Той дегенде қу бас та домалайды

Бұл турда көшеден наурызкөже сұхбат жасап, ұпай жинау ойда болды. Ел жаққа барып, қора-қопсы, үй-жайдың бұзатын жерін бұзып, қосатын жерін қосып жатқандықтан көшеден өткен ауылдастарыма әңгіме арасында сауал тастай отырып жасаған сауалнамамды қабыл алуларыңызды сұраймын.
Жаз мезгілі қазақтың той-томалағының көбейетін шағы. Сауалнамам осы төңіректе өрбіді. Бұған қуанышпен қатар жүретін, кезектесіп отыратын, өлік-тірікті де қоса алдым.
Сауалнамаға жауап берушілердің 59 пайызы 5-6 мәрте жұрттың қуаныш-қайғысын бөлісіп қайтады екен. Сондай-ақ, бұл топ барған жеріне кемінде 5-10 мың теңге (кейде қомақты сомма беретін жөні келеді) көлемінде ақша тастап кетіп отырады.
Келесі 21 пайыз ауылдастарым бұндай жиынға 2-3 рет бас сұғып, 5 мың теңгеге дейінгі қаражатты қажетті жандарға тастап кетеді.
Әбіләкімнің  ауылы: Той дегенде қу бас та домалайдыАйына бір рет ұялғаннан не болмаса реті солай келгендіктен той-томалақ, өлік-тірікке бас сұғатын 12 пайыз жерлестеріме де бір мәрте шапалақ ұрып қоюларыңызды сұрағым келіп тұр. Бұл кісілер қолтығына бір шапанын қыса жүргенді ұнатады екен.
Бұл сауалнаға «Бармаймын» деп жауап берген көбіне 16-20 жс аралығындағы жастар. Ондай жерлерге ата-аналарымыз барса немесе ақша жазылса жеткілікті деп есептейді.

Айтпақшы, Бразилияда өтіп жатқан футбол бәсекесін жатпай-тұрмай қадағалап жүрген ауылдастарымның санын білгім келген. Ойлағанымдай бұған бас қатырып жүргендер шамалы екен. Оның да себебі бар. Қазір ел жақта шөп шабу науқаны, егін оруға дайындық және бар. Егер менің қолымда 4 саусақ қана бар болар болса, футбол жанкүйерлерін санағанымда оның бірі артық қалар еді.
Бөлісу:

2 пікір

zholantai
Тойға жылына 1-2 рет баратындарданмын, ондай қазақтар бар болса әрине. Тойға бармаған жылдар да болды. Мұның жаман не жақсы екенін әзірге білмеймін.
Біздегі тойға бару — «менің жиыныма, қуанышыма келген», «менің де жиыныма, қуанышыма келеді» ғой деген шартты есеппен орындалады ма дейм,

Ал, маған пох екен. Ондай шартпен бармаймын, және ондай шартпен келгендерді жаратпаймын. . Лучше келмей-ақ қойсын.
Соңғы түзету:
rakisheva
Сауалнаманының жазбасын тойды жүргізіп жатқан асабаны тыңдап отырғандай оқып шықтым