Ғұламаның айтқан сөзі

Баяғыда бір ғұлама болған екен. Өзі сондай сыпайы, мінезі көркем, әрі тәрбие көрген жанның бірі көрінеді. Оның әрбір ісі және де адамдарға деген әдептері мен адамдармен қарым қатынастары қоршаған айналасына әсер етпей қоймайды… Ал айналасындағы адамдар одан барынша үлгі алып ол ғұламаға деген сенімі ықыласы күннен күнге күшейе түседі. Уақыт өте күндердің күнінде әлгі ғұламаның мұндай мінез құлыққа жетудің нендей сыры бар екенін? Көптен бері білгісі келіп, сұрай алмай жүрген бір кісі, қасындағы ғұламаға көкейіндегі сұрағын жайып салады. Сонда ғұлама әлгі кісінің қойған сұрағына мынандай жауап қайырады. «Сен білесің бе? Менің білетінімнен білмейтінім көп. Ақиқатына келгенде әдепсізге қарап, әдептіні үйренген қарапайым жанның бірімін. Өкінішке орай кейбір адамдар әдептіні өзгеге үйретпекші болады. Бірақ, сөз жүзінде білген әдебін, іс жүзінде өзіне жасай алмайды. Әдепті әуелі өзіміздің амалымызға жарата білу керекпіз, ал егер әдепті сөз жүзіне әлдекімге айтып, іс жүзінде ол амалды өзімізге жарыта алмасак, сонда біздер өзгеге қандай әдепті үйретпекпіз?! Бірінші әдепті өзімізден бастау керек емес пе еді?! Сонда біздің ісімізге қарап, одан кейін өзгелер сөзімізді қабылдап өздеріне амал жасамай ма?! Мен осы күнге дейін өз өзімді зерттеумен келем, кемшілігім болса оны барынша түзеуге әрекет етем… Менің негізгі ұстанымым да сол әуелі өз кемшілігімді өзім түзеп, білмейтінімді білетіндерден үйреніп оған амал жасау, бірақ менде білетінімнен білмейтінім әлі де көп. Сондықтан да мен өзімді міне бүгінге дейін біреуге әдептіні үйретуден марқұм қалған жанның қатарынанмын!!!» — деп күрсіне отырып, әлгі кісінің сұрағына тұшымды жауап береді…
Бөлісу:

1 пікір

satibaldi
Баяғыда бір ғұлама болған екен. Өзі сондай сыпайы, мінезі көркем, әрі тәрбие көрген жанның бірі көрінеді. Оның әрбір ісі және де адамдарға деген әдептері мен адамдармен қарым қатынастары қоршаған айналасына әсер етпей қоймайды… Ал айналасындағы адамдар одан барынша үлгі алып ол ғұламаға деген сенімі ықыласы күннен күнге күшейе түседі…

"Өй, мынау өзі туралы айтып тұр ғой, бха-ха-ха-ха-хааа"(бұттан кетіп жатқан шалдар) ©«Алдар Көсе»