Жансел Дениз - Таэквондодан Түркия құрамасындағы қазақ қыз

Біз білмейтін қазақтар: Жансел Дениз - Таэквондодан Түркия құрамасындағы қазақ қыз

Жанселдің есімін биыл Астанада таэквондодан әлемдік Гран-при өткен кезде естіген едік. omarbirat досымыз Түркия құрамасында қазақ қыз бар екенін жазған еді. Бұл турнирден кейін Жанселдің Қазақстан құрамасына өтуі үшін келіссөздер жүріп жатқаны туралы айтылды.

Жансел Дениз 23 жаста (26/08/1991), Түркиядағы қазақ отбасында туған. Ірі жеңістері болмаса да түрлі халықаралық жарыстардың жүлдегері. 2013 жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткен Ашық турнирдің жеңімпазы.
+67, +73 салмақтарда шығады.

Жетістіктері және нәтижелері: http://www.taekwondodata.com/cansel-deniz.agd6.html

Жанселді Түркия қазақтары арасындағы Мұстафа Өзтүрік бастаған таэквондо жолын жалғастырушылардың бірі деуге болады. Бұған дейін Еуропа чемпионы, Түркия құрамасының бұрынғы мүшесі Ильяс Керим де кезінде Қазақстанға шақырылған екен. Бірақ түрлі себептерге байланысты келе алмаған Ильяс қазір Түркияда жас спортшыларды жаттықтырады.

Ал Жансел Қазақстанға келсе де, келмесе де қазақтың бір қызы үшін таэквондо жарыстарында тақым қысатын боламыз.


суреттер Жанселдің Instagram-ынан алынды: cansel_deniz_12
Бөлісу:

25 пікір

bazuka
Молодец! қызымды берер едім таэквондоға
satibaldi
қызымды берер едім таэквондоға
«Серік Сәпиев екінші рет әлем чемпионы болды!»
bazuka : «Молодец! ұлымды берер едім таэквондоға „
“Атыраулық 76 жастағы қария дипломын қорғап шықты»
bazuka : «Молодец! атамды берер едім Досмұхамедовке»
"Өскемендік кейуана таксилетіп жүр"
bazuka : «Молодец! әжемді берер едім курстарға»
bazuka
Ya soytem
eleke19831982
Базука сөйтеді! Кал калай Базеке, талай уакыт кезікпей кеткен бір бейне болған едің, керекинфоға кірсем сіп-свежий кәмментің кездесе кетті керемет. Достым хабарласшы ықылас болса.
bazuka
Уай Елекен калайсын. Жаксы хабарласам. номерин бурынгы ма.
asaubota
ана атқа мінген кішкентай кезіндегі суретте Алматыда екен, Наурыз мейрамы, 4 жаста.
DiasBisengali
Бір асып бара жатқан сұлу да емес, бірақ жаман бір жері тартып тұр. Әлі ойланып отырмын. Егер құрамаға келсе дос болып алмасам. Благо мүмкіндігім бар оған
zholantai
таэквондоны сүйемін, сұлу спорт түрі ғо,
MERmukhanov
сүйкімді) теуіп тастайд шығар күйеуін))
asaubota
өткенде Мұрат Өналға айтсам «танысывалшиш» деп. Инстаграмын қарап шықты да, "қой құрсын мені теуіп тастайды ғо" дид :)
eleke19831982
Шылманов шыдамаса қалған еркекті теуіп тастар «ыдыс-аяқ сылдырлатар» синдром туындағанда.
VKM
қазақты спортшы қыздары әлемге танытуда: Сабина, Зарина, енді Жансел
omarbirat
Жансел — таэквондода мықты елдердің бірі саналатын Түркияның чемпионы. Оның өзі не тұрады. Былай сүйкімділігі немесе тартымдылығы бар :)
nurbergen_makym
Соңғысынан мықТ постер шығатын сияқт ма, қалай?
asaubota
соңғысы постерлік иә :)
omarbirat
Биыл Бакуде өткен кадеттер арасындағы Әлем чемпионатына Ресейдің атынан Алина Сәдуақас деген қыз қатысты. Ресейде туып-өскен. Таэквондодан Ресейдің чемпионы. Бірақ Бакуде орын ала алмады
asaubota
пост жазасың ба материал жинап?
DiasBisengali
Гүлнафис Айтмухамбетова дейтін бар еді. қазір қайда кеткенін. Натурализацияланған
asaubota
Жансел жақында Харьковте 2-ші орын алыпты, бұл жарыс рейтингке 5 ұпай қосыпты