Астана қонақтарының назарына: "Керуен" vs. "Хан шатыр"

ОҒМ жазбалары: Астана қонақтарының назарына: Керуен vs. Хан шатырАстанамыз күн санап өсіп келеді. Өскен сайын қалаға келетін қонақтар саны да артуда. Алматыдағыдай керемет табиғат, көңіл көтеру орындары болмаса да, мәдени орындар (театр, музейлер) көптеп ашылуда. Дегенмен қалаға келгендердің басым бөлігі ең алдымен «Хан шатыр» немесе «Керуенге» беттері анық. Бұл екеуі – қаламыздың басты сауда және ойын-сауық орталықтары. Сыртқы архитектурасы мен ішкі безендірілуі жағынан талайды таңдай қақтырады. Ал басқа қандай артықшылықтары бар екен? Бір-бірімен де салыстырып көрейік.ОҒМ жазбалары: Астана қонақтарының назарына: Керуен vs. Хан шатыр

Орналасуы
Негізі екеуі де сол жағалауда, бір-бірінен бәлендей қашық та емес. Дегенмен «Керуеннің» орналасу орны қолайлырақ, меніңше. Дәл қасында Бәйтерек те тиіп тұр. Жаяу қыдырыстайтын «Нұржол» бульварының ең әсем жерлері осы Керуенді жағалайды.

«Керуен»-«Хан шатыр» 1:0.


Дария, қала тұрғыны: «Мен үшін «Керуен» ыстық. Өйткені «Керуен» — алғашқы таныстықтардың басталған жері.»

ОҒМ жазбалары: Астана қонақтарының назарына: Керуен vs. Хан шатырШопинг
Негізінен мұндай сауда орталықтарында бірдей брендті бутиктер болатыны себепті, баға жағынан айырмашылық жоқтың қасы. Алайда «Хан шатырдың» басымдығы – бутиктер саны әлдеқайда көп, сондықтан ұсыныс та мол. Ауылдағы кішкентай бауырларыма көңілге қонымды бағамен базарлық алатын «LC Waikiki» бутигі «Керуенде», мысалы, жоқ. Киім-кешектен бөлек түрлі сирек бұйымдар, тұрмысқа қажетті заттардың бәрі осы жерде.
Мақсатыңыз тек қана сауда-саттық болса, еш ойланбастан «Хан шатырға» барыңыз. Қолжетімді бағамен іздегеніңізді табатыныңызға сенімім мол.

Осылайша «Керуен»-«Хан шатыр» 1:1.


Асаубек, қала тұрғыны: «Хан шатыр» жақсы ғой. Іздегеніңді (тауар) жылдам табасың, көңіл көтеруге де ыңғайлы. Бағалары да көңілге қонымды.

ОҒМ жазбалары: Астана қонақтарының назарына: Керуен vs. Хан шатырСауық
Балаларды ойнатуға «Хан Шатырда» аттракциондар көбірек. Сонымен қатар әдеттегі «Хэппилон», «Бэбилон» тектес ойыншықтардан бөлек мұнда «Dinopark», «Құбыжықтарды аулау» қорқыныш бөлмесі бар. Балалардың ойыннан жалықпайтыны белгілі ғой, дегенмен абайлаңыз, өзіңіз шаршап, әбден басыңыз ауыруы мүмкін.
«Хан шатырда» сонымен қатар «Sky beach club» жасанды тропикалық жағажайы бар. Өздерінің айтуынша, құмы Мальдив түбектерінен әкелінген.
«Хан шатырдың» бірінші қабат холының кеңдігі себепті апта сайын түрлі концерттер, қайырымдылық шаралары өтіп тұрады. Есесіне қаладағы бірден-бір энтузиастік ұлттық шоу — домбыра пати әр бейсенбі сайын «Керуеннің» алдында өтеді. Өкініштісі, тек қана жаз маусымында.
Екі кешенде де кинотеатр бар. Бірақ 3D IMAX — тек қана «Керуенде». Қала жастары кино көруге негізінен «Керуенге» барады. Оған себеп келесі пунктте. Ал әзірге екеуіне де бір-бір ұпайдан қостым,

«Керуен»-«Хан шатыр» 2:2.


