Газ болмай қалса

Мұнай мен газдың үстінде отырып газсыз отыратын күндер де болады екен. Жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген желеумен қаламызда бір жұмаға газ өшрілді. Содан не керек, газсыз өткен бірінші күні бұрын пісірілген тамақты қысқатолқынды пешке қыздырып жеп алдық. Екінші күні жұ байыма «сені тамақтандырып жүрген еңбегім бар ғой, енді сен мені мейрамханаға апарып тамақтандырасың газды бергенше» деп, мейрамханада тамақтандық. Үшінші күні шалым іссапарға кеткен соң, өзім мейрамханада тауыса алмай, өзімізбен алып кеткен тамақты қыздырып жедім. Төртінші күні не болғанда да тамақ пісіру керек болып, қысқатолқынды пешке телмірдім. Сатып алғаннан кейін бір рет орама пісірем деп кептіріп алғаным болмаса, одан кейін тек тамақ қыздыру үшін қолданғанмын оны. Дүкенге барып арнайы әйнек ыдыс сатып алдым. Түбіне жуа мен сәбіз турап, оның үстіне жентек салдым да жұқалап картоп турадым. Үстіне аздап сұйық май, майонез құйдым да, қазының майын турап жібердім. Қақпағын жауып, пешке жиырма минутқа қойдым. Нәтижесінде мынадай Блог - bizbike: Газ болмай қалсақуырылған картопка тойып алдық. Үйлеріңізде газ болмай қалса, пешпен де амал қылуға болады екен. Астарыңыз дәмді болсын!
P.S. Бүгін балық пен күріш пісіріп көргім келеді. Не шыққанын жаза жатармын.
Бөлісу:

13 пікір

mampasi
біз жақта да газ болмай бір аптадай амалдадық. Былтыр күзде алған мультиваркам іске жарады. Соған тамақ істеп жүрдім. Ол да артық техника емес екен асханада. Алып қойсаңдар болады.
bizbike
Біз үй жалдап жүрген адамбыз ғой. Артық зат алмауға тырысамыз, әйтпесе артық емес иә.
sammita
мультиварка жарап тұр) микроволновканың небір функциясы бар. гриль т.б. қолданып көрмеппін) ал тамағыңа базар жоқ.
Соңғы түзету:
satibaldi
Сен де анабір форумдағы Редмондты жырға қосып, ода шығарватқандардың біреуі емессің бе?
sammita
жоқ менікі арзан, 16 мыңдық. редмонд қымбат қоо.
satibaldi
редмонд қымбат қоо.
Сені арзанқол заттармен елестете алмаушы едім. Өкінішті, қарабайыр қарағатынның обрызы айқындалып келеді
bizbike
Менікі ең қарапайым, ешқандай қосымша функциялары жоқ. Айтпақшы, бүгін газ берді. Енді жиырмасынан бастап ыстық су болмайды, әйтеуір салқын суды сөндірмесе жарар.
MamaAya
Түрі былай дәмдіге ұқсайды екен.)))
Бізде де болмай қалған кез болған,, мен де микроволновкаға тауықтың голеньді не деуші ек? Соны мен қанатын арластырып картоп қосып магги дегенді сеуіп кеп жіберіп, фольга қалтасына салып-ақ пісіріп алғам. Балаларға ұнамады…
Несібеме ұзаққа өшірілген емес…
ken
екі кірпіштің беті ойылып, ойықтар арасынан спираль сым жүргізілген плиталар болушы еді. газ жоқта сондай электроплиталарды немесе басқа түрлерін пайдалануға да болады.
fatow2012
Бізбике Атыраудын қай жерінен боласың?
bizbike
Негізі батыстың басқа өңірінен боламын, бірақ қазіргі мекеніміз Атырау.
fatow2012
Жерлес болдық онда
dindar
Бізде Жезқазған қаласында газ деген мүлдем жоқ. Свет сөнсе, шайсыз да отырамыз. Қарағандыға келіп, хорошо, что газ деп отырамыз.)))