Астанамда болса осындай көлігім...


Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Көліктің тарихы сонау көшпенділерден бастау алады. Жылқыны алғаш қолға үйретіп, оны пайдасына жаратқан көшпенділер екені белгілі. Атқа мініп, қолына қаруын алған сақ әскерлерін көрген Еуропа жұрты «төрт аяқты, адам денелі ерекше құбылыс» деп шошынған. «Кентавр» ұғымы осылай дүниеге келген деседі. Содан бері ел аузында Кентаврға байланысты түрлі аңыз тарап, оның өмірде бар екеніне қатысты түрлі дау да туындады.



Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Ал, әлемдегі ең алғашқы бензинді мотормен жұмыс істеп, өздігінен қозғалатын автомобильді 1885 жылы неміс инженері Карл Бенц жасап, оны 1886 жылы патенттеген. Бенцтің үш дөңгелекті, екі адамға арналған экипажы адамдарды моторының дауысымен шошытып, ашуына тиетін болған.



Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...

Қазір «айшылық алыс жерлерге» жылдам апарып тастайтын көлік түрлері өте көп. Қозғалыс ортасына қарай су көлігі, әуе көлігі, ғарыш көлігі, құрлық көлігі деп бөлінеді. Пайдалану мақсатына қарай жалпы пайдаланымдағы көлік, арнайы көлік және жеке көлік болып үшке бөлінеді.



Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Құрлық көлігі, оның ішінде темір жол көліктеріне жататын метрополитен жайлы болмақ әңгіме.
Метрополитен француздың «chemin de fer métropolitainә» сөзін қысқартқанда «métropolitain» сөзінен шыққан, «астаналық темір жол» деген мағынаны береді.

Әлемдегі ең алғашқы метро — Лондон метросы. 3 км 600 метрге созылған, 7 станциясы бар Лондон метросының алғашқы желісі 1863 жылы ашылды.


Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...Метрополитен желісі жер астында тоннель арқылы, жердің үстімен және жерден биік эстакада (суретте) арқылы жүргізіледі. Әлемдегі маршрут ұзындығы және станция саны ең көп метрополитен Нью-Йоркта, ал, ең ұзын метрополитен Шанхай (538 км) мен Бейжіңде (465 км).


КСРО кезінде іске қосылған метроның бірі — Ташкент метросына жолым түсіп, сол туралы жазба жазу бұйырыпты.

Ташкент метросы — Орта Азиядағы бірінші метро. 1968-1970 жылдары құрылысы басталып, 1977 жылы пайдалануға берілген. Ол кезде 9 станциясы болған, желі ұзындығы 12,2 км созылған.

Қазір Ташкент метросы 3 желіден тұрады: Чиланзар, Узбекистон, Юнусабад. 29 станциясы бар. Ұзындығы — 36,2 шақырым. Бір қызығы, барлық станциясына барып көрер болсаңыз, 3 рет жердің бетінен өтесіз. Яғни, жердің бетінде станциясы болмағанмен, кей жолдары жердің бетімен өтеді.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Өзімізге қажетті мекен-жайды жақсылап сұрап алдық та, сол жерге метромен баруды ұйғардық. Жақын жердегі «Тошкент» станциясына кірдік.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Метроға кіру сомасы — 800 сум (48,7 теңге).

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Жетондары мынадай.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Ташкент станциясының іші
Ташкент метросына екінші рет мініп тұрғаным. Алғаш рет қыста мінгем. Әйгерім екеуміз қақ ортасына тұра қалып, суретке түстік. Фотоға түсіруге тыйым салынғанын қайдан білейік  Артынан тәртіп сақшылары біртіндеп тұрып өшіртті. 2-3 ай ішінде ол ережелері өзгеріп кетпегеніне сенімді болдым да, суретке білдіртпестен, байқатпастан, жасырын түсіруге тырыстым

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Отырып алып, келесі станциядан түсеміз. Сіңілім жан-жаққа қарап, тәртіп сақшыларының бар-жоғын айтып тұрады да, мен сол сәтте суретке түсіріп үлгеремін  Жалпы, Ташкентте тәртіп темірден де мықты екен. Аттап бассаң, тәртіп сақшылары тұрады. Тіпті, көшеде топырлап жүреді.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Дұрыс бағытқа қарай отырмаппыз, Достлык станциясынан ары қарай қаладан шығып кетеді екенбіз

