Ерте, ерте, ертеде… Америкада…

Арнайы "Үздік кино сыншысы" сайысы үшін…

Сызыла көтерілген апиынның түтіні адамның өмірніе қатар өрілді, болашақ пен болғанды, болмыспен қиялды өзінде ерітіп, адамға жаңа көкжиек ашқандай болды…



Серджио Леоненің «Америкалық хикая» (Once Upon a Time in America — Однажды в Америке) фильміне биыл 30 жыл болыпты. Бір топ америкалық еврей гангстерлерінің өмірі арқау болған фильм экранға шыққанда әлі Кеңестер Одағы тірі болатын. Сол кездің дәстүріне сәйкес, «буржуазиялық өмір салтының іріп-шірігенін» көрсететін фильмнің премьерасы біздің елде болмады. 80-і жылдардың аяғында көбесі сөгіліп, ыдырай бастаған советтік қоғамның тегеуріні бәсеңдеді. Голливуд фильмдері көрсетіле бастады. Мен бұл фильмді алғаш рет 1990 жылдың 2 мамырында қарадым. Неге есімде қалды десеңіз: ауылға қонақ болып келген мені клубтың алдын торуылдаған мұғалімдер кинозалға кіргізді, жергілікті мектептің балалары бұл киноны көре алмады))).
Күңгірт түсті көшелері адамның мысын басқан Нью-Йорктің қақ ортасындағы Ист-Сайдтың қатал заңдылықтарын адамның болмысы ретінде қабылдаған жас өспірімдердің өмірі, олардың өсуі (өсуі, әлде өшуі ме?), гангстерлерге айналуы, «өмірді шайқауы», содан соң әрбір қылмыс хикаясының қисынына сәйкес қаза табуы суреттелген фильмнің басты сарыны – адам арасындағы достық, махаббат, сатқындақ дегенге келеді.
Фильмнің басты кейіпкері – еврейлерден шыққан гангстер Дэйвид Арансон, лақабы – «Нудлс» — «Кеспе» (орысша «Лапша») және оның үш жолдасы: Макс (Максимилиан Беркович), Патси (Патрик Голдберг), Куки (Филлип Штайн). Фильм хикаяны Нудлстың атынан баяндайды.
Нудлсты ойнаған Роберт де Нироның өнері осы фильмде ерекше көрінді. Дегенмен маған ұнаған кейіпкер — Джеймс Вудс сомдаған Макс. Фильмнің негізгі сарыны Нудлс пен Макстың арасындағы қарым-қатынастың ағымында өрбиді. Қалған кейіпкерлер, схемалық түрде берілген десе де болады.
Фильмнің шедеврлік жерлері де бар, біреуін баяндауға рұқсат етіңіздер. Жасөспірім гангстерлер бірінші ісін сәтті аяқтап, тиынға қарық болған соң әдемі киінгенімен, өзінен зорды көргенде абдырап, шашылып қалады. Араларындағы кішісі — Доминик өздерінен үлкен бандиттің қолынан қаза тапты. Баланың аты — бала, өзінің сүрінгеніне кешірім сұраған тұсы:

Фильм кейіпкердің жастық шағы, «өмірді шайқап» жүрген уақыты және шал болған кезін үш желіге салып баяндайды, бірақ олар бір тізбекті емес, бірін-бірі алмастырып жатқан көп қатпарлы дүние.
Фильмнің әдемі шыққан тұсы – осы желілердің бірін-бірі алмастыруы:
Фильмнің тағы бір керемет тұсы — музыка. Иә, музыкасы — әйгілі Эннио Морриконенің туындылары. Фильмнің режисері Леоне мен Морриконе кезінде бір сыныпта оқыса керек, керемет музыканың фильмде төгілуі осыған байланысты болса керек.



Ал хикаяның ең маңызды тұсы:


Осыған дейін не болғанын білгіңіз келсе, фильмді көріңіз, бей-жай қалдырмайтынына сенемін.
Бөлісу:

5 пікір

qonyrbai
«Однажды в Шанхае» киносын көрдіңіз ба?
Ottegin
Қоңырбай, жоқ, көрмеппін.
Marco
Джынд кино, базар жоқ!
zholantai
көрмеген екенм, көру керек, Серджионікі болған соң
omarbirat
Бұл фильмді алдыңғы жылы ғана көрген едім. Бірақ көп жерлері есімде қалмапты. Көрдім деп айту үшін ғана көрген сияқтымын. Дұрыстап қайтадан көру керек екен