Мектептің жазғы демалысының алғашқы күні
Сегізінші класты бітірдік. Жаз шықты. Астымызда бір-бір велосипед. Ауылды зыр-зыр айналып жүрміз. Маусым айының ыстық күнінде бетке соққан ауа самал желдей. Жейде түймелерін ағытып тастағандар бар, велосипед жылдамдығын арттырған сайын желбірейді, кейбіреуінде қайықтың желкені секілді керіледі.
Үстімізде ақ көйлек! Иә, бүгін мейрам! Соңғы емтиханымызды тапсырып шықтық! Күткен жазғы демалысымыз келіп жетті. Ала-ғұла даланың әр жерден қоюланған бұлттан жылы жаңбыр жауады. Көз жетер жерімізге велосипедпен бүкіл даланы шет-шетін жалғаған қара жолдармен жетеміз.
Бір уақытта біздің үстімізге жылы жаңбыр тамшылары тиді. Велосипедпен бір орында айналып тұрдық. Бүкіл денені жылы жаңбыр суы шайып, лезде өте шықты. Түс ауа ашық аспанда жарқыраған күн ауаны лезде ысытып киімді тез кептірді. Аз уақытта шығыстағы көкжиектің екі жағынан түрлі-түсті кемпірқосақтың екі ұшы төбеге қарай өсе берді. Көк төбеде түрлі-түсті көпір болып жалғанары ап-анық еді.
Тағы бір бұлт төге жөнелді жаңбырын. Өткінші мінезіне басып жаңбыр біздің үстімізден тез-ақ өте шықты. Біз жылы жаңбырмен қоштасқымыз келген жоқ. Астымызда велосипед! Велосипед дөңгелектерін жылдам-жылдам айналдыра, жаңбыр соңын қуып жетіп, жаңбыр астына кірдік. Бір-екі рет жаңбырды оздырып, соңынан қуып жетіп, қуаласпақ ойнаған соң, жаңбыр бізді озып, көкжиекті асып өте берді.

Ұзамай нағашымның аулына қыдырып бардық,,, косметикаларымды алып ап,, барғасын күн демей бояндық, түн демей бояндық, нағашымның менен 2 жас үлкен қызы екеуміз. Сол каникул қатты есімде қалған…
Мүмкін енді бойжетуге алғаш қадам жасаған кез болғандықтан шығар.