Ол – сондай жігіт!......

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой қазақ. Мақтайын деп отырғаным жоқ. Мақтанғым келіп отыр. Көзінше емес. Оның стилімен жазғым келді. Мүмкін түсінбейсіздер. «Не жазған» деп. Кекетерсіздер. Оқымассыздар. Медуана жегем жоқ. Тек жазғым келді. Ол – сондай өмір. Ол – сондай қазақ.

Жаспыз ғой. Өмір алда. Бірақ, тірісінде сыйлайын. Кім біледі… Жә, жамандық шақырмайын. Том – том қылып кітап жазғаның не керек?! Өлгеннен кейін. Одан да тек құрметтей білсек. Бірдеңе айтқым келген. Соған қарай беттеп барамын.

Бала дейінші. Бірақ, сәби емес. Сәби дегенде сол балалