Бонисттер мен нумизматтар

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар
«Ақша» тақырыбында пост жазу үшін біраз ойлануға тура келді. Атауы оңай болғанымен, ерекше материал дайындай қалу оңайлыққа соқпады. Сөйтіп жүріп Дмитрий Семенов есімді кісімен таныстым. Ол Астана қаласындағы «Антиквариат» атты дүкенді басқарады екен. Коллекционерлерге түрлі тауарларды тауып беріп отыратын бұл дүкеннің ең үлкен бөлігін ақша жинайтын адамдарға арналған бөлім екендігін білген мен Дима ағайдан ақшаны тауар ретінде сату қандай екендігі туралы сұрастырдым.

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар
Ақша жинайтын адамдар
Ақша жинайтын адамдар бүгінгі күні өте көп. Олардың өздері екіге бөлінеді. Бірі қағаз ақшаны жинатын бонисттер болса, бірі тиындар жинайтын нумизматтар. Бүгінгі күні бонисттерге қарағанда нумизматтар өте көп. Нумизматикамен айналысу қалай басталады дейсің ғой… Нумизматикаға негізінен адамдар жолда келе жатып көшеден ерекше бір тиын тауып алуы мүмкін немесе оған біреу тиынды сыйға тартады… Бәрі содан басталады. Ондай адамдар көбіне көрген тиын, банкноталарын жүйесіз түрде жинай бергенімен, уақыт өте келе біраз қоры жинақталғаннан кейін жүйелене бастайды.
Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар

