Қонақ

Той үсті. Қонақпын. Отыруға көңіл жоқ. Себебі? -Тек өзім. Әйтпегенде туып-өскен ауылдың тойы ғой. Көптен көрмеген жандар. Ауылдың той бетін он бес жыл көрмеппін.
Ауылдың үлкен адамы сөз сөйлеп жатыр. Жетпіске тақаған… Сөздері тоқтаусыз лек-легімен шаттық көңілмен бірінен -соң бірі ауызынан шығуда. -Бұл адам неткен бақытты?- деп сырт көз ойлар. Қайқы-қасірет оны айналып өтпеді. Бірақ өмір адал, жетпіске тақағанда үстіне шаң қонбайды.
Көз қиығымен басын изеп амандасып жатқан жап-жас келіншекті байқадым, танымадым, күйеуінің құлағына бір нәрсе сыбырлап қояды. Әзер таныдым, -Кішкентай балапан, көршінің қызы ғой!.. Балапан кезінен көрмеппін.
Бес жасында жазғы аяқ киімін жөндеп, тозығы жеткен жерін сөгіп, қайтадан бұлдан пішіп-қиып, құрастырып тігіп, табан үстіне қондырып жаңалап бергенмін.
Киюге жарамсыз болса да аяқ үштеріне іліп алады. Жаңа аяқ киімі бар. Бірақ оған дәл сол аяқ киім қажет. Бала көңілі бал, қимайсың. Жарты күн уақытымды бөлдім.
Жаңартылған аяқ киімін киіп алып, көше кезіп, бәріне мақтанып көрсеттіпті. Соны да әбден тозығы жеткенше киді.
Қадіріңді білген ауыл!
Бірінен соң бірі естеліктер легі -Есіңе түсірші, -дегендей таласады. Есіме түсіргім келмейді. Бірақ қалайша -Есіме түспеңдер, -деймін, өздігінен-өзі құлақ түбінде сыбырлап, сылдырласа.
Шіркін-ай! Кешірім сұрап өткенді қайрып алсам ғой! Уақыт кешірмейді. Тіпті ондай мүмкіндік болып, оны жіберіп алып, артынан өкінсем… Сірә, қазір өзімді жеңілдірек сезінерме едім. Қазір ауылдың азаматтары, жастық шақта -тенектері, еркелері:
-Сені біз білеміз, қал ауылда! Өзіміз үйлендіреміз. Ісіңді жалға!, -дегенде сенбедім.
Бақыт оның қадірін білгеннің қолына қонады. Тісте жұдырығыңды, тісте! Әттең!
Өзіңді әлжуаз санадың, өзің үшін күреспедің. Көлкеңнен қаштың. Сені сыйлады. Шебер болмадың демеді талпынысыңды бағалады. Өжет болмадың демеді түзу жолыңды бағалады. Тіл табыса білмеді демеді білім сыйлағанынды бағалады.
Қаштым, пыстым. Түбінде тойда отырмын. Ауыл болса сол қалпы. Бір жанұяның баларындай жиналып, той жасап ауыл қызын ұзатып жатыр. Мен болсам қонақпын.
Бөлісу:

1 пікір

bake
опшым өмірдің жаңа кезеңі басталды