Оргазмды сағындым
«Нағыз ән сирек туады. Оның қасында оргазм секстен кейін темекі шеккенмен ғана тең». Не деген сөздер! Әрине баршаға ұнамауы мүмкін. Алайда, шын әннің дүниеге келген сәтін бұдан артық суреттеу мүмкін емес сияқты (әлі тәжірибесі жоқтар болса кешірім сұраймын). Бұл менің сүйікті рок-топтарымның бірі «Сплиннің» фронтмені Александр Васильевтің сөзі.
Осымен төртінші жыл қатарынан «Ән жүрегім — Астана» атты ән конкурсы өтіп жүр. Жас композиторларға жақсы тәжірибе – Астана туралы ән жазады, онысы үздік шығып жатса бейнеклип түсіруге мүмкіндік алады. Бірақ… осы бірағы көп болып тұр.
Мәселен, алғашқы байқауды Еркін Мәулен орындайтын ән жеңіп алыпты. Ренжімеңіз, қалай аталатынын, композиторын білмеймін. Жарыстың ұйымдастырушылары да білмейтін сияқты. Қанша сұрасам да жауап ала алмадым. Одан кейінгілерін Карина Калымова орындайтын «Астана» (оригинал идея үшін қол соқпасақ болмас) және Серік Ибрагимов орындайтын «Ән жүрегім — Астана» (табандарыңызбен де «шапалақтай» салыңыздар) әні жеңіпті. Алғашқы жылғы жеңімпаз әнді Интернет түгіл Қазақ радиосынан таба алмадым (Алтын дауыс – Дәрия Сәрсенова куә). Кейінгілерін өзіңіз тыңдап көріңіз (Ән авторларын білудің ақыры реті келмеді).
Шынымды айтайын әсер етпеді. Бір естіген бойда қайта айналдырып қосатын әндердің қатарынан тым алыс. Фондық режимде тыңдауға тұрады. Бірақ, елітіп әкететін, есеңгірететін, естен тандыратын екпіні жоқ. Бұған дейін естімегенім де содан шығар. Сіз де рокфор деп тофуды бір асаған адамдай болып отырған шығарсыз.
Жә, мені де, сізді де қойыңызшы. Осы саланың жілігін шағып майын ішкендер бар емес пе? Сөзді соларға берелік. Алайда, олар жоғарыдағы туындыларды тыңдаған жоқ. Тек, әнді тапсырыспен жазудың дұрыс-бұрыстығына пікір білдірді.
Бейбіт Оралұлы
Композитор
Әндері: «Ауылға», «Боз жорға», «Нұр бейнең»
Тапсырыс деген әрқилы емес пе?! Мемлекет, яғни филормония, облыс мәдениет басқармалары ұсыныс жасайды, соларға көп жаздым. Мен өз ойларымды, әуендерді кағазға түртіп сақтап қоямын, солар осындайда пайдаға асады. Әлдебір мәтінге қарап жазылған ән мардымсыз дүние болуы ғажап емес. Өйткені тәуелділік пайда болады. Дегенмен, ағынға түсіп кетесің.
Кенжеғали Тұрсынбекұлы Мыржықбай
Өнертану профессоры, ҚР Еңбек сіңірген әртісі
Тапсырыспен жазылған әннің ғұмыры ұзақ болмайды. Жүректен шықпаған туынды тез ұмытылады. Ақша үшін жазуға болмайды. Ондай байқаулар, шоулар қаптап кетті қазір. Қомақты ақша шашылады, таратылады, болды. Өтпелі байқау дейді ондайды.
Болат НҰРҒАЗИН
Композитор
Әндері: «Мейлі», «Сен үшін...», «Сен деп ән салам»
Белгілі бір маусымдық, науқандық оқиғаға арналған соң ол ән қалай өміршең болады?! Жүректен шыққан ән ғана жүрекке жетеді деген сөзді мен емес қой айтқан. Ол бұрыннан бар нәрсе, жүрекпен айтылған, жазылған дүние ел ауызында жүреді. Қазір бір Астанаға арнап ән жазу, мерейтойға арнап ән жазу, ата-бабаларға арнап ән жазу моды боп кетті. Жақсы ән болса бір жөн, бір анадан туғандай ұқсас әндер кілең.
Халық Ризабек
Әнші, сазгер
Әндері: «Қазақ елі — байтағым», «Мен қазақпын», «Шаңырақ шаттығы»
Әнді әншілердің тапсырысымен де жазуға болады. Ол кездері қиынға соғатыны да шындық. Композитор ән жазу барысында, мәтіннің мазмұнына баса мән беріп жазғаны жөн. Әнді тапсырыспен жедел түрде жазу коғам қажеті, заман талабына сай кезігетін қалыпты құбылыс. Геометрияға да шабыт керек демей ме? Тапсырыспен жазғанда да шабытсыз болмайды.
Әріден келе жатқан әндер бар ғой, жылы түгіл қай ғасырда шыққаны да ұмытылған. Олардың құдыреті сол — жүрекке қонады. Жазушы болса, «Сұрқай күздің сұр бұлттарымен бірге нарын құмның ішіне қарай жөңкіле көшіп, сәске түсте тынықпаққа тоқтап, кеберсіген ернін кеуіп қалған тілімен бір жалап қойып, енді тұтанған шалажансар оттың басында жалынның емес әннің жылуынан медет алып отыратын көшпенді жұрттың құдыретті өлеңі» дер ме еді? Маған қайда?! Менікі тек, қазақтың әр әні тыңдаған сайын темекі іздетіп қоятындай керемет болса деген пендешілік қой.

7 пікір