Ақшаны тауар ретінде сату
Ақшаны тауар ретінде сатарда немесе сатып аларда міндетті түрде олардың құнын білуіңіз қажет. Оларды құны сол тиынның өткізілген аукциондары негізінде белгіленеді. Оған сарапшылар аукционға қанша теңгеге қойылғандығы мен қанша теңгеге сатылғандығын анықтай отырып құнын шығарып, арнайы каталогқа еңгізеді. Ондай каталогтың бар екендігін білмейтін адамдар өзінің ежелгі ақшасын 1 миллионға сатуға дайын тұрады. Ал каталогта ол тиынның құны 1000 теңге болып қалса оған ренжіп кетіп жатады. Өйткені ақшаның құны оның айналымға шыққан санына да байланысты.
Мысалы, Арал елдері бар ол жақта қағаз ақша санаулы түрде ғана шығатындығы соншалық тұрғындары тіпті қағаз ақшалары барын білмейді де екен. Сол ақшаның аздығынан олардың құны каталогта қымбат тұрады. Ал егер патшалық Ресейді алатын болсақ, соңғы патша ІІ Николай тақтан түскеннен соң Кеңес Үкіметі құрылғанға дейін ақша реформасы болмаған. Сол кезде жаңадан кезлген Үкімет реформасыз халықтың ақшасын жарамсыз деп танып, қазіргі уақытта 1909, 1908,1905, 1903 жылдардағы тиындар «ІІ Николай Патшаның арзан тиындары» деп аталады. Олардың бүлінбеген, жаңаларын ғана 300-1000 теңге арасында сатуға мүмкіндік бар.
Сол үшін ақшаның құны жайында ақпарат білмесеңіз сіздің алданып қалу мүмкіндігіңіз өте жоғары.
Біздің дүкендерде аралдарды қосып есептегенде дүниежүзінің барлық елдерінің ақшалары бар.
Ең арзан тұратын банкнота 90 жылдан бері қаратай шығарылған ТМД елдерінің ақшалары. Олар 150 теңгеден басталады.
Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар
Инвестициялық тиындардан қымбат тұратын тиындар бар
Коллекционерлер негізінен инвестициялық тиындарды жинамайды. Өйткені оны адамдар көбінесе сол тиыннан белгілі бір соммада пайда көру үшін ғана алады. Себебі ол тиындардың құны металдың биржадағы құнына ғана негізделеді. Одан бір күндері ұтып тұсаң, бір уақытта-ақ ұтылып қалу қауіпі де жоғары.
Әлем бойынша нумизматтардың жинайтын ең үлкен коллекциясы жан-жануарлар мен ғарыш бейнеленген тиындардан тұрады. Сол үшін ақшалай пайда табамын деген адамдар осы тақырыптағы тиындарды да іздестіріп жүріп сатып алып, кейін коллекционерлерге өз бағынан 2-3 есе қымбатқа сата алады. Себебі нумизматтар өзінің коллекциясына жетпей тұрған тиынды алар кезде оның құнына мүлдем қарамайды деп айтуға болады. Ол 1 миллион тұрса да ала салады, ал егер ол тиын оны қызықтырмаса ол қанша арзан тұрса дағы оған қарайды деп үміттенбеңіз.
Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар
Румынияның пластик банкноттары. Пластик банкноттар алғаш рет 1996 жылы Австралияда шыққан болатын. Бүгінгі күні пластик банкноталарды Вьетнам, Жаңа Зеландия, Бруней, Бермуд аралдары және Жаңа Гвинеяда қолданады.
Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар
Бұрын соғыс уақытында басқыншылар басып алған жерлердің валютасын жоққа шығарып, өздері осындай «оккупациялық» ақшаны қолдануға береді екен. Бұл ақшалар тек сол аймаққа ғана жараған. Ал басқа жерлерде құнсыз болған.
Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар
Ақауы бар ақшалар да бар
Тиындарды жасау басталған заманнан бастап әрдайым олардың ішінен белгілі бір ақаулары бар тиындар табылып отырған. Ондай тиындар өте сирек кездесетін болғандықтан нумизматтар кәдімгі тиынға қарағанда оған артығырақ қызығады.
Мысалға, өзіміздің Қазақстанды алатын болсақ. Тәуелсіздігіміздің 5 жылдығына «Алтын адам» бейнеленген тиын шыққан болатын. Сол тиынға байқап қарасаңыз Алматыдағы ескерткіш «Алтын адамның» қолында қыран құсы мен садағы болса, тиындағы бейнеде мүлдем басқа «Алтын адам» бейнеленген еді. Кейінінен ақау білінгенен соң, ол тираж жиналып алынған болатын, ал бір бөлігі коллекционердердің қуанышына орай олардың коллекциясына толтырды.
Ақауы бар тиындарға сұраныс бар болғаннан соң, бізде сатылымда олар да бар. Олар аса қымбат тұрмайды бағасы 500-ден 1500 теңге көлемінде.
Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар
Ақша идеологияны қалыптастырушы құрал ретінде
Менің 37 жыл өмірімде қолымнан түрлі-түрлі ақшалар өтті. Алайда ақша арқылы бір елге бір елдің идеологиясын сіңіруге болады деп ойламаймын. Ақша бір дәуір бейнесінің көрсеткіші деп айтқан дұрысырақ шығар. Себебі қай ақшаны алып қарасаңыз да оларға белгілі бір дата, белгілі бір оқиға белгіленгенін көресіз. Мысалы, кезінде Ресейде Патшаның таққа отыру кезінде міндетті түрде патшаның белгісі бар тиын шығаратын. Ол жерде патшаның тәжі немесе тағы да басқа бір белгілі заты мен Таққа отыру рәсімі болған уақыт жазылатын. Ал Африка елінде бір-екі рет африкалық тайпалардың канибал патшаларының бейнесі шыққан болатын. Ол белгісі бір идеологияны емес, бір кездері сондай Патшаның болғандығын белгілеу ғана еді.
Уақыт өте келе нумизматиканың да бағыты өзгеріп келеді. Бұрын тиындарға Патшалардың бейнесін салатын болса, қазір тарихи жәдігерлерді, «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарларды бейнелейді. Қай заманда да тиындар кейінгі ұрпаққа ақпаратты жеткізуші құралдардың бірі болған деп айтар едім.

