Мейрамхана, шығын, себеп

Жұрттың баласы пысық осы, жүрген-тұрғанын есептеп, әр шығынан қағазға тізіп жүреді. Сондай өте ұқыпты құрбымның әңгімесін естіп, ұялып кетсем керек — үйге келе сала, соңғы айда жұмсаған ақшаларымды есептедім. Дәл сол айда қыдырыс көбейіп кетті ме, қонағым көбейіп кетті ме, кафе-ресторанға жұмсаған ақшам 40 мыңнан асып жығылыпты. Сонша ақшаны ішіп-жеп қойғаным үшін ал кеп өзімді сөгейін.
Маңдай теріммен алған еңбекақымды ысырап қылғаныма қанша өкінсем де, жалғыз өзім «жаман атты» болғым келмейді әйтеуір. «Мүмкін ақшаны бей-берекетсіз жұмсайтын мен ғана емес шығар» дейді ішкі ойым. Бар екен. Көп емес. Айттым ғой, жұрттың баласы өте пысық: айына 5-10 мыңын ғана жаратады мейрамханаларға. 200 адам жауап берген онлайн-сауалнама соны көрсетті.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп


Сонымен не керек, бұл айда өз-өзімді жазаладым: киім алмаймын, ешқайда бармаймын, ешкіммен кездеспеймін, тек үй-жұмыс-үй. Қайдағы? Аптасына 3-4 рет кездесуді әдетке айналдырған достарым мені іздемейді деймісіз? Телефоныма қиқулап хат келіп еді, көңілім алабұртып, өзіме берген уәде бұзылайын деп жатқанына өзім ұялып…
Байқасам, кафе-ресторан дегенге тек достарыммен кездесу үшін ғана барады екенмін. Біреу «барайық» демесе, іскерлік кездесу не арнайы ас ішу үшін ол жақтарға бас сұғуым өте сирек. Сауалнамаға жауап берген 200 адамның 88 пайызы да достары болмаса, мейрамханаға сирек баратындардың қатарында :d.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп


«Достарым шақырып қоймаған соң барып едім» деген сылтауларды көбейте бермей, неге үйде тұрақты түрде тамақ пісірмеске деп ойладым. Жо-жоқ, үйде тамақ істеледі, тіпті күніне 2 рет істеледі. Әрі пісірген тамақтарым өте дәмді:dx_x. Кейде енді тамақ істейін деп жатқанда телефоныңа қоңырау түседі де, бәрін тастай сала, көшеден тамақ ішуге кетесің. Сонда деймін де, неге екі адамның басы қосылса, тек тамақ ішу керек? Неге шайтанарба теуіп, кино көріп, далада серуендеп, үйге қайтып кетпеске? Әлде кафе-ресторанның тамағында ерекше бірдеңе бар ма екен? Әрине, ерінгенге үйдің тамағы қанша дәмді болса да, қазанды салдырлатып жатқаннан 1000-1500 жарым теңгеге фаст-фуд жей салған тыныштау. Демек, мен де ерінемін. Мейрамханаларға пингвин еті, жылан сорпасы сияқты экзотикалық тамақтарды жеуге бармасаң, күнделікті үйде пісіріп жүрген спагетти, палауларға тапсырыс беру шынында біртүрлілеу екен. Төмендегі статистиканы көргеннен кейін үйде тамақ пісіруге ерінбейтін болдым.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп


Айына достарымен кездесу үшін жиі жиналып, 10-15 мың теңгесін мейрамханаға тастап кететін қарапайым адамдарды қойыңызшы, өнердегі жұлдыздарымыз ше? Кішігірім статистикаға сүйенсек, жұлдыздарымыз мейрамханаларға көбіне тамақ ішу үшін барып, ай сайын 100-200 мың теңгесін қиналмастан төлеп жүре береді екен. Сенбесеңіз, төмендегі блиц-сауалнаманы қараңыз.


Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп
Айына кететін шығындарды түртіп жүрген жақсы. Шығынның цифрлары көз алдыңда жазылып тұрса, ақша ақылмен жұмсала бастайды. Тіпті, қойындәптеріңіз бір жақта, жазуыңыз бір жақта қалады деп қорықсаңыз, мейрамханаға төлеген шоттың чегін жинап жүріңіз. Айдың аяғында бәрін есептеп, әмияныңызды тазартып отыратын боласыз.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп

Достармен кездесу үшін тек мейрамханаға не қандай да бір орынға жиналу шарт емес. Өмір салтын өзгертіңіз. Достарыңызды шаңғы тебуге, шайтанарба тебуге, шахмат ойнауға, гитарамен ән налуға, атқа мінуге, боулинг ойнауға, сурет салуға шақырыңыз. Денсаулық та, көңіл-күй де жақсара түседі. Бірте-бірте достардың кездесу орны мейрамхана емес, спортзал болуы да мүмкін.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп
Тек қана үйден тамақтануды әдетке айналдырыңыз. Мысалы, суреттегі тағамдардан «Кірпі» деп аталатын дәмді тамақті пісіруге болады. Оған кететін шығын: фарш — 570 тг, сәбіз — 100 тг, аскөк — 100 тг, қаймақ — 380 тг, пияз — 100 тг, Магги қоспасы — 200 тг, барлығы (шамамен) — 1450 теңге. 1450 теңгеге үйде 4 адамды әбден тойдыруға болады, ал, мейрамханаларда бір адамды тойдыру қиындау.

Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себепДәмді әрі жылдам пісетін, оңай дайындалатын «Кірпі» туралы айтқан екенмін, рецептімен де бөлісе кетейін. Бұл тағамды Магги дәмдеуішінсіз дайындау мүмкін емес, меніңше.
Жоғарыда көрсетілген 1450 теңгенің азық-түлігін аламыз да, алдымен күрішті жуып, үстінен ыстық су құйып, 10 минутқа бұқтырып қоямыз. Пиязды майдалап тураймыз, сәбізді үккіштен өткіземіз.
Сәбіз, пияз, фарш, Магги қоспасының «фаршқа» деген бөлігін, күрішті суымен бірге, бәрін бір ыдысқа салып, араластырамыз.
Енді соусын дайындап алу керекпіз. 400 грамм мұздай суға 3 ас қасық қаймақты салып, әбден араластырамыз. Одан кейін Магги қоспасының «соусқа» арналған бөлігін қосып, араластырамыз. Соус дайын.
Фаршты дөңгелектеп алып, майланған қазанға не табаға саламыз. Соусты ақырындап құямыз, дөңгеленген фарштар батып тұру керек.
Баяу отта 30 минут пісірсеңіз, дәмді тамақ дап-дайын болады :-@d
Блог - aikarakoz: Мейрамхана, шығын, себеп
Ас болсын!
Бөлісу:

9 пікір

zholantai
айлық алғанда, өзімді анда-санда еркелетіп алу үшін барамын.
Достармен кездескенде, басқа да мейрамхана-кафелерге баруға жағдай болғанда, қымбат мейрамханаға баруға қалта көтермейді. және айлығымның 30-40 пайызын мейрамханадағы бір отырыс үшін беріп кетуді құр көрмеймін.
Қымбат емес деген мейрамхана-кафелердегі тамақ дәмділігінен, қызмет көрсету сапасынан және ыдыс-аяқтың, дастарханның тазалығынан минус шығып жатады. Шымкентте солай. Басқа қалаларды қайдам.

«Бойцовский клуб» пен «Помни»фильмі де осы мейрамхана-кафе-дәмханаларға бару дегенді әжептәуір шектеді.
Ең дұрысы үйде тамақ дайындау. СОл мейрамхана-кафеге төленетін ақшаға тәп-тәуір азық-түлік қорын жасақтап, қажетті ас үй құралдарын алып, достарды үйге шақырып, асханада шүйіркелесіп отырып, ас әзірлегенге не жетсін.
Жеке үйім болған уақытта солай істеймін. Әзірге пәтер жалдап жүрген соң, бойдақ болған соң көбіне фаст-фуд, әйтеуір жүрек жалғайтын бірдеңені қорек етуге тура келеді.

Ойлаймын, бізде тамақтану мәдениеті деген дүние қалыптаспаған ба деп. Мейрамхана-кафе дегендердің Қазақстан жұртшылығы үшін әлі де жаңалық сипатынан арылмауы, қоғамдық психологияда тамақтану орындарын тынығу мен демалудың басты ордасы деген көзқарастың әлі де сақталуы, достар мен туыстарды кафе-мейрамханада күтіп жіберу керек деген түсініктің басқа да сауық түрлері бар екендігін жойып жіберуі — мейрамхана-кафелерге деген көзсіз ынтызарлықтың басты себебі ме дейм.

Сол мейрамхана-кафелерде отырып шыққанға кететін шығынға қаншама нәрсе жасап тастауға болатынын ойлағанда өзімніңде ішім ашитын кездер болады, бірақ жиі емес. Өйткені, көп бармайд екенмін.
Бармауыма басты себеп: ай сайынғы табыс көлемінің мүмкіндік бермеуі
Табысым тасып жатса, мен де жоғарыдағы 8% және 45%-дың қатарынан табылар ма едім, бәлкім

Ну, бой жазып, сейіл құрып, физикалық қозғалысқа түсетін арзан ойын-сауық түрлері бар кезде, мейрамхана-кафелерге пәленбай сумманы лақ еткізіп төге салу, ақымақтық ғо, иә
AKA
Мынау бір жазба болыпты ғо
AKA
Күшті сараптама, әдемі мәзір!
Gastarbaiter
Дырылдап дрова болу үшін барам, тыңқиып алып, даяшының мозгасын тоңқайту үшін барамын, жігіт іздеп, қыздарды сындыру үшін барам деп біреуі айтпайды ей, ә қаззақтар десе.
AKY
Ондай нұсқалар болған жоқ қо
Gastarbaiter
Звездундарды, тойыс звездаларды айтам.
nurshat-alimkyzy
55 пайыздың ішінде болғаныма қуанып отырм)) бірақ күні бойы әлсіреп, ас дайындауға әлің келмей, ауызашарда дәмді тамақ жегің келіп, дәмханаларды аралау енді басталатын шығар.
MERmukhanov
Бара салам көңілім қалаған уақытта — мысалы, бүгін кешке — жақсы компания болса болды.
Бірақ аса шашқыш дей алмаймын өзімді, сол достармен кездескенде, реті келген демаылстарда боп тұрады.