Өмірдің өзі - математика

Адаммын. Математика тұнған жанмын,
Есеппен туылғанмын, нұрланғанмын.
Ойнап жүріп бала боп санамалап,
Мектепте де іліммен шыңдалғанмын.
Өмірдің өзі тұрған — математика,
Есеп білмей, бағынан құр қалған кім?!
Көрсетейін суретпен соның бәрін
Құнын сонда білерсіз бұл жалғанның.
* * *
Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Сен тудың, көзің жаңа ашылған ұл,
Сәби қыз, қызыл лента, қасыңда гүл.
Тоғыз ай, тоғыз күнің есептелген,
Ата-ана мерейін шын асырған ұл.
Ағзаның барлық қажет өлшемдерін,
Аяққа таңар бирка осында тұр.
Дәрігер де есептеп алады ғой
Салмағың мен бойыңды басында бір.
Математика. Бәрі де есеп-қисап,
Туғаныңнан бұл ғылым қасыңда жүр.


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Бұл — ғылым. Сәби шақтан орнап алды —
Санауға үйретесің сен балаңды.
Өмір талап етеді
Даму үшін,
Перзентке бір үйірме таңдағанды.
Мәселен, би қимылы, әр адымың
Қажет етер зейінді арнағанды.
Есептеп, қанша жүріс, қанша тұрыс,
Ойланып, әр жағдайда жалғағанды.
Осыдан бастап бала үйренеді
Өмірде есептеуге әр қадамды…


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Тез-ақ өсіп кетеді, сенсең, бала,
Қыз бойжетер тәнті етіп, көрсең ғана.
Косметика жағады есептеумен,
Болсын деп «бет-әлпетім, еңсем дара».
Көлемін дәл келтіріп
Көзге бояу,
Ерінге далап жағар сонсоң ғана.
Шаш қиғанда әр талын теңдей қылу —
Болу үшін сүйсініп көрсең дара.
Шаштың өзін тең қылып тарап берер,
Қызына қарайлаған белсенді ана.
Бұл әлемді Сұлулық құтқарады,
Сұлулықты құтқарар өлшем ғана…


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Үй болу мен үй тігу дара шығар
Баспана салған адам баласына.
Жер өлшеп, адам үйін жоспарлайды,
Ал, іскер өлшенеді панасынан.
Биіктігі, ұзыны, бөлмелері,
Қаншама есеп қажет-ақ дәл осыған.
Терезесін тең қылып, қышын бөліп,
Мәнерлейді дәлме-дәл ағашынан.
Іргетасы ғылымның өлшеп берер
Іргетасын үйдің де шамасынан,
Математика шығар-ау ең қажетті
Пайдалы ғылымдардың арасынан.


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Қызметкер болдың, міне, дара тұлға,
Жұмыс таңдау — тірелген бәрі ақылға.
Қызметіңді талғайсың есеп қылып,
Жететіндей өзіңе жалақың да.
Сосын алған шығыс пен кірісті өлшеп,
Жеткізем деп талады қанатың да.
Сауда қылып, барасың базарлатып,
Өмірдегі саналып бар ақың да…


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Киім сүйер әйелді көрсең еді!
Әрине, есеп жоқ деп ер сөгеді.
Киіну, шопингіңе уақыт өлше,
Жеңілдік күту боп тұр зор себебі.
Бағасының пайызын санап алу —
Арзандықтың есепті өлшемі еді.
Киімді «размеріңе» сай қып алғын,
Болмаса, ательеде тең сөгеді.
Тіпті сұлулықтың да эталоны
90-60-90 деп өлшенеді…


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Ас ішу — қажеттілік, қалауың да,
Дайын ба сан өлшемді табағың да?
Ас пісіріп граммен, килограммен,
Жегенің де тұр екен санауыңда.
Бір қасық тұз, кесе су, қос тостаққа
Қажетті өнімімді саламын ба?
Үйдегі адам санын есептеумен,
Өлшеніп пісірілер тағамың да,
Тамақпен өлшемейміз біз адамды,
Тіршілікке керек ас-тамағың да.
Бірақ та өлшеп асты ұсынамыз
Өлшемді бұл жалғанның адамына…


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Туысың доспен тауып жарасым-ай,
Міндет шығар адамның баласына-ай.
Мейман қып шақырасың санап ойша,
Сыйдырам деп кең залды ханасына-ай.
Дастархан шақтап жайып, ас даярлап,
Қарайлап, қонақтардың шамасына-ай.
Қасық-кесе, ыдысын өлшеп қояр,
Санаулы тағамдардың арасына-ай.
Құя бер, жүз грамм да өлшенеді,
Адамның өлшегендей бағасын-ай.
Адам өзі қонақ қой бұл өмірге,
Біз күтеміз қонақты дәл осылай…


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Өмір өзі қып-қысқа, тар емес пе?
Саяхаттау — өмірдің сәні емес пе?
Ел кезуге ақшаңды есептеп ап,
Билет алу адамға тән емес пе?
Санап әрбір ұшақта минутыңды,
Шыдатпайтын тәп-тәтті жан емес пе?
Биіктік те өлшеулі ол кемеде,
Қашықтық та ұшатын бар емес пе?
Соның бәрін өзіне сыйдыратын
Жердің өзі өлшемді шар емес пе?


