Менің алғашқы оразам
Әлі есімде 8-ші сынып болатын. Ол кезде ондай дүниелерді түсінбейтінмін. Парыз деген не, ораза туралы, ол қалай орындалады?!.. Дым түсінбейтінмін. Тіпті, ол жайлы ойламайтынмын. Ол кезде негізі барлық бала оразаны ескермейтін.
Бір күні қалада оқитын егізім хабарласты: «Сико, бүгін кешке ораза дейтін басталайын деп жатыр екенғо. Оны ұстағандарды жұрттар үйіне шәйға шақырады екен. Рақат қой. Шәй ішесің. Құрт жейсің. Ұстаймызба?!» деді. Әлгінің сөзінен кейін, оның үстіне құртты айтқасын «давай» деп келісе кеттім.
Біздің ауылда Самат деген бай кісі тұратын. Анау-мынау адамның қолынан келмейтін бизнесі бар. Этаж үй жалғыз соның басында. Үйінің сырты әдемі. Шарбағында күшті-күшті гүлдер өсетін. Дизайн, әсемдікке қызығатын мен, оның үйінің ішін қатты көргім келетін. Сол үйге кіру арманым еді. Сөйтіп, «Самат ағайда шақырады» деп ораза ұстамақ болдым.
Кестесін тауып алдым. Уақыттарын білдім. Таңда 4.00 де ауыз бекіту керек екен. Күні бойы ойнап, одан қалса қораның төбесінде «концерт» қойып, шаршап, сеспей қатып, ұйықтап қалыппын. Манағы ауыз бекітуімді ұмытып кетіппін. Жазда ауыл сәкіде далада жатады. Таңғы 5.00 дегі әтештің айқайынан оянып, ораза ұстайтыным есіме түсіп, жүгіріп барып құрмамен ауыз бекіттім. Өлгенше су ішіп алдым. Шөлдемейін деп.
Енді, қырсық. Ертеңіне қойкезек. Біздің үйдің кезегіне кеп тұр екен. Әжем ұрысып жүр: «Қайдағыны қайдан шығарады осы қыз» деп. Жаныма суын байлап, нанымды беріп, атам койкезекке шығарып салды. Өзімше тырыстым. Оразамды бұзбауға. Ешкім көріп тұрған жоқ қой деп анда-санда судан жұтып қоямын. Су ішпеуім керек деп тежеп қоям. Ондағы ойым «жұрттың шәйі» еді. Кешке келдім тілім салақтап. Содан әбден зорығып, мұрнымнан қан кетіп, 3 күн ауырдым.
Осылай ұстаған оразам быт-шыт болды. Балалықпен істеген осы ісімді Аллам өзі кешірсін. Келесі жылы дұрыстап ұстадым. Міне, сол үрдіспен бұйырса биыл да ұстаймын! Қолымыздан келетін мұсылманның бес парызының бірін өтей алатынымды үйдегілер де түсінді. Мен де сауабы мол Рамазан айының қадірін енді түсініп жатырмын.
Пы.Сы: Әлгі үйден ақыры шәй іше алмадым. Бірақ, толық түсініп ұстаған жылы (10 сынып болу керек ) шақырды.

Мен ең алғаш мектеп-интернатта оқып жүргенде ұстағам, 5-6 класс болса керек, директор онсыз да тамақ күшті емес, щеголсыңдар деп, ұстатқызбай тастады
Бірақ Оразаны мына көздерім Оргазм деп оқып,,, мына тақырып хит боватр екен деп ойлап барып, ұялып қалдым.))))