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Адасқан адамға әдемі нұсқау бар мұнда: қай беттен отырсаң — қайда баратының анық көрсетілген.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Қажетті станциямызға қанша уақытта жететінімізді анықтау үшін вагон інішдегі мына сызбаны суретке түсіріп алдық.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Ойбек станциясында арнайы жол арқылы келесі желіге ауысу керек екенбіз. Бұл жолмен жүрген сайын ауа тарылып, иісі нашарлай бастады. Шаңның иісі шығатын сияқты. Тері ылғалданып, терлей алмай қысылып жатқандай сезім болады.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Жүріп отырған жолымыз келесі желіге алып келді. Ол төменірек орналасқан екен, ауаның тарылуы түсінікті

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
"Әр станцияның дизайны бір-біріне ұқсамайды, бірінен бірі асады, әрқайсысы өзінше әдемі," деген еді. Келесі станцияны да көрейік деп шештік. Бұл жерде ең ұзын эскалатор бар.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Вагонның кеткеніне неше уақыт болғанын көрсетіп қойған. Мысалы, мына жердегі вагон 1 минут 11 секунд бұрын кеткен. Қасындағысы — жергілікті уақытты көрсетіп тұр.
Вагондар таңертең 4 минут сайын, түсте 6 минут сайын, кешке 8 минут сайын жүреді. Жұмысқа асыққандарға өте ыңғайлы

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Біз жұмыс аяқталған уақытқа түсіппіз, адам өте көп болды. Жалпы, күніне Ташкент метросымен 450 мыңнан аса адам жүреді екен. 2,5 миллионға жуық халқы бар Ташкент үшін орташа көрсеткіш дер едім.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Ескі болса да, әр станцияның өзіндік әдемілігі бар. Әсіресе люстраларына қатты мән береді ғой деймін. Мына Алишер Навои станиясының «потологы» қатты ұнады

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Бізге Пахтакор станциясында үшінші желіге ауысу керек. Баратын жеріміз — осы желідегі Хамид Олимджон станциясы.

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Міне, «соңғы аялдама» — осы станция  Сыртта милли интерьерлі Тумор рестораны бар .

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Шығу

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...
Айтпақшы, Ташкенттің көшелерінде жүретін көліктердің түрі санаулы-ақ. Матиз, Шевроле Спарк пен «булка нан» өте көп, «блатной» көліктерді өте-өте сирек көресің. Бәрі де ақ не ашық түсте. Ташкент ыстық болған соң күн тартпасын деп, бәрі ашық түске жүгіреді екен. Қара түсті көліктер ақ түсті көліктен 1000-2000 АҚШ долларына арзан болады-мыс.

Неге қымбат көліктердің жоқ екенін сұрағанымызда: — «Бізде қытбат көлік мінуге болмайды. Президентіміз қатал, алып қояды. Елімізде шіріп кеткен байлар көп, бірақ, олар да Матизбен жүреді. Әйтпесе, „қайдан алдың“ деп тексереді. Сосын байлығы белгілі боп қалады да, тартып алуы мүмкін. Қымбат көліктер тек қана кешке шығады. Кеш — көшеде бақылайтын адамдар үйіне қайтатын уақыт,» — деп жауап берді Мурод таксист.

Шынында да, қас қарая көшеден Матиз бен «булка нандар» жоғалып, тек қана қымбат көліктер пайда болды

Ташкент — өте таза қала. Жап-жасыл қала. Еңбекқорлар қаласы. Еңбегінің өнімділігіне метроның тигізер пайдасы орасан. Біздің астанамыз — Астанада да «астаналық темір жол» болғанын армандаймын

Блог - aikarakoz: Астанамда болса осындай көлігім...

