Бұл бақытты бәріңізге тілеймін!


бөліскен болатынмын. Жазбада қалдырған ақ тілектеріңіз қабыл болып, шамамен екі ай бұрын, 14 маусымда нәрестелі болдым.

Аяулы жар болу бақыты бір басқа, ана болу бақыты бір басқа екен. Түнгі сағат оннан отыз бір минут кеткенде шыр етіп жарық дүние есігін ашқан Бексұлтанымды дәрігерлер кеудеме жатқыза салған кезде тәулік бойы толғатып, өмір мен өлім арасында болғанымды ұмытып сала бердім. Сол сәттегі сезімімді сөзбен айтып та, жазып та жеткізе алмаймын! Жер бетінде жалғыз өзім ғана балалы болғандай мәзбін!


Қырық шелпегіне дейін тәуліктің басым бөлігін ұйқымен өткізетін баламның жанына барып, қарап тұрам. Кейде ұйықтаған күйінде жымиып жатса, кейде ернін бұртитып жылағысы келіп жатады. Оған қарап менің де жылағым келіп кетеді. Түн ортасына дейін ұйықтамай, оны оятып алғым келіп, сағыныыыып жатам. Әбден шаршап, көзім іліне бастаған кезде ол да жыбырлап, оянып алады. ))))))))))


Қазір өсіп қалдық. Күн өткен сайын оның болашағы үшін қатты алаңдаймын. Туған кезде бәрі жақсы, жаман адам қайдан шығады деп ойлаймын. Бәлкім жаман адам жаман тәрбиеден, жаман ортадан шығатын шығар. Ол жағын анық білмеймін, бірақ балама бар жан жылуымды сыйлап, атына заты сай тұлға болып өсуіне ықпал етуге тырысамын. Осы жылы сәбилі болған және алдағы уақытта сәбилі болатын барлық ғаламтордағы достарымды зор қуаныш, мол бақыттарымен құттықтаймын! Ата-анасының үмітін ақтар қайырлы ұрпақ көп болғай!

Тіпә-тіпә! Тіл-көзден сақтасын!!!
Керекинфолықтардың аузы дуалы ғо, бауы берік болсын, көбейте беріңіз қара домалақтарды))
Иииих, кеттім, мамыма звондайм
Бала туғаннан кейін ой таязданып, қиялдың қанаты күзеліп, бұрын дастан жазып тастайтын бас — енді балабақшадағы ертеңгілікке тақпақ та шығара алмайтындай мүсәпір күйге түсетіні рас па? Өтірік болса, жиенімнің жаттап жүрген өлеңі неге мынадай, нақ:
Елім деймін, жерім деймін
Жыры болып төгілейін.
Туған жерім — ыстық маған
Ешкімге де бергізбеймін.
қуаныштымын сіз үшін