Блог деген не? Блоггер деген кім?



Сөздің этимологиясынан бастасақ, блог — ол ағылшынның «web log» яғни «желі журналы» сөзінен пайда болған.
Блог — онлайн жүргізілетін автордың жеке көзқарасымен жазылған ой, шағын әңгіме не күнделік.
Блог сөзі — ғаламтор беттерінде нақты бір тақырыптарда не белгілі категорияда информация тарататын түрлі әлеуметтік желілерде және сайттарда қолданылып жүр.
Қарапайым сөздермен, БЛОГ дегеніміз:
• хронологиялық тәртіппен жазылып, үнемі жаңартылып отырылатын «желі журналы» немесе «онлайн күнделік»;
• құрамы: қысқаша жазба, түсініктеме, мағлұматтар, видео/суреттер, сілтемелер, комменттер және т.б. тұратын жазба;
• қоғамда, айналаңызда болып жатқан кез келген жәйтқа жеткізген ойыңыздың, сезіміңіздің формасы;
• не істегеніңіз, не істемегеніңіз және бірдеңе істеп жатқандағы қалауыңыз;
• журналистиканың жаңа онлайн не азаматтық түрі — блоггингттің негізгі тірегі, өнімі
БЛОГГЕР ДЕГЕН КІМ?

• өзінің өмірін, көзқарасын, ойын ғаламтордағы миллиардтың назарына ұсынатын жанкешті (десе де болатындай);
• қаламына "өзі қожа, өзі би", ешкімге бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой ақтаратын белді сыншы, блогты қалай, қай форматта жүргізгісі келсе, солай жүргізуге құқықты, шектеуді білмейтін «недотілші», «пережазушы»;
• нақты түр-сипаты (жасы, жынысы, бойының үзындығы. телефонының маркасы, шашының түсі, салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатындығы) анықталмаған, яғни, алуан түрлі бағытта күй кешетін тіршілік иесі. Әдетте, Ол, бұл «атауды» еріксіз иеленіп жатады;
• болған/болатын жайттарға өзінің мазмұнды, жеке объективті пікірін білдіре алатын, дара тіл таба білу өнері бар, қоғамға көзқарасы бөлектеу тұлға.
Жалпы алғанда осылай.
Блог жазып тұрыңыздар құрметті болашақ әріптестер!
9 пікір