Дима ағайдан ақша жинайтын адамдар, ақшалар туралы мол ақпарат алып бонисттер мен нумизматтарға қатты қызықтым. Сөйтіп өз арамызда сондай адамдар бар ма екен деген қызығушылық туды. ОЛАР БАР ЕКЕН!
Тіпті береу емес, бір тобын тауып алдым. Олардың әңгімелерін тыңдадым да нумизматика мен бонистикаға ғашық болып қалдым

Өзіміздің арамызда жүрген бонисттер мен нумизматтардан сұхбат ұсынамын

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтарНҰРБОЛАТ ТУЫСБАЙҰЛЫ, журналист:

— Былай қарағанда, күнделікті өмірде қолыңда жүрген зат. Аса қызығушылық тудыратын түк те қасиеті жоқ. Тіршілікте қажет болғасын біреуден саған келеді, сенен өзгеге кетіп жатады. Тіпті, байқаусызда үйіңде болсын, не болмаса көшеде келе жатып өзге елдің таңсықтау бір монетасын тауып алсаң былай-былай төңкеріп бір қарайсың да қалтаңа, не сөмкеңе сала саласың. Бұл кез келгеннің басынан өтуі мүмкін жағдай. Ал біреулер монета десе жанын береді. Біреу оның шығу тарихына қызығады. Біреу жай ермек үшін, не болмаса өскенде балаларыма көрсетем деп жинайды. Ал, біреулер әр монетаны өзінше «сөйлетеді». Монета жинаудан тәжірибесі бар адам қай тиынның сұранысқа ие, қай жәдігердің, әсіресе ескі монеталардың нағыз түпнұсқа екенін бес саусағындай айыра біледі. Мен өз басым әзірге бұл салада «сарыауыз балапанмын». Монетаға деген қызығушылығымды оятқан кластасым. Оқуды бітіріп, жұмыс істеп жүрген кезіміз ғой. Бірде сол досымның үйіне қонаққа бардым. Сонда ол 7-сыныптан бері жинап келген монеталарын көрсетті. Құдай сақтасын! Көзім оттай жанды. Бұрын соңды ондай коллекцияны көрмеген мен арнайы альбомға әдемілеп салынған бірнеше қаптамадағы әр түрлі елдің тиындарын көріп ауызымды аштым. Баяғы Петр біріншінің заманындағы монеталар секілді ескі дәуірдің жәдігерлері адамды еріксіз арбайды. Оған қойған ең бірінші сұрағым мынау болды: «Мынаның бәрін не қылмақсың?» Қайтейін енді, бұрын-соңды ондайды естіп, көрмеген. Сондағы алған жауабым: «Мен байып кетпесем де осы жиған-тергенім ұрпағыма мұра болып қалатын болса, баламның баласының баласы бір замандары байып кетер...»
Әрине, әзілдеп айтты ма, шынын айтты ма, кім біледі?! Бірақ, тап сол күннен бастап монета жинап кеткенім жоқ (күліп). Оған бірден кірісу де оңай емес негізі. Жүрегіңнің шын қалауы болмаса тиынның басын құрап, коллекция жинау – бос қиял ғана. Оның да өзіндік мәдениеті болады. Түсінігі болады. Тарихы болады. Егер қолыңа түскен, немесе сатып алған қандай да бір ескі дәуірдің монетасын, оның сырын, тарихын түсінбейтін болсаң оның бәрі бекер шаруа. Мен тиындарды жаңа бастап жинап жатқан адаммын. Білгенімнен білмейтін дүнием көп. Әрине, қалтасы қалың адам бір күнде коллекционер болып шығуы мүмкін. Өйткені, қазір қандай да бір коллекцияны сатып алу түк те қиын емес. Оны интернеттің өзі-ақ тауып береді. Алайда, бұл өте нәзік шаруа. Әрі талғам да керек. Мен әзірге осыны түсіндім. «Мен коллекционермін» деп жиған-терген тиындарыңды қапшық-қапшық қылып дорбаға салып сақтауға болмайды. Өйткені, бір-бірімен үйкелген монеталардың бояуы тарайды. Сапасы төмендегесін олардың құны да болмайды. Сондықтан, балаша баптап ұстау – үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Тап өзімнің қызығып жинап жатқаныма 2 жылдан асты. Канада, Малайзия, Жапония, Қытай, Чехия, Грузия, Сингапур, Үнді сияқты басқа да көптеген елдердің монеталары жиналып қалды. Жұмыс барысымен шетелге шыққанда барған елдің қолданыстағы монеталарын көресің. Әр елдің салты басқа дейді ғой. Сол сияқты тиындары да сан алуан болып келеді. Өзіме дизайны жағынан Чехияның тиындары ұнады. Жалпы онымен шектелмеймін. Былтыр алғаш рет өзімше антиквар дүкеніне барып өзіме ұнаған Елизавет екіншінің құрметіне 1952 жылдан бері шығарылып келе жатқан сериядан монета алдым. Бір данасының дүкендегі бағасы 1600 теңге болды. Көлемі жағынан, әрі дизайны тәуір болғасын ұнаттым. Әрі бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Сол сериямен шыққан қасындағы өзге тиындарды да кейін алатын болып едім, онымен ол дүкенге қайтып жолым түспей қойды. Жалпы айтқанда осы іске дұрыстап кіріскен сияқтымын. Мақсат – біреу ғана. Өз бетімше коллекционер болғым келеді. Танымымды кеңейткім келеді. Көрсең көз тоймайтын әр елдің ескі де жаңа тиыны қолымда болса деймін. Ал, балаларымның баласына пайдасы тиіп, содан ұрпағым байып кетіп жатса ол да жаман болмас (күліп). Ол енді бір Алланың ісі. Ал, менің бүгінгі ісім – тек қана тиын!

