Блогиада #22. "Бақсы-шмақсы" (с)
Бұл пост өзім туралы материалдар сериясының соңғысы болсыншы :)
Тәуелсіздік алып, елге Ислам кеңінен тарай бастағанда бәрі бақсы-емшілерді жек көре бастапты, байқаймын. Ол, аздай бәрін топтастырып, бір категорияға енгізіп жіберіпті. Әйтеуір, шариғатқа сай келмейтіндердің барлығы кәпірлер, шайтандар, міскіндер, басқа да зұлымдар.
Менің түсінігімдегі халық емшілері мүлдем басқаша. Әрине алаяқтары да кездеседі, бірақ ол туралы кейінірек. Емшілер біздің өңірде (Атырау облысы) бірнеше санатқа бөлінеді: сынықшылар (адамның, малдың қираған сүйектерін жинайды), үшкірушілер (көз тиюден емдейді), тәуіптер (ғылымға белгілі сырқат түрлерін халық тәсілімен емдеу), т.б. осылай кете береді.
Ислам жолында жүргендерге бұл әңгіме ұнай қоймас, ал реалисттер тіпті күліп қарауы мүмкін. Бірақ бұндай нәрсе айтылуы тиіс және ғылыми болсын, басқа да болсын тараптардан өз бағасын алуы тиіс деп есептеймін.
Батыста «аруақ» деген ұғым бар. Ол Оңтүстіктегідей «елес», «жын» немесе ұран шақыруды білдірмейді. Ол қасиет деген мағына береді, сәйкесінше бойына ерекше қасиет дарыған адам — «аруақты» деп аталады. Менің өз жұртымда да, нағашы жұртымда да осындай адамдар болған, қазір де бар. Мен оларға сенбес те едім, егер менің өмірімде бұл жайт орын алмаса.
Нағашы атам — Займолла, Ұлы Отан соғысының ардагері, коммунизммен тәриеленген адам. Бірақ сынықшылықпен айналысуына бұл кедергі бола алмады. Бұл қасиет анасынан берілген. Ал оның анасы Атырау облысына белгілі Сәт бабаның ұрпағы екен. Батыста «Иә, Сәт!» деп сыйынып жатады, ежелде өмір сүрген осы адам туралы небір аңыздар өте көп.
Нағашы ата
Нағашы атам Кеңес кезінде де емдеген. Бұл қасиетті адам өзі қаламайды, түрлі аяндармен беріледі екен. Бірде тентек коммунистердің бірі менің нағашы атамның үстінен арыз түсіріпті, «кісі емдейді», "үйінде отырып алаяқтықпен пайда табады" дегендей мотивтері бар екен. Үйге милиция келгенде атамның айтқаны:
— Мен бойымдағы күшті ешкіммен бөліспесем ауырып қаламын, — деп жауап беріпті. Шындығында, нағашы атам ешқашан ақша алған емес.
Әкемнің әңгімесі
— 1980 жылдары мотоциклдің астында қалып, бір аяғым қирап қалды. Операция жасалып, бірнеше айдан кейін гипстелген аяқпен үйге шықтым. Кейін анықталғандай, сынған сүйектің екі бөлшегі орындарынан ығысып, бірінің үстіне бірі шығып кетіпті. Бір аяғым содан қысқа болып қалды. Сүйек сынықтары бекімей жатып, операцияны екінші рет жасаймыз деді. Бұған шыдай алмаған мен ауылға кетіп қалдым. Қайын атамның үйіне барып, сол кісіден ем алғым келді.
Ол мені төсекке жатқызып, аяқ жағымда отырды. Қолын да тигізген жоқ. Бірақ сирағымдағы қираған сүйек бөлшектерінің «кілт-кілт» етіп қозғалып жатқанын сезіп жаттым. Көзбен-ақ, жинап берді. Ауылға екі балдақпен барып, қалаға 21 күннен кейін таяққа сүйеніп қайттым.
Қазір әкем шауып жүр. Бұрын бір аяғы іске жарамай қалды дегенге сенбейсің. Есімде, бала болып өтірік айтсақ бәрін біліп отыратын. Ойнап жүріп, қолдың, тобықтың буынын ауыртып аламыз ғой. Сонда атам марқұмның алдына барамыз. Ол кісі осындай жағдайға қалай душар болғанымызды егжей-тегжейлі біліп отырады.
Жылан аруақ
Қасиеті Сәт бабадан тараған адамдардың бәрінде ортақ бір тіршілік иесі бар — жылан. Кейбір адамдар менің нағашымды «Жылан аруақ» деп те атайды. Бұл қалай көрініс табады?
Мысалы, қолыңызды оқыс сындырып алдыңыз делік. Аруаққа сенетін адам болсаңыз, қиналғанда «Сәт баба қолдай гөр», «Займолла атаның аруағы» деп жалбарына бастайтыныңыз анық. Сол түні міндетті түрде түсіңізге жылан енеді. Ол маңайызда жүруі мүмкін, немесе ауырған жеріңізде жатуы мүмкін. Бұл жақсылықтың белгісі.
