Айырмашылық
Елестетіңізші. Партада сегіз-тоғыз шамасындағы екі бала қатар отыр. Бойлары бірдей, киімдері де ұқсас, тек бірі — қараторы, бірі — сары демесеңіз егіздер сияқты. Шынында, екеуінің бір-біріне түк қатысы жоқ. Бірі — жетім, екіншісі -тастанды.
Не айырмашылығы бар дерсіз. Мемлекет үшін айырмашылық жер мен көктей. Жетім деген әке-шешесі өлген бала. Тастандының де-факто ата-анасы жоқ, де-юро өлгені дәлелденбеген. Дәлелдеу мүмкін де емес. Осы жерде соқыр Фемиданың әділетсіз әділдігі анық көрінеді.
Жетім балаға ай сайын 10 АЕК көлемінде жәрдемақы бөлінеді. Қазіргі есеппен бұл 18 520 теңге. Бала 18 толғанша бұл қаржы арнайы есепшотта жиналады. Ал тастандылар бұдан қағылған. Өйткені, оның әке-шешесі бір жерде тірі жүруі мүмкін.
Әділетсіздікті қараңыз. Жетімнің әке-шешесі қайтыс болса да, бір жерде туған-туысқаны, жекжат-жұрағаты болуы мүмкін. Ең болмаса, біреулердің той-садақасына қатыса алады. Ал тегін білмейтін тастанды бала жақын-жуықтан мүлдем ада. Құрығанда руласым дейтін де ешкімді білмейді.
Қазақстанның жетімдер үйлерінде барлығы отыз төрт мыңнан астам бала бар екен. Оның сексен пайызы тастандылар. Тастанды бала туған бойда жетімдер үйіне түседі. Демек оған ай сайын жәрдемақы төленетін болса, кәмелеттік жасқа толғанша бүгінгі есеппен 4 млн теңге жиналып қалар еді. Байлық деп атауға келмесе де капитал ғой.
Тастандылар жәрдемақыға қол жеткізу үшін сотқа жүгіне алады. Бірақ мұның нәтижесі қандай болатынын өзіңіз шамалап та отырған шығарсыз. Әлгі төрт млн төгілген тер мен жұқарған жүйкенің төлеуіне жетпей де қалады.
Қайтпек керек? Бұл проблеманы 2010 жылы көтергем. Мәжіліс депутаттарының хабары жоқ болып шықты. Содан бергі төрт жылда да көпті қызықтырып отырғаны шамалы. Мысалға, Астанадағы жетімдер үйіне қоңырау соғып, сұрағымды қойып едім, хатшы директордың орынбасарына, директордың орынбасары әлеуметтік педагогқа сілтеді. Ал әлеуметтік педагогты ақыры орнынан ұстай алмадым. Ал керегі: «Неке және отбасы туралы» Заңға өзгеріс енгізіп, жетім мен тастандының құқықтарын теңестіру.
Әлгі партада отырған екі бала әшейін қиял емес. Көзіммен көргенім. Мұрындары терлеп, есеп шығарып отырған екеу бірер сағаттан соң асханаға барып, бірдей ыдыстан бірдей тамақ ішеді. Жатар уақыт келгенде бірдей төсекке барып, бірге ұйықтайды. Айырмашылығы: біреуі — жетім, біреуі — тастанды.
Өз балаңдай қалай қарай алмайсың? Ол бала ғана, егер оларды бөлектесең…
Білмеймін. Түсіне алар емеспін ойларыңды
Әрі баланың өзі үшін де туған бауыры мен асыранды баланың арасында айырмашылық жер мен көктей болатын сияқты. Бауыры не десе де, жаға ұстасып қалса да бір-бірін кешіреді. Ал ана баланың еркелігін ше?
Көзі жұмып ала салуға ол баланың өмірі үшін арқалайтын жауапкершілігімізден қорқамыз.
Бұтағееем. Қиялдары реалға соғып, жеке харизмасы үшін, жұртқа міндет қылып бұлдау үшін бала іздеген ата-ананың ампы-сампысы шығатын жері осы.
Ондай бала бәріне керек, кім береді баланы тегін сіздерге?
Өліп-талып, қиналып, дәңкүмент дайындап жүріп, бірнеше айдан соң, ақыры "құрысын баласы, қиын екен!" деп кеткендерді де көргенмін.
Ал адам өз баласының әуресіне 9 ай, 9 жыл көндігуге бар.
Балалар үйінен ақшаға алған баласын тағдырдың берген сыйы деп қарайтындар өте аз.
Балаң болмағандықтан емес, просто ол балалардың орнына өзіңді қоя отырып, қолдаушы қорғаушысы болуға ұмтылу керек.
Ал он жыл күтіп, ақыры балаң болмағасын ғана асырап алады екенсің, онда… онда білмеймін… Жиіркенем ондайлардан
Өмірде бәріне жауапкершілікпен қарап жүргендей боп кететіні несі бәрі осы тақырыпқа келгенде…
Тіпті өз балаңдай көрмесең де, өмірден, адамдардан сонша таяқ жеп, бейшара күйде өспейді ғой отбасысы болса…
Жақсы, оны бір саты төмен сүй, алайда сәл мейірім, мектептен соң оқуына түсіру, аяқтан тұрғызып, тойын жасап, үйлендірсең нең кетеді?
Қысқасы, бәрі сылтау
Принкинь, сенде олай емес сияқты ғой сөзіңе қарағанда,,, Бәріне жауапкершілікпен қараймыз, олсыз не болмақ?! Жауапкершілікпен қарағанымыз соншалық жылда біреу туа беруге де қарсымыз. Әр баланың тәрбиесін, тамағы, өмірі, мінезі үшін жауаптысың ғой біле білсең. Оның өмірдегі алатын орны сенің жауапкершілігіңе байланысты ғой. Ал мына жетімдер мен тастандылар сол жауапкершілікті сезбейтін барлық нәрсе оңай біреу асырап ала салар деп тастап кете салғандардың жемістері ғой. Менің күнім таусылып тұрған жоқ шығар, мүмкін өз балаларым аяқтанған соң қолға алармын бұл мәселені. Жауапкершілікті сезінбеушілер көп қой олар ешқашан таусылмайды, демек қашанда солардың осындай тастандылары да таусылмайды… Сылтау деп есептепсің, мейлі, не десең де оларға қатты жаным ашиды, аяймын…
Асырағымыз келген ауруханада детдомның балаларын көріп жанымыз ашып, 1 ғана баламыз бар кезде. Бірақ оны ала салу қалаған тоныңды немесе машинаңды ала салу сияқты емес екен. Кейін көрерміз деп үтір қойып қойдық ол мәселені.
Негізі не үшін ақталып отырғанымды да білмеймін, біресе күлкісі кеп, біресе жыны кеп өтірік коммент жазып отыр деп есептеуден аспайтын санаға.
Бірақ оларды аяймын, материалдық жағдайым жетсе де, дәл қазір барынша өз балаларымды қатарға қосып алайын, өзім де асырап алуға барынша дайын болып алайын.
Адам жасаған жақсылығын, берген садақасын жария қылмағаны дұрыс қой, бірақ біздің сол жетімбалдарға көмегіміз заттай, киімдей, тамақтай сіз сияқты көп сырттай тон пішіп ақыл айтып отырғандарға қарағанда жоғарылау, әзірге көмегіміз сол ғана.
ренжімеш жазғаным үшінБірақ айтылған пікірімнен қайтпайпын, тек жеткізілуі үшін ғафу өтінемін
денем шымырлады,
ақпар үшін көп рахмет, сонда детдомнан жетім балалар саны неше, тастанды балалар саны неше деп сұралатын болд,