Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)

Әрбір адамның өзіне туған жері ыстық, әлбетте. Мен 19(...) жылы Байқоңыр қаласында дүниеге келгем. Байқоңыр қаласының тарихы қызықтырса, Google-дан іздесеңіз болады. Егер қызықтырмаса, онда Google сізге көмектесе алмайды. Дегенмен, әркімге өз туған жерінің алғашқы суреттері қатты қызық болуы керек. Ескі суреттерді айтамын да. Мен де Байқоңырдың ескі суреттерін іздеп таптым. Кейбір суреттер монтаждың арқасында ескіге айналған болуы да мүмкін. Жалпы, Байқоңырда болған адамдар «таза қала» деп жатады. 1955 жылы құрылысы жүргізіле бастаған. Ленинск қаласы деп аталып келген. Оның алдында құпия болуы үшін сандармен белгіленген. Байқоңыр деп қоңыр топыраққа бай өлке болғандықтан аталған. Өкінішке қарай, өңірдің қазіргі жағдайы басқаша. Протондар ұшып, озон қабаты тесіле берген соң, күн сәулесіне шомыламыз. Кейде «гептил» жейміз. Мутанттар туылмай жатыр. Туылса, "Өрмекші адамның" жалғасы осы қалада түсірілмек. Қызылорданың ағаштары кедергі болмас. Қайдааа!? Қызылорда Байқоңырдан 250 км жерде орналасқан. Қызылордаға бізден гөрі Шиелі жақын. Қалғанын география пәнінің апайы үйрете жатар. Сонымен, суреттер сөйлейді. Сөйлегенде көпіріп, былшыл етіп, аузы жабылмайын деп тұр.

Алғашқы қазық
Блог - qonyrbai: Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)

USSRstagramға суретке түскен екен
Блог - qonyrbai: Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)
Алғашқы жылдар...

Алғашқы қызметтік мекеме
Блог - qonyrbai: Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)
Әскери казарма. Полигон штабы
Блог - qonyrbai: Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)
Блог - qonyrbai: Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)
Блог - qonyrbai: Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)
Саябақ

Қала. 1960 жылдар...

Бақылау пүнкіті. Мұнда орыстың мілсәлары құжатыңды тексереді. Құжат болмаса, қаланы айналып, қираған қоршауларынан өтесің.
Блог - qonyrbai: Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)
Қызыл әскер көрген балалар футбол ойнап жүр. Әпісерлердің балалары шығар.
Блог - qonyrbai: Суреттер сөйлейді (№1): БАЙҚОҢЫР (1950-1960)
bk
Бөлісу:

12 пікір

ademi_alem
Бүгінгі таңдағы көрінісіне бір жазба арнаңызшы.
qonyrbai
Қайдан біліп қойдыңыз ертең осы тақырыпта фотореп жасайтынымды? :)
ademi_alem
о алақай! Тілегім тым тез орындалайын деп тұр ғой! ))))))) Жақсы жазбаларыңызды енді көріп отырмын, ешкім пікір жазбаған, бағалау уақыты да аяқталып қойыпты… (( Сәттілік! Жақсылап жасаңыз!
qonyrbai
Рақмет! Жұрттың пікірін алу үшін еңбек керек сияқты мұнда. :) Мен енді еңбектеніп жүрмін.
ademi_alem
Жұрттың пікірін алу үшін еңбек керек сияқты мұнда.
Бастан өткен )))))) Кейде сыни пікір көп айтылатыны сонша «ешкім ештеңе жазбай қойса екен!» деп тілеп отыратынмын. )))))))))))))))
qonyrbai
:) Бірақ онсыз болмайды. Маған сынның көп айтылғаны ұнайды.
Marco
Байқоңырда болдым. Мені бір таңқалдырғаны шап-шағын болса да нағыз қалалық рухы бар екен. Ал, іргесіндегі Төретаммен салыстырғандағы контраст сұмдық(((
qonyrbai
Иә, қазір Төретамға мектептер, балабақша салған. Асфальт төселген. Дегенмен, сыртта тұрған қоқысы көп. Солайымен жатыр әлі.
Ispek92
Қоғам тақырыбына реп пе? Неге Керек тілшіге салынбаған, ілмектерде миниблогиада сөзі де жоқ…
ken
Алдын орысша сайттарда жарияланып қойған.
qonyrbai
Иә. Байқоңырдың альбомы жиналған сайты бар.
qonyrbai
Жоға, бұл емес қо. :) Енді бастаймын фоторепті.