро байланыс құралдары екен. Тұра қалып блогерлер суретке түсе бастады :)
Облыстық филиалда жалпы 3 000-ға жуық адам қызмет атқарады екен. «Ауылдық елді мекендерді телефонмен қамту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 763 ауыл телефонмен, 418 (55 пайызы) ауыл кең жолақты интернет қызметіне қосылыпты.
2014 жылдың аяғына дейін жалпы қашықтығы 333 шақырым оптикалық байланыс желіжолының құрылысын аяқтамақшы екен.
Қазір 30 000-нан аса ıD net, 15 000 жобасында iD tv, 6 000 нан аса абонент ıD Phone қызметтерін пайдалануда екен.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Өскемен

Анықтама қызметіне талай хабарласқан шығарсыздар ә? :) Ал мен ОЛАРдың кім екенін көрдім ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Өскемен

Қаланың өзін жөндеп көре алмадық. "Қазақстан" деген жазуы бар төбенің жанынан 2 рет өтсек те уақыттың тығыздығына байланысты тоқтай алмадық. Бірер күн бұрын сол төбеде әнұран сөздері қате жазылған дегенді фейсбукте бір кісі айтып еді… Көзбен көруге мүмкіндік болмады.
Онан бөлек тура сол біз жолда кезде шыққан Өскемен орыс жері деген мақаласымақты тексермекші де болғанбыз (төөуухх деЩ). Тексергенде… жәй көшедегі өзге ұлт өкілдерінен сұрастырып, пікірін білмекші едік…
Болмады. Тіпті таныстарға барып үлгермедік барып тұрып.
Келе жатқанда бізбен барған орыстілді блогердің «баруға жүкті болып қалдық» деген пікірін оқыдым :) Қайтып барып асықпай аралайтын жер екен… Бұйыртса…
Бөлісу:

9 пікір

Daniar-Alan
мұтқалыппын біраз нәрсені. Келесіде бірден жазып тастау керек екен…
bake
білдіртпей келіп-кетіп жатқандар қанша ма)) Солардың біреуі болдың деш…
MERmukhanov
Стелла бар жағалауда, көркем аймақ
VKM
Куленовка деген жер бар)
Daniar-Alan
сенің ойнаған жерің?
ademi_alem
Семей мен екі ортадағы жол өте нашар екен.
Семей мен Өскемен арасындағы мен білетін жол жақсы еді. Қандай жолмен жүріп келдіңіздер екен (ойланып тұрған смайлик). Семейден жолға нешеде шықтыңыздар?
Қайтып барып асықпай аралайтын жер екен…
Өскеменнен көшіп кеттім, Сіздер келгенде мен де сол жақта болғанда аралайтын жерлерді аралатар едім. )) Ең болмағанда этноауылға барар едік.
VKM
қайда көшіп кеттің, Зарина?
ademi_alem
Зайсанға. Ерке Ертістің бойынан алыстап, Қара Ертістің жанына кеттім. )))