Көлік тарихына қатысты ақпараттар мынау, мынау, мынаужәне мынау жерден алынды.
Бөлісу:

29 пікір

aikarakoz
Ташкентте тісіме брекет қойдырғанмын. Ай сайын неге баратыным түсінікті шығар
Anar70
Неге Ташкентте қойғыздың?)
bizbike
Ол жақта су тегін дейді ғой. Мысалы бетіңе қас, ерін сызғың келсе немесе көзіңді, ерніңді үлкейткің келсе, баруыңа болады ап-арзан.
aikarakoz
Өте сапалы əрі арзан. Сол үшін))))
MickThatsMyNick
Ақтөбеде астыңғы және үстіңгі тістерге қондыру 80 мыңға шықты менде. Ай сайын бару мен пломба, протездеу, сонымен барлығы 100 мыңдай. Ташкентте қанша екен, жолыңмен кетпейді ме…

ПыСы: Брекет негізі сабырлыққа үйретеді адамды, мотивация. Тек сөйлеген, оқыған кезде кедергісі болмаса. Кочконтай кезде тәттіні көп жемей, сағыз шайнай бермей, тіс қайрамай-қақпаған шарт негізі.) Өсіп келе жатқан кей бауырларыма осыны айтсам, тыңдамайды-ау тыңдамайд.
aikarakoz
Ол жақта 200$ қойып берді. Ай сайын тексеріп, ауыстырып тұру тегін) Жолыммен шығып кетеді деп ойламадым. Өйткені, ай сайын үйге соғып тұрамын) Екі желеу, бір сылтау)
MamaAya
Не деген кереметсің, Эльвира?! Мен сені брекетке бола емес, арнайы шет ел асып блогиада үшін барып қайтты деп есептеймін.   Солай бағалаймын...  Мықтысың, давай ертең кездесейікші екеуміз, плиииз! (біреу мына пікіді оқып ертең кездесуге рұқсат береді деген мол үміттемін)
Соңғы түзету:
aikarakoz
Жігітім Керекте жоқ, демек, оқымайд))))
AKY
меніңше ол өзінің күйеуін айтып отырған сияқты «біреу» деп)
AKY
Ох, Тошкент! Еріп кетуім керек еді сенімен)))
zholantai
соңғы фотодағы отырысты айтсайші, респект, Ташкентке барғым келед, жолдары тап-таза дейд ғо, рас па?
aikarakoz
жолы теп-тегіс, үлкен. қаласы өте-өте таза. күнде таң атпастан тұрып, ауласын тырмалай беретін өзбектердің отаны таза болмағанда))) жап-жасыл. ощм Ташкентке жаздаа бару керек екен) үлкен аквапарк пен Диснейленд бар ғой ол жақта)
zholantai
не қылса бір барғаныңызда бірге барайықЧ, не дегенмен жолды білетін, барып жүрген адаммен бірге бару жөн ба дейм
aikarakoz
Жарайды, барайық. Басында сол жақтан біреулерді тауып, солар алып жүретін. Қазір өзім жүре берем қалада
zholantai
қайбір жылы қазақстандық туристерді тұтқындап, қиын қылд ғо, сосын Ташкентке барып жүргендер: қауіптілеу екен деп айтат, содан кейін как то опаскімен қарайтын болдым, айтқандары рас өтірігін
zholantai
баратын кезде алдын-ала "әй" деп қоясыз ғо
ken
ескіріпті жарықтық. бір кездері, советтер заманында болатын, басқа әлемге түсіп қалғандай әсер қалдырып еді.
Соңғы түзету:
bizbike
неге суретке түсіруге тыйым салынған?
aikarakoz
Жалпы метрода ғана емес, көп жерлерде тыйым салынған. «Президентская трасса» деген бар екен. Ол жерде мүлде-мүлде болмайды) Құдайдың көшесінде де сондай тыйымдар көп) Себебін айтпайды, «болмайдымен» қатырад)
edige
Метрополитен стратегиялық нысана болғандықтан.
edige
ЭКСПО қарсаңында Астанада жер үсті метрополитені /метробустар/ салынады деп жоспарланған.
sammita
айтып отырғаның БРТ (рельссіз көлік) ма? Құжаттары дайындалып жатыр, 2017ге дейін салынады дейді.
edige
ия ия…
сол кезде мен де барсам ба деп отырмын
AKY
Жапонияда ол қалыпты көлік, айқыш ұйқыш. Рахатын көргенбіз шіркін-айй. Бізде сол бір тұтам бұтақ болатын шығар
Aya
Рахатын көргенбіз шіркін-айй
ехехехеееееййййййй
Daniar-Alan
мыналардың латынға көшкені қайсы?