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтарНҰРСЕРІК ЖОЛБАРЫС, журналист, тарихшы, блогер:

— Негізі менің тиындар жинауға деген әуестігім бала кезімнен басталған. Ал оны жүйелі түрде жинауға деген қызығушылығымды арттырған, студент кезімдегі нумизматика пәнінен сабақ берген Жұлдыз есімді мұғалімім болды. Ол кісіде тиындар өте көп еді. Бүгінгі күні қорымда бұрыңғы Патша үкіметі кезіндегі Ресейдің тиындары, ХІХ-ХХ ғасырлардағы тиындар, Кеңес Үкіметінінң алғашқы құрылған кезіндегі тиындар, одан кейінгі Кеңес Үкіметінің ақша реформасын шығарғаннан кейінгі тиындары да бар. Сонымен қатар Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздігін алып, 1993 жылы алғаш валютасы шыққанға дейін тиындары болмады да, оның орнына қағаз тиындар жүрді. Менде сол қағаз түріндегі ақшалар да бар. Ал валюталар қорым шетелдік 20 шақты мемлекеттінің ақшасынан тұрады. Тиындар қорымды қалай толықтырып отырасың деген сұрақтар болып жатады. Негізінен менің ақша, монета жинайтындығымды білетін шетке шыққан достарым таныстарып әкеліп беріп жатады. Онымен қоса өзіме керекті тиынды көзіме түссе сұрап немесе бір нәрсеге айырбастап аламын. Ал кейбіреулерден сатып алуға да тура келеді. Бірақ өз жеке басып үлкен көлемдегі ақшаға тиын сатып алып көрмеппін. Ал оларды жинауға кіші қарындасым көмектеді. Бүгінгі күні ол қор екеуіміздің ортақ меншігімізге айналған. Қорымыздағы ең көне тиындарды тапқан да қарындасым болды. Ол бір ретте Оңтүстікке қыдырып барған кезінде бір әжеден қамзол сатып алған екен. Сол қамзолдың безендірілген әшекейлеріне дұрыстап қарасақ, ол Ресейдің бірінші Александр тұсындағы тиындармен әрленген екен. Қазір бәрі Жезқазғанда қорымда сақталып тұр.

