Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады

Кейде әлеуметтік желілерде, кейде тіпті шынайы өмірде журналистер тарапынан: «Блогшылардан келер пайда не осы?», — деген мағынадағы сөздер естіп жатамыз. Блогшылардың қоғамдық-әлеуметтік, тіпті саясаттағы рөлі стихиялы түрде болса да, жыл сайын артып келе жатқанын меңіреу ғана байқамайтын шығар. Мысалы, Варламовтың Алматы жайындағы посты мен Астана туралы сындары қоғамда біршама пікірталас тудырғаны бар. Ресейліктің жазбасы бізде бірдеңе өзгерте қойды деп айту қиын. Алайды енді оны оқыған әкімдіктердің өкілдері мен басқа да жауапты мекемелердің мамандары өз жұмыстарындағы кемшіліктерді біліп жүретін болады.

Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарадыТағы бір мысал: Яков Федоров деген отандасымыз Алматы паркингтерін заңсыз иемденіп алған ұйым-мекемелермен күресіп жүр. Осы заңсыз әрекеттерді фотоға түсіріп, қаланың ІІД-не ашық хат жазды. Нәтижесіз емес — полиция арнайы рейд ұйымдастырып, қоғамдық тұрақтарды клиенттері үшін «резервтеп» қоятын фирмаларға айыппұл салды.

Сұрастыра келе, достарымның арасында да ұқсас мысалдар баршылық екеніне көзім жетті:

Абай Отар (Aynaline.kz)
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — Біздің ауыл Аққұм мен Бостандық арасы 8 шақырым жер, одан әрі Ақмола деген жерге дейін 20 шақырым. Осы екі ара тәуелсіздік алғаннан кейін жөндеу көрмеген еді. Таразға дейін 100 шақырым болғанына қарамастан, қалаға 3 сағатта қиналып әрең жететін едік. Күндердің бір күні осы туралы премьер-министрге жазу туралы ой келді. Ауылдың ақсақалдарын ұйымдастырып, хат жаздық. Көшірмелерін аудан, облыс әкімдеріне де тапсырдық. Жоғарғы жақтан жол жөнделсін деген тапсырма келіп, бір айда 28 шақырымды түгел тегістеп шықты. Қазір жыл сайын үстін тегістеп тұрады.


Айжан Кәрібаева (Kerbezful)
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — "Екпін" жобасында жүргенде Алматы қаласындағы университеттердің жатақханалары жайлы шолулар жасайтынбыз. Сол кездері материалдар өте қатты талқыланып, тіпті Жүргенов атындағы консерваторияның жатақханасына жөндеу жұмыстары жасалынады деп жоспарланған еді. Кейін де ондай сәттер көп болды, бірақ еске түспей тұр 
Ал видеоблогер ретінде «Медианет» форумында видео жасау жайлы мастер класс жүргіздім, одан кейін маған Республиканың әр өңірінен: «Мен де видеоблог түсіргім келеді, неден бастаймын?» — деген сияқты сауалдармен жас қыз-жігіттер көп жазады. Ол да бір іс-әрекет жасауға шабыт берген болар.

Жанасыл Болатбек (Kerekinfo.kz)
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — Әңгіме Үкіметтің электронды порталының жарнамасы жайында. Көшеге ілінген баннерде: «Бегай по клавиатуре, а не по кабинетам!» деген слоганның қазақша баламасы былай жазылыпты: «Кабинеттерде емес, клавиатурада зырылда!». Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы клавиатураның аудармасы «пернетақта» деп бекітілгенін білмейтін болып шықты.
Сол қателіктің түбіне жетіп, кінәлілердің табу мақсатында әрекет жасадым. Ақыры Е-Үкіметтің баннерлері түзетіліп, қайтадан ілінді.
Cол кезден бастап әкімдіктің өкілдерімен бірнеше рет кездестік. Түрлі ұсыныстардың нәтижесінде, осындай қателерді топтастыратын сайт жасау керек деп шештік. Бұл бағытта жалпы қозғалыс бар, жақында іске асып қалар.

