Такси тоқтату туралы бір үзік сыр

Шынында, меніңше, таксист болу емес, «такси тоқтату» қорқынышты секілді. Бір күні құрбым жұмысқа кешігіп бара жатырмын деп, таксимен баруды жөн санап, біршама таксилерді тоқтатып, ақшасына келіспейді, бәрі қымбат сұрайды. Өзінің қалтасына алып шыққаны 800-ақ теңге. Сөйтіп, әрең дегенде бір үлкендеу кісі, жасы 50-55-тер жас шамасында, келісіп: «садись, доченька» депті. Бұл да қуанып, алдына отырыпты. Айтулы жерге жақындағанда, алдын ала ақшасын беріп қояйын деп қамданып, келіскен 800 теңгесін бергенде, таксист ағай: «ты че издеваешься?» деп бедірейе қарап, есікті кілттеп: " я тебя не просто так убью, ну и мариную" — депті. Құрбымның қорыққаны соншалық, көздерінен жас еріксіз ағып, қатты қорыққан. Қалтасын қайта-қайта қарап, ұсақ-тиек тиындарды тауып алып, зорға дегенде 200 теңгені құраған. Сол кезде барып, таксист есікті ашқан. құрбым болса, апыл-ғұпыл машинадан түсіп, отырған орнына ақшасын тастап, жүгіреді. Таксист артынан қуып: " я тебя из под земли достану, мариную как захочу" деген. Маған жасы еріксіз ағып, егіле жылап, баяндап бергенде, денемді қорқыныш-үрей билеген, Құдайым-ау, неше түрлі адамдар бар екен-ау дегенмін… Сақтансаң, сақтайды… Сондықтан, таксист тоқтатқанда, барынша абай болыңыз, нәзік жандылар!!!))
Блог - AknietTanirbergenkyzy: Такси тоқтату туралы бір үзік сырБлог - AknietTanirbergenkyzy: Такси тоқтату туралы бір үзік сыр
bk
Бөлісу:

18 пікір

ken
сондықтан артқы оранға отырғандарың дұрыс, қыздар
mampasi
және желкесінен бір ұратын бірнәрсе немесе электрошок салып жүру керек сумкаға
Tamila
жай әзілдеген болар
AknietTanirbergenkyzy
Әзіл емес, шындық!!!!))
AknietTanirbergenkyzy
Электрошоктың өзі жеткілікті секілді!!!))
bizbike
sondyktan resmi taxi shaqyrtynyzdar, kosheden minbei
MamaAya
соны айтам ау, солай қорқынышсыз, сенімдірек қой. Қымбат та емес.
AKA
Таксиден қорқатындардың бірі мен ғой, сол үшін де түнде жүрмеуге тырысамын. Ағам ап кетеді, кейде бірге қайтатын адамдар боп қалады. Тіпті, тобыммен бірге қыдырғанда мені апарып тастаңдаршы деймін  Таксиге жалғыз отырғызып жіберген кездерде жүрегім аузыма тығылып, үйге жеткенше әзер отырамын.
satibaldi
Таксиге жалғыз отырғызып жіберген кездерде жүрегім аузыма тығылып, үйге жеткенше әзер отырамын.

Сізді тасыған таксисті де сондай сезімдер мазалап, дегбірі кететініне сенімдімін
AKA
Солай болса жақсы ғой. Сол күні группамен жиналып, алғаш рет түнгі сағат 1:00 дейін болдым. Олар ылғи ерте қайтасың, «детское время» деп маған сөйлейтін. Сол күні мафия ойнап ұзақ отырып қалдық. Көңілдерін қалдырмайын деп, оның үстіне группаласымның үйінде (яғни, сенімді жерде) болған соң мақұл дедім. Биылғы Рамазан айының соңғы ауызашар күні еді одан қалды. Сонда да тез-тез тұрыңдар, қайтайық деп бастаған да мен болдым. Енді кеп көшеде такси ұстап тұрғанда аса қорықпадым, себебі үйіме дейінгі қашықтық көп емес, 200 тг баруға болады, тез жетем ғой деп ойладым. Таксилер де жүрмей қалды ма, ошм асығып тұрғасын тоқтаған біреусіне келістім. Ішінде адамдар отыр екен, шамалы сенімділеу ғой деп ойладым. Құдайым-ааай, сөйтсем әлгі таксистпен таныс па бірдеңе, отырғаннан допрос жасады. Таксиге мінгізіп жіберген кімдер, қайда тұрасың, аты-жөнің кім, руың кім?.. мен үндемей қалсам тағы бірдеңе деп жүрер деп, 1-2 сұрағына жауап бергендей болдым. Бір кезде қалаға қарай қыдырасың ба? деп такси ішіндегілер жырқ-жырқ күле бастағанда есіктен секіріп кетуге де дайын болдым.  Үнімді шығармай отырдым, алдыңғы жақта отырған қыздың сықылықтап күлгені мен қысқа етегін көріп қорқа бастадым. Біртүрлі, өздері сөйлеп күле берді. Мен болсам қорқып отырмын… жүрегім-ай! Үйге 3-4 үй жетпей түстім де, зыттым. Содан кейін кім не десе де кешкі сағат 23:00 кейін (максимум уақыт осы!) жүрмеймін деп шештім.
Aya
Шьелеееееееееееек, ойбай, шьелееееееек деймін. Мына тақырыптағы коменттер мені өртедііііііііііі
AKY
 қалай ғана таксимен жүресің ендыыыы
araika
Бұл таксисттер туралы кітап жазуға бармын мен
ken
Кітап болмаса да осында бір-екеуін жаз
Armanjan
Наурыздың басындағы мереке кезінде таксист болған жақсы, мерекелік шарадан қызып шыққан қыз-келіншектердің саны артып кетеді.