Айтпақшы, жылан кейде маған да енеді кейде. Түсімде ешқашан шағып көрмепті, менің бойымда да қорқыныш болмайды, керісінше бір жақындықты, мейірімділікті сеземін.
Марқұм нағашы атам сұрайтын: «Жылан түсіңе енді ме?». Жауабы маңызды емес, өйткені енгенін ол біледі ғой, білген соң сұрап отыр.
Негізі аруақ нағашы атама анасынан мұра болып қалған. Одан бөлек екі бауырына да беріліпті. Бірақ мен білетін туыстардан нағашы атамның қасиеті ең мықтысы болыпты. Ол туралы анам былай дейді:
Анамның әңгімесі
— 1990 жылдары көк мұздақта тайып құлап, екі жамбасым шығып кетті. Төсек тартып жаттым, отыра да алмаймын, жүре де алмай қалдым. Бұл хабар ауылдағы әкеме де жетті. Телефонмен қажетті ем-домын айтып жіберіпті. Сол айтқан нәрселерін жасап 9 күн жаттым. Бірде көзім ілініп кетіпті. Бөлмеге ұзын жылан арқалаған үш қыз кіріп келе жатыр екен. Шошып ояндым. Бірнеше минуттан кейін тағы көзім ілініп барады, әлгі картина тағы қайталанды. Осы түстен кейін диванда екі қолыма сүйеніп отыр едім. Алдымен бірінші жамбасым, содан кейін екінші жамбасым «тырс» еткен дыбыс шығарды. Сөйтсем, белім өздігінен орнына түсіпті.
Аздап өзіме келген соң ауылға бардым. Әкем беліме қарап отырып, мырс етіп:
— Қап, бір жамбасың бәрібір түспей қалыпты, — деді бірдеңе біліп тұрғандай дауыспен. Менің ойымша, жылан ұстап келген қыздар әкемнен келген сигналдар болса керек. Сөйтіп, алыста отырып емдегені ғой.
Атам қайтыс болғанда өз қабілетін менің анама табыстапты. Бірақ, бұл энергия да әр адамға әр түрлі деңгейде беріледі ма деймін. Анамның өзі де айтады, қасиеттің көрініс табу деңгейі адамның ниетіне де, өзін күтіп ұстауына да байланысты деп. Анам күні-түні жұмыста, үйге шаршап жетеді. Сондықтан да шығар атам секілді ерекше сынықшы емес. Бірақ келген адамның бетін де ешқашан қайтарған емес. Біздің сенімде ем-дом үшін ақы алуға қатаң тыйым салынған. Ауырып келген адам нияз байлап, аздаған тиын-тебенін мұқтаж жандарға береді немесе "қолыңыз ауырмасын" деген ниетпен менің анама тастап кетеді. "Қанша беремін?" деп қалтасына қолын салып ыңғайланған адамның талай рет айқай естігенін талай көргенмін.
Алаяқтар
Оларды тану қиын емес, бұндай емшілер ел кезіп, өзін жарнамалайды. Жасаған еміне ақы алады. Сосын 100 пайыздық жақсы нәтижеге кепілдік береді, әрине ауызша. Нағашы атам соларды жек көрсе де, өзі соның құрбанына айналды. Ел кезіп, ақыға кісі емдеп жүрген бір жас жігітті үлкен ұлы алып келіп, төсекте жатқан атамды емдетпек болды. Ешбір нәтиже болмады. Көп кешікпей Атырау өңірінің бүкіл батыс бөлігіне ерекше қасиетімен атағы шыққан атам бұл өмірмен қоштасты. 2000 жылдардың басы болатын.
Енді бұны не деп атаймыз? Дін тұрғысынан бұл күнә, ал ғылымда, мен білсем, нақты түсіндірме жоқ. Әйтеуір бұл қасиеттің ерекше энергия екені белгілі. Қалай десек те, бұл біздің ұлттық культіміз, Исламға дейін де болған, Ислам келгенде онымен конфликтіге түспей қатар өмір сүріп келген. Менің ойымша, бұндай ерекшелік әрі қарай да өмір сүруге толық құқылы.
Бәрі Алланың әмірімен болады дейді ғой, мүмкін бұл да Құдайдың берген сыйы шығар. Жоғары айтылған әңгімеде аздап бұрмалау болуы әбден мүмкін, бірақ аталған қасиеттердің өтірік екеніне ешбір нұқсан келтіре алмайды. Бәрі шынымен, осы өмірде орын алған оқиғалар.
P.S. Жоғарыда Х-адамдар әлемі кейіпкерінің суреті иллюстрация ретінде бекер таңдалған жоқ. Менің ойымша, шын аруақты адамдар да Марвелдің мутанттары секілді ерекше жандар :)

Ал аруақ, құмалақ, шүберек, тауықтың қанын шығарып үстіне жағу тб деген сияқты нәрселермен «емдейтіндерді», болашағын айтып беретіндер, жолын ашатындарды — тәуіп, палшылар — шарлатандар. Бірақ олар өздерін «емшімін» деп атауы да мүмкін. Реалисттер күлсе осыларға күлу керек.))