Данияр Жаныс (Blogtime.kz)
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — Осы қалада милионнан астам адам тұрса, соның тең жартысы Алматы Алатаудың етегінде деп мақтанады. Бірақ соның 20 пайызы да демалыста сол тауға барып көрмеген шығар. Біз де тек осылай айтып жүргенде кәсіпкер Ахметбек Нұрсила аға: «Мен сендерге демалыста үйде жатқаннан гөрі, таза ауамен денсаулықтарыңа инвестиция жасатайын» деп тауға алып шыққан. Көкжайлауға барғанда ол кісінің не айтпақ болғанын бірден ұқтық. Шынымен де таза ауамен тыныстап, бір апта компьютердің алдында тапжылмай отыратын дене-мүшемізді бір серпіліп қайттық.
Осыдан кейін тауға саяхаттауды дәстүрге айналдырғым келді. Сөйтіп әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап адамдарды шақырып көрдім. Осылайша біз былтырдан бастап жексенбі сайын тауға шығуды әдетке айналдырғанбыз. Кейін көбі қызығып жекеге хабарласа бастады. Тауға шығудың арқасында көп нәрсеге қол жеткіздік, соның ішінде виртуалдағы жастармен шынайы өмірде достасып, салауатты өмір салтына бет бұрғанымызды ерекше атар едім.

Амангелді Қалыбек
Блог - patick: Блогиада #11. Блогерлер әлемді құтқарады — 2011 жылы Шымкентте мас күйінде көлік басқарған полиция қызметкері 16 жасар қызды қағып кетеді. Ол оқиға орнынан қашып кетеді. Кейін сот ешқандай жаза бермей, жеңіл қылмыс ретінде амнистия жариялайды. Осы оқиғадан кейін Шымкентке Сенат төрағасы Қ. Мәми келгенде осы мәселені 1-2 жігіт болып бастап көтерген едік. Одан соттың қайта қаралуын талап еттік. Бұл жерде біз блогер ретінде ғана емес, қарапайым азамат ретінде де әрекет еткенімізді айта кеткім келеді.



Бүгінгі тақырып аясында қазақ блогерлерінің үлкен жетістіктерінің бірі ретінде — Домбыра Party шарасын айтып өтпесе болмайды. Басында бірнеше адамның көшеге серуендеп шығып, домбырамен ән салуынан басталған отырыс кейін республикалық, тіпті халықаралық масштабпен тарап, жыл бойы өткізілетін дәстүрге айналып кетті. Блогшылардың үлкен күш екені осындайда көрініс табады.

Достарымның арасында қоғамдық-әлеуметтік тұрғыда белсенді блогерлер бар екенін қуантты. Демек, блогерлер тек жазу мен сөйлеудің адамдары ғана емес, қажет кезінде өзекті мәселеге орай әрекет етіп, өз ұстанымын білдіре алатын, қоғамға пайда әкелуге қауқарлы күш. Тек осы күшті пайдалану кезінде кейбір журналисттер секілді тым әсірешілдікке, радикалдыққа жол бермесе екен деген тілек.
Бөлісу:

8 пікір

zholantai
мықТ,

2011 жылы жас қызды қағып, амнистиямен босап шыққан полицейдің қылмысы ғо, содан еш
блогерлік әрекет байқамадым,
MERmukhanov
Сұлулық құтқарар әлемді,
Деп жазған бұрынғы ақындар — .
Мендей бір суық ми пәленді
Ұнатпас қияли ақылдар.

Пәтікке сене сап жүру нық,
Бләгерлер жұртына лайықты.
Кешіктің, кешіктің, сұлулық!
Бләгерлер құтқарып қойыпты!
Соңғы түзету:
Abilakim
Бас бармағымды жоғары қаратып шошайттым!