Қазақстандық "журье": анықтама, түрлері және болашағы.

Бәрін білетін және соңғы әрі нақты ақпарат көзі болып табылатын Уикипедияның мәліметіне сүйенсек журналист — қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады екен-мыс. Ары қарай не жазғанын «копипасттың» шеберлері, құрметті журьелер өздері оқып, ләззат ала жатар.

Блог - kozildirik: Қазақстандық журье: анықтама, түрлері және болашағы.

Ал «журье» деген кім? Нақты бір анықтама шығару үшін түрлерін біліп алайық:

1. Өте білімді, париот — «журье»: Теориялық білімі жоғары, Ницшеден бастап заманауи ақсақалдарға дейін цитатамен сөйлей алатын, түймедей ақпаратты көлдей көлемде беруге келгенде алдына жан салмайды. Псевдопатриоттық сюжеттер мен әсіреақпарттық мақала авторлары. Ең бастысы айтқанына өзі сенеді және сенбегендер үшін ату жазасын енгізуді сұрайды.;

2. Білімсіз патриот-«журье»: Алтыншы сыныпта «Алпамыс батыр» ертегісін, тоғызыншы сыныпта «Абай жолын» оқып бастап, тастап кеткен. Бір журье дайындайтын оқу орнын қызыл дипломға бітірген (сол жерде көк диплом алу западло ғой деймін, алғандарды көрмедім). Көзі жетпеген ақпаратты бере салу, оның алынған түпнұсқасына тіпті сілтеме де бермейтін осылар. Ең бастысы айтқандарына сенеді, бірақ біреу күдік білдірсе оның ығына жығыла салуы да мүмкін.

3. Білімді, бірақ қорқақ «журье»: Теориялық білімі жоғары, бірақ білімін орнымен пайдалануға қорқады. Өзін өзі сақтау инстинкті өте дамыған. Осы қасиеті карьера жасауына көп септігін тигізеді. Редакцияның саясатын толықтай қолдайтын тапсырмаларды орындайды, бірақ оңашада ар-ұжданы мазалап, арақпен дос болып жүретіндер осы саптан кездеседі.

4. Білімді маман, ааматтық позияциясы адал «журье»: Ия, таң қалмаңыз, бідің қоғамда ондайлар да бар. Бірақ олар жұмыссыз жүр…

Соынмен қортындысы: журье де адам. Оның кейбір еңбектеріне қарап «журьетану» туралы қортынды шығаруға болмайды, бұл субьективті адами фактор. Әйтпесе тура осы айтылған классификация бойынша кез-келген мамандықты да төртке бөлуге болады. Әлде одан да көп… жалғасытырып көріңдер…
Бөлісу:

3 пікір

zholantai
әрі нақты ақпарат көзі болып табылатын Уикипедияның
қазақша Уики қалайша нақты ақпарат көзі болып табылады?
kozildirik
Журье болудың басты шарты — Уикиге хадистей сену керек)))
qonyrbai
Неге журье дейді сонда?