Бейкүнә Бобик немесе «Литрлер» лирикасы

Менде бір керемет сюжет бар...: Бейкүнә Бобик немесе «Литрлер» лирикасы

Эй, жалған дүниені жалпағынан басқан быраттар! Мына бауырларың арағы мен қарағы, анашасы мен тамашасы көп дүниеде не көрмеді дейсің? Сонау барыс жылы бақырып туған сабаздарың биттеп те көрген, ит жеп те көрген. Биттегенімді айтып позор болатын жайым жоқ, ит жегенімді айтайын.
Жоғарғы оқу орнын кішігірім дипломмен тәмамдап, «енді арағым мен тамағыма ақшамды өзім табайын» деп жүрген кезім болатын. Сандалып үш ай қала кездім де, бір күні бұрынғы рөмкелесім шақырған соң алыс ауылдардың біріне мұғалім болуға тартып отырдым. Жартысы орыстар мен хохолдар, қалғаны русохохолообразный қазекемдер тұратын кәнігі деревня екен. Мектеп директоры да «негр» деген лақап аты бар кәдімгі сары қазақ. Дегенмен, ауылдықтардың тілдері орыс болғанмен, жөн-жосықты білетінге ұқсайды. Алғаш барған күні-ақ мені өзен жағасына қонаққа шақырды. Алқа қотан отырған жігіттердің ортасына жайғаса беріп едім, Миша есімді «старшактары» бір щеголга «әкел малды» деді де, маған қарап қолқа салды: «Ал, Асеке, құдайы қонағымызсың, бер батаңды!» Қуанып қалдым. Қолымды жайып жіберіп, «Әумин десең, міне бата...» деп, бастап жібердім. «Әрбір үйде той болсын, жегендерің қой болсын» деген жерге келгенде ғана алдымда байлаулы жатқан алабайдың семіз күшігін көрдім. Көрдім де… Сасқан жоқпын. «Қой болмаса, ит болсын, всегда дружно жить болсын!» деп, бір қайтардым. Бәрі риа болды. Ырқ-жырқ етіп, арақ іштік. Владик, Серега деген жігіттер, «біссіміллә» деді де, Бобикті мауыздап, астың қамына кірісті. Пақырлардың жартысы отырып келген бе, сөздерінің көбін ұғар емеспін. Миша бір щеголға «Магазга барып, по питихатке 2 литр ал. Баблосын потом береміз. Все по пониятием.» деп, тапсырма берген сәтінде көп нәрсені түсіндім. Түсінгенімнің бірі — олар арақты «литр» дейді екен. Яғни, 0,5 деген түсінік жоқ, бірден литр! Менің сондағы бар қорқынышым қайнап жатқан қара қазанда болды. Мыналар қуырдақ піскен сәтте Бобиктің басын әкеліп тағы бата сұраса не қылмақпын? Дегенмен, мен ойлағандай болмады. Ас пісем дегенше, біз де бір қараға жетіп қалдық. Масайдық. Қалған «литрлерді» қара етпен закусить етіп, Бобиктің жаны жаннатта болуы ішін алдым өзім. Эх, қайран Бобик…
Мен ол ауылда бір жыл ғана шыдадым. Сол бір жылда жүздеген «литрлер» мен абыройымды тауысып үлгердім. Енді ше?! ДШ мен еңбек пәндерінің «учителі» емес, «магаз» иелері мен иттердің мучителінен басқа не күтіп едіңіз? Бірақ мені сонша қатігез, тасжүрек деп ойламаңыз. Қазір арақ ішкен сайын қыңсылаған үндері мен қансыраған түрлері жадымда жатталып қалған төрт Шарик, үш Тузик, екі Рекс, екі Алыпсоқ, Бобик, Белка, Құтжол, Лайкаларды қимастықпен еске алып тұрамын.
Р.S: Менің санамды әлі күнге дейін Бобиктің бейкүнә рухы кезіп жүр…
Бөлісу:

3 пікір

ken
Қолданушыларға сұрақ:
Егер дәл осы мәтінді Сатыбалды орналастырғанда, жазбаға сіздің реакцияңыз қандай болар еді?
nurbergen_makym
ken өзің білесің, satibaldi бұлай жазбайды ғой…
Посттың мәтіні әлденені баян ету үшін жазылғаны, ия, автордың сөздерді ұйқастыра алатыны туралы хабар беруі үшін жазылғаны қызығырақ болып тұр маған.
Ит еттің жеу мен арақ ішуден романтика іздеуден өтіп кеткен екенбіз.

P.S. «По понятием» сөйлейтін жігіттердің «по понятиям» деп айтуы өте сирек құбылыс, расы. Үлкен сходкаларда болмаса, арақ ішіп отырып, «нездравый» «вата каталалардың» бәріне «по понятиям», «не по понятиям» деп отырмайды ғой, вор мен звонның арасындағы әңгіме құсап…