Саясат, қала тұрғыны: «Қыдырысқа «Керуен» жақсы, себебі біздің жасымызда ойнау мен көңіл көтеруден бұрын тыныш әңгімелесу, жайлы отырыс ұйымдастыру жақсырақ. Ал сауда жасауға әрине «Хан шатыр»

ОҒМ жазбалары: Астана қонақтарының назарына: Керуен vs. Хан шатырФуд-корт
Екі орталықта да атаулары бірдей тамақтану нүктелері бар, ал баға жағынан пәлендей айырмашылық жоқ. Жастар сүйіп жейтін KFC екеуінде де бар. Бірақ «Керуеннің» фуд-корты әлдеқайда кең, соның әсерінен еркін тыныстайсың десең де болады. Қаңғыр-күңгір шуы да азырақ. Ұлттық нақыштағы әдемі залы — достармен кездесуге таптырмайтын орын. Бірнеше үстелдерді қосып жіберіп рахаттана уақыт өткізуге болады.
«Хан шатырда» қымбат та әдемі мейрамханалар көбірек, бірақ қандай да бір романтикалық немесе іскерлік кездесу үшін өз басым қаламыздағы қаптаған жекелеген мейрамханаларды таңдар едім. Сондықтан бұл жағынан басымдықты «Керуенге» беремін.

«Керуен»-«Ханшатыр» 3:2.


Ая, қала тұрғыны: «Екеуінің де атауы мен үшін ерекше сауда орындары. Алайда алғаш көргенімде «Керуеннің» ішкі дизайны, қазақы нақышы таң қалдырған болатын. Себебі Алматы, өзге қалалардан мұндай нақыштағы қоғамдық орындарды кездестіре бермейміз. «Керуенде» кездескен таныстарымның жақсы болғандықтан ба «Керуен» қолайлы, тамағы дәмді көрініп тұрады. «Хан Шатырдың» іші ала көлеңке, шулылығымен мені тез-ақ шаршатып жібереді. Өзім Астана қаласына жақында келгендіктен де артықшылық-кемшілігін біле қоймаған болармын.»

ОҒМ жазбалары: Астана қонақтарының назарына: Керуен vs. Хан шатырҚызмет
Екі сауда орталығында да автотұрақ бар. Банкомат, түрлі терминалдармен қамтамасыз етілген, авиа және теміржол кассалары, фотосалондар бар. «Керуенде» «Galmart», «Хан шатырда» «Green» гипермаркеттері бар. «Керуенде» «Халық банк» болса, «Хан шатырда» «Цеснабанк».
Айырмашылығы, «Хан шатырда» бұларға қоса кір жуу, киім тігу, кілт жасату, аяқ-киім шеберханасы тектес қызметтер қарастырылыған. Сондықтан бұл тұрғыда ұпайды «Хан шатырға» бергім келіп отыр.

Нұржол, қала тұрғыны: «Хан шатыр» жақсы. Себебі, онда жақсы сауда бутиктері бар және қолжетімді. Үлкен. Ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, аттракцион, тамақтану орындары, супермаркет және қажет болатын қызмет түрлерінің арнайы орындарына баруға болады. Мәселен, телефон операторлары, интернет операторлары, банктер.»

Сонымен, «Керуен»-«Хан шатыр» 3:3.


Достық жеңді деуші ме еді мұндайда? Қарап тұрсаңыз бірінен бірінің артық-кемі жоқ, айырмашылықтары ғана бар. Бәрі де тек тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Қайда баруды өзіңіздің мақсатыңызға байланысты таңдайсыз.

Сауда сәтті, қыдырыс тәтті болсын!

Алғашқы екі сурет интернеттен алынды
Бөлісу:

18 пікір

MERmukhanov
Дария, қала тұрғыны: «Мен үшін «Керуен» ыстық. Өйткені «Керуен» — алғашқы таныстықтардың басталған жері.»
ой, е, далее бірс ондай екен ғо
Соңғы түзету:
xsanatos
есентай ғо дұрысы, тек алматыда)
AKA
Салған суреттеріңіздің сүйкімдісін-ай!
asaubota
Әд-демі!

p.s Астана кішкентай қала, ана қала тұрғындарының бәрін танимын
sammita
баратынымыз Ханшатыр, Керуенге кіргенім болмаса толық араламаппын.
жазба қысқа да нұсқа екен
Aya
сенікі нәщар шынымен ©
AKY
Aya
қанды кек қайтты
AKY
Менен кек алып отырсың ба сонда
Aya
Саммитаға жазывотрқ қой))
sammita
мазамды алма, садақамды беріп қойғам
AKY
әлдеқандай болмаш
sammita
үйібай, саған не болД, бәрің маған жазуға құмар болдыңдар ғо тегі
Соңғы түзету:
aza
Кеше кешке доллар беретін «Казком» банкоматын іздеп Керуенге бардым. Тек теңге екен. «Хан Шатырға» бардым. Доллармен береді екен, бірақ бітіп қапты. Риксостан алдым. Риксос +1
AKY
Пах-пах, крутой жігіт ))))
satibaldi
«Керуен» vs. «Хан шатыр»
Ал былай, шынымен, — екеуі тувлессе қайсысы жеңед?
zholantai
негізі екеуін салыстыруға келмейд ме дейм,
«Керуен» — демалыс
«Ханшатыр» — сауда-саттық
орны ғо