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтарЖЕҢІС АЙТЖАНОВ, қаржыгер, сиқыршы:

— Ақша жинаумен әуестенгеніме 5-6 жыл болды. Ең алғашқы тиынды маған ағам сыйлаған болатын. Ол студент кезінде халықаралық қонақүйде жұмыс істеп жүретін. Сол кезде шетелдік азаматтар оған өз елдерінің ақшаларымен шайпұл береді екен. Ол оны өзі жинамай маған «Жеңіс сен қаржы мамандығында оқисың ғой керек болып қалар» деп маған әкеліп беріп жүрді. Біртіндеп тиындарым жинала бастады да, оған өзім қызығып кеттім де олар туралы оқи бастадым. Басқа да ақша жинайтын балалармен балалармен таныстым. Оған, қоса менің анам жас кезінде ақша жинаған екен. Анамда 50 шақты тиындар, Совет Үкіметі кезеңіндегі банкноталары болған. Мен бір нәрсеге қызықсам соған беріліп кететінімді білетін анам өзінің коллекциясын маған сыйлады. Қазір коллекциямда банкноттар, теңге шықпай тұрған кезеңдегі бонылар бар. Кезінде тамақ, азық-түлік сатып алуға қолданатын қағаздар болатын. Соның бір данасы бар. Сосын өзім басқа елдерге саяхаттап барған кездерімде сол жерден ақша қарап жүремін немесе бара жатқан елге Қазақстанның теңгелерін ала барып, сол жақта ауыстыратынмын. Жақында біздің Ұлттық банк шығаратын 999 пайыз алтыннан тұратын инвестициялық тиын сатып алдым. Онымен қоса атаулы мерекеге, атауалы датаға немесе Олимпиада ойындарына арналған 60 мемлекеттің банкнотасы бар. Біле білсеңіз ақшалардың өздері құнды және құнсыз деп бөлінеді. Сондай ақшаларға келетін босақ менде Антарктиданың ақшалары бар. Бірақ ол жақта ещкім тұрмайтындықтан оның құны жоқ. Ең ең үлкен ақшам 1 триллион доллар. Ол Африкадағы Зимбабва деген мемлекеттікі. Оларда 5-6 жыл бұрын гипперинфляция болып қазір оларды өздерінің ақшалары жоқ болғандықтан мендегі ақша құнсыз. Сонымен қатар мен жан-жануарлардың суреттері бар ақшаларды жинағанды өте жақсы көремін. Көбіне жануарлардың суреттерін Үндістан, Бразилия, Африка мемлекеттерінде жиі салынады. Жақында Еуропаның орталығында орналасқан Мажарстан еліне бардым. Олар Еуро аймаққа кіреді де бірақ олардың өзі жеке Мажар форинті деп аталытын банкноттары бар. Сол жақтан 4 миллион форент алып келдім. Сол елдің ұлттық банкіне экскурсия жасағанмын. Олар 4 миллионды алған да бәрін майдалап бөліп, жинап кірпіш сиақты етіп сувинир етіп сатады. Мысалы бізде қаншалықты шын екенін білмеймін бірақ ескірген ақшаларды өртеп жібереді деп естігенмін. Ал шет мемлекеттерде жарамсыз ақшаларды сувинир ретінде сатады. Сонымен қатар анда-санда Алматыдағы Горький атындағы орталық саябақта жиналатын коллекционерлердің клубына барып тұрамын. Негізі бұл ақшаларды жинау маған ешқандай кіріс алып келмейді, бірақ өзіме қызық. Қазіргі уақытта алтын немесе гаухар тастардан жасалған тиындар болса солардан ғана күшті табыс табуға болады.

Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтарБАҚЫТЖАН БҰХАРБАЕВ, саясаттанушы, блогер:

— Өзін қазақ деп есептейтін адам теңгемізді Тәуелсіздігіміздің жаршысы деп санайды ғой. Мен өзімді теңгенің патриотымын деп айта аламын. Осыдан 4 жыл бұрын бір халықаралық симпозиумға қатыстым. Содан түскі ас кезінде бәріміз жиналып отырып әңгімеміз таусылып қалған кезде сөз болсын деп кімнің ақшасы қандай екенін көрсетейік деп, қалтамыздан шығардық. Мен теңгені, Украина өзінің гривнасын, тағы басқалары басқасын шығара бастады. Тек арамыздағы Татарстаннан келген ғалым өздері әлі күнге дейін рубльді пайдаланатынынан аздап қысылып, бізге «Сендер бақыттысыңдар өз мүмкіндіктерің бар, төл ақшаларыңды шығара аласыңдар» деді. Теңгеміздің құндылығын күнделікті қолданып жүрген біз біле бермейміз, ал сол кездесуде жүрегімді ерекше сезім кернеді. Әр қазақ өзінің теңгесінің патриоты болса екен деп ойладым. Содан бастап өзіміздің теңгелерге қызығушылығым пайда болды. Бір күні дүкенде сатушыдан қайтқан ақшаларымның ішінен сап-сары 100 теңгелік тауып алдым. Сөйттім де оның неге ондай екендігін нумизматикамен айналысатын адамдардан сұрастырдым. Олар оның Теңге Сарайынан солай шыққандығын, ол ақауы бар тиын екендігін айтты. Сонда оларды жинап жүйелесем бе деген ой келді. Онымен қоса халық арасында мәдениетіміздің бір бөлшегі болып табылатын теңгені насихаттағым келді. Ақауы бар монеталарды жинай бастағанан соң олардың түрлерін зерттей бастадым.
Блог - rakisheva: Бонисттер мен нумизматтар
Мысалы, менің қолыма алғаш түскен 100 теңгелік толығымен сары түсті болса, кейбір тиындарда елтаңба дұрыс басылмаған немесе толығымен жоқ болып жатады. Ал ең жиі кездесетін ақаулардың бірі әріптің немесе санның дұрыс емес басылып қалуы. Біреулер интернетке жеген тамағын салып, біреулер өз суреттерін салып жүрсе мен біртіндеп осы ақауы бар теңгелердің суреттерін салып, солар жайында жаза бастадым. Интернетке салып көрсетіп отырғаннан соң достарым, таныстарым мен оқырмандарым бұл қызығушылығымды біліп ақауы бар теңге көріп қалса маған әкеліп беріп жатты. Негізі ондай теңгелер көп емес. Қазір менде небәрі 10 шақты ғана данасы бар. Аз болған сайын жинау қызығырақ. Өйткені екінің бірінде ақауы бар монета болса оның қадірі кетіп, жинауға деген әуестік те басылып қалар еді.
Екіншіден бұл біздің Теңге Сарайымыздың сапалы өнім шығаратындығын көрсетеді. Мәселен, Ресейдің тиындарын алатын болсақ онда ақаулар өте көп болады. Осы жақында Ресейге іс-сапармен 1-2 күнге барып қайттым. Сонда бірінші дүкеннен-ақ ақауы бар рубль алып шықтым. Көп адам біле бермейді. Бірақ Қырғыз Республикасының барлық монеталары бізде басылады. Еуропаның кейбір елдері де бізге тапсырыс береді. Ол мақтануға тұрарлық нәрсе. Өйткені біздің Теңге Сарайымыз бестік болмаса да, әлем бойынша ондыққа кіреді.
Бөлісу:

5 пікір

AKY
Дмитрий Семенов әбден жұлдыз болатын болды
zholantai
бонист дегенді естігенім осы, біліп жүретін болдым, толымды жазба, рахмет, Айнұр
MERmukhanov
ни балық, ни ет болдым ба?
rakisheva
Осылай осылай сіздің немерелеріңіз Дима ағай сиақты бай адам болады
DarhanEresenov

қазақтарда тиын жинайды.орыстардан қай жеріміз кем)))