Туған елге тағзым 3 - күн

Мені бүгін жақсы, ұйқым қанып тұрдыv.Барлығымыз таңғы ас ішіп, автобусқа жөнелдік.Алда үлкен мақсат, Агрофирма «Родина» ЖШС сүт зауытының тарихы, заманауи технология жабдықтарымен танысу.Әрине ол Астанадан жырақта орналасқан.(70км)Әрине ондай алыс жерге барар кезде кімде – кімнің ішін пыстыратыны анық. Барар кезде теледидардан мультфильм көріп бардық.Сол мультфильмге кіріп кеткеніміз соншалық қасымызда отырған достарымыздың әнгімесін естімейде қалдық.Бір қарасам автобус тоқтағалы жатыр екен.70км жерді тез арады жүріп тастаппыз.Келдік.Түсе сала ауыл иісі мұрнымды жарып жіберді.Өзімнің ауылым есіме түсті.Ауылымды қатты сағыныппын. Осы жақта кішкене болсада сағынышымды бастым.(Ауыл керемет қой) Осылайша әрі қарай сол сүт зауытымен танысыпта кеттік. Үлкен үлкен сүт шығаратын зауыттар, әсіресе сиырлар көп екен. Бұл жерде 800 бас сонау Канада жерінен алып келінген сиырлар болды.Сиырларға жақсы жағдай жасалған. Ішіде кең, яғни жүріп тұруына өте қолайлы әрі тап – таза.Әрі қарай зауыттың ішіне кірдік. Ішінде бір мезетте 50 сиырды сауатын қолайлы техникамен таныстық. Сиырларда әбден күнделікті өміріне үйренген.Өздері келіп тұра қалып, сауатын құрылғы түскен жағдайда қайттан шығып өз орындарына тұра қалады. Осылай олар күнде Астана қаласына 30 тонна отандық өнім жіберіп тұрады.Танысып болған соң «Родина» ауылына жол тарттық.Барлық жағдай жасалған.Тіпті бір көргенде ауыл емес қала дерсіз. Бірінші сол ауылдың Мәдени үйіне бардық. Іші өте керемет, барлығы бар.(теннис, спорт алаңы, биллиярд)Маған ерекше көрініс алған Астанадағы атақты кинотеатрларының бірі «Кинопарктен» асып түспесе кем түспейтін кино залы болды.Бір қызығы сол ауыл қанша жылдан бері (4жыл) чемпион екен, спорт жағынан. Кіргенде көздің жалын алатын зат осы спорттан алған (кубок, медаль) тұрады. Сол ауылдың таныстырушаның айтуынша ешқандай ұрлық деген жаман істер атымен болмайды. Көлігін қайда қалсада,құлттамай кете бермен болады дейді.Онсызда ешкім көлігін құлттамайт, өте қарапайым халық дейді. Осы әнгіме айитып келе жатып, халықтың отырып демалып, балаларын ойнататын кішігірім парккеде келдік.Парк өте жақсы жасалған.Одан әрі қарай Христиан дінінің шіркеуіне кірдік.Ішіндегі дін қызметтерімен сөйлесіп ішін аралып таныстық.Айта берсен барған жеріміз өте ауыз толтырып айтарлықтай.Өйткені бұл ауылдың ауасының өзі көп парақты парақтап тастауға жетеді.Міне осылай сол ауылдың супермаркетіне кіріп, жол азығымызды алып, қайттан артқа Отанымызға қайттық. Жол бойы Қызылорда өрендері мен Астаналық оқушылар қосылып ән шырқап, өлендетіп 1,30 сағаттық жерді өте шықтық. Келесі баратын жеріміз ол, осы Қазақстандаға ең беделді оқу орны «Nazarbaev University». Біз Nazarbaev Intellectual scholl болғандықтан бізге мұнда келу өзіміз үшін өте маңызды.Алға қойған мақсат, түскіміз келетін универститеттің алғашқысы міне осы NU болмақ.Кіргеннен бізге нұсқау көрсетіп әрі осы NU жайлы толық мәлімет беретін Құрманов Азамат деген кісі күтіп алды.Ол кісі осы университетке қалай түсу жолдарын жан-жақты айтып, егжей-тегжейлі мағұлмат беріп, білімге деген құштарлығымзды тағы бір оятып жіберді.Тыңдалымнанн шыққаннан кейін жол сілтеуші апайларымыз ішін аралатты. Аралау барысында биология, химия аудиоторияларын көріп, әрі қарай 3 этажды кітапханамен жалғасты. Студенттер үшін кітапхана өте қолайлы. Кітап табылмай қаладау деген үрей қорқыныш жоқ,әрі арнайы жаңа технологиямен компьютермен жабдықталған.Әрі қарай естелікке суретке түсіп, жақсы көңіл күймен ІВ мектебіне бардық.Ол жақтағы оқушылармен бірге ойындар ойнап қайттан қонақ үйге бардық. Бүгінгі күн әсерлі өтті.
Бөлісу:

1 пікір

MERmukhanov
бөліп бөліп сал  2 күн қатар кетіпті.

Тақырыбын қызық қып қой. Жылтырақ сурет сал.