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Математика. Тағы да, сірә, құрбан,
Мал-мүлкіңе есеппен бір ағылған.
Малыңды өсіресің есеп қылып,
Жаз жайлау, қыс қыстақта тұрағыңнан.
Күз-көктемде көбейтіп, сатып-алып,
Төрт түлігің шығарып құмарыңнан.
Оқуына төлейсің, үй-жайына,
Неменеңді аярсың ұланыңнан?
Өзіңмен алып кете алмасаң да,
санаулы ұрпағыңа мұра қылған…
Дүниенің бәрі де есептеулі,
Тек сатып алынбайды — сірә, бір жан.


Блог - aikarakoz: Өмірдің өзі - математика
Өлшеулі өмір, беймәлім келер жасқа,
Баяғы есептеулер оралмас та.
Өлшенеді алда тек сауаптарың,
Оны егер санап кетсең, жоғалмас та.
Бойыңды өлшеп, жер санап, тереңдігін,
Қазар көрді туыстар, өрен дос та.
Есебін жаңа қазған қабіріңнің
Өлшейді тек адамдар сенен басқа…
* * *
Есеппен дүние есігін ашады өрен,
Есеппен жер қойнына кірер денең.
Уақыт — өзі төртінші өлшем екен,
Нүктеге өткен қайта көрінбеген.
Пұл санап, дүния жиып, өкінішпен
Өтеді екен бұл фәни алаң-елең…

Кей фотолар архивтан алынды
Бөлісу:

28 пікір

MERmukhanov
<Дүния санап, пұл есептеп, ғылым қуып,
Өтеді екен бұл фәни алаң-елең…
zholantai
Сұлулықты құтқарар өлшем ғана…
дөп басты,
бірінші фотодағы неге қуыршақтың аяғы?
aikarakoz
Роддомға кіре алмадым  
Әріптесімнің қызының биркасын қолдандым, бірақ  Образно түсінікті деп ойладым, артымды ашқаныңды-ай
Соңғы түзету:
zholantai
артымды ашқаныңды-ай
,
не ғо, екінші фотодағы ұл баланың тұрысы мықты екен, қимыл-қозғалысы фотодан шығып тұр
sammita
3 кг-ге жетпей туған «бөпенңі» аяғына мен де көз салып көріп қойдым))))
aikarakoz
Мен — ақын емеспін, қатты сөкпеңіздерші
zholantai
осы байқайм да, басымды шайқайм, Шымкентте кефирлердің бағасы Астанадағы кефирлердің бағасынан қымбат па сондай, неге екенін?
Abylai
ууууууу   
ал мен былай өлең шығара алмас ем)
zholantai
жүктілікті жоспарлау да математика, тіпті математиканың көкесі ма дейм,
Ottegin
Ондайды «аспандағы» ғана жоспарлай алатын шығар
zholantai
қайдам,әйтеуір әйелдердің осы ретте бір пландары болып жатады ғо, бірдеңелерді есептеп, түсіне бермейм, ну математика бар екені анық
Соңғы түзету:
Ottegin
Құдайдың көңілін көтергің келсе, жоспарларың туралы айт деген бар еді
zholantai
жоспардың өзі Құдайды жоқ деп білудің бір көрінісі ма дейм
zholantai
ал менің химик апайым: «біздің айналамыз — химия, химия, тек химия» дейтін
AlmasAhat
Химиядан қорқамын ал, математика үміт
AlmasAhat
Өмірдің өзі — математика болса ендеше есебіміз түгел, сан айналайын шексіз ғой…
AKY
Охо, сенің өлең жазғаныңды бұрыннан білсем де, өлеңіңді бірінші рет көріп тұрмын.
Бііррр таныс стилььь
asaubota
өлең форматы өте бермеуі мүмкін. алдында екі 10 кетті

ал пост мағыналы, лайк!
VKM
Маладес, Эльвира!Қолыңнан бәрі келеді
Tyulpan
«ойлансаңшы бос қақпай елең-селең» дегенге келетін сияқты.) күшті жазылған
zholantai
ондыққа қабылданып кететін-ақ өлең еді, жанры: фотореп болсын деген талап кедергі болд,
Dana
"Өлшеулі өмір, беймәлім келер жасқа,
Баяғы есептеулер оралмас та.
Өлшенеді алда тек сауаптарың,
Оны егер санап кетсең, жоғалмас та".

өлеңнің мына шумағы қатты ойландырды, ұнады, рахмет.