Перпетуум мобиле немесе #track_of_the_day

Мәңгілік қозғалтқыш қағидатына негізделе отырып, келесі жобаны бастағым келіп отыр. Track of the day — күделікті негізде толықтырылып отыратын үздік әндер топтамасы. Күн сайын үздік деп танылған кемінде бір ән назарларыңызға ұсынылады. Соңғы сөйлемде ырықсыз етіс қолданылғанымен, әндер тізімі менің талғамыма сай және менімен жасалатындығын айта кеткен жөн  

Өзіңізге белгілі, жақсы ән табу шын мәнінде үлкен проблема. Меніңше, жақсы ән дегеніміз кемінде бір-екі күн үзбей тындалатын туынды. Сондықтан, басты мақсат — сапалы музыкалық туындылармен бөлісу. Оған қоса жақсы әндердің тірілей орындалған нұсқаларымен бөліскім келеді. Оған қоса, кей әндерге жасалған кавер версиялар да бар қоржынымда. Жол-жөнекей отандық және шетелдік әртістер мен музыкалық топтардың шығармашылығын талқылайтын боламыз. Әрине, әрбір адамда музыка тыңдауға деген сұраныс деңгейі әртүрлі және ең бастысы — музыкалық талғамдар айрықшаланады. Сондықтан, ұсынылатын әндер ұнамауы да ғажап емес.

Қаласаңыз американдық Rolling Stone журналының "тарихтағы 500 ұлы ән" жинағын қарап шықсаңыздар да болады. Жеке басым, фонотекамдағы көптеген әндермен осы тізім арқылы таныстым. Дегенмен, бұл тізім тек ағылшын тіліндегі әндерден құралған және 21 ғасырда жазылған үш-ақ әнді қамтиды. Өз кезегінде, менің блогымда мұндай шектеулер жоқ.

Ресми бөлім аяқталды осымен  Әрине, менің бойымдағы басты қозғалтқыш күш — өзімнің музыкалық талғамым жоғары деген сенімділік. Және сіздермен үздік әндермен бөліскім келеді деп жазған кезімде, Құдайлардан от ұрлап кетіп, адамдарға табыстаған Прометей мысалы есіме түсіп кете береді.

Ендеше кеттік. Сонымен, track of the dayColdplay тобының Yellow әні.
Тәбеттеріңіз ашылсын!



Бір қызығы, бұл әннің орыс тіліндегі нұсқасы да бар. Небо деп аталатын каверді талантты алқаш Григорий Лепс орындайды.



Өз кезегімде, Yellow әнінің қазақша нұсқасын ұсынамын. Ах да, Лепстің нұсқасына салып айту керек.

Қалдырдың сен жалғыз
1) Жарық жұлдыз, ерекше нұрланған
Қымбатты ең маған,
Қалдырдың сен жалғыз.
Ең сұлу қыз мен үшін әлемде
Бол мендiк десем де,
Қалдырдың сен жалғыз.
Таусылды төзiм, қинаған бiр өзің,
Қураған гүл сезiм,
Қалдырдың сен жалғыз.

Қайырмасы:
Қайдасың сен, қайда жүрсің?
Сағындырған есімде есімің
Ұмыттың ба әлде менi сен
Сәулем сенi сүйгем

2) Ұмытылар мұңға толы сәттер,
Уақыт зырлап өтер,
Қалдырдың сен жалғыз.
Жеңілдім бе, жеңдім бе белгiсiз,
Жүректі тек үнсiз,
Қалдырдың сен жалғыз.

Күндер өтер, келер қайта көктем
Бәрiбiр мен күтем…
Бөлісу:

2 пікір

Marco
Colplay-ге құрметім шексіз, алайда, олардың орындауында онсыз да көңілсіз отырғанда көңілсіздене түседі екенсің. Ал, Лепста мінез бар. Қанша херово болса да арты жақсы болады деген ұндеу естідім.