Эльвира Ерғалина "Кешкі шәйда" қонақта

Жетінші арнаны көресіздер ме?
Сол Жетінші арнада керемет жобалар жасалып жатыр. «Айна сөздік» бағдарламасының өзі не тұрады? "Қыздар арасында" бағдарламасы арқылы түрлі ақпараттарға қанығып жүрген қыз-келіншектер қаншама? «Кешкі шәй» бағдарламасында еліміздің жұлдыздары келіп, шынайы сұхбатымен бөлісіп жатады. Жұлдыз болғанда тек өнер адамдары ғана емес, түрлі саланың өкілдері келеді қонаққа. Соның бірі блогер, өздеріңіздің достарыңыз — Эльвира Ерғалина «Кешкі шәйға» қонақ болды. Түрлі сауалдарға жауап берді. Қасқыр блогерді анықтайтын Блогиада туралы да айтты. Блогерлер арасындағы жұлдыздарын да айтты. Сіздің де атыңызды атаған шығар, көріңіз  

Блог - kaztube: Эльвира Ерғалина Кешкі шәйда қонақта
Бөлісу:
  • 8
  • Автор туралы
    KazTube.kz бейне-порталы – бұл қазіргі уақытта танымал қазақстандық интернет-ресурстардың бірі. Түрлі мемлекеттің жас мөлшері әр алуан пайдаланушылары күнделікті бейне-, аудиоконтентті көреді, тыңдайды және оқиды, сондай-ақ өздерінің роликтерін де порталға жүктейді. Порталдың басты ерекшелігі – оның айрықша отандық контенті бар, сондай-ақ Интернеттегі мемлекеттік тілдің дамуына ықпал етуші ресурс ретінде таныстыруында. Портал жұмысының негізгі бағыттары Қазақстанның мультимедиялық контентінің жинау мен іздестіру, қазақстандық теледидар мен радионы қалыптастыру болып табылады.

9 пікір

kaztube
Қазнет жұлдыздары кімдер, сіздіңше?
MickThatsMyNick
сұхбат жақсы өтіпті  кей жерлерінде өлдім күлкіден, әсіресе: Гей клубта наурыз көже таратып жүр ме? деген сұраққа
MamaAya
мен ағаларымды жіберемін дегеніне қаттым, менің қыз кездегі приемым еді.
Әдемі қыз, әдемі-шынайы сұхбат! Алға!)))
patick
Жүргізушілер ұнады. Тар рамкамен шектелмейтін, кең ойлай алатын азаматтар екен. Эльвираның да әңгімесі ұнады. Рахмет
asaubota
kaztube embed коды шықпайтындай қылайын ба қайтадан?
Ispek92
Админ ағамыз айтқандай бейнені осында коды арқылы қойсаң қайтеді? Ана жаққа бармай-ақ осы жерден көру бізге ыңғайлы.
ken
Сайтқа келушілердің саны үшін солай етіп отырған шығар.
satibaldi
Жетінші арнаны көресіздер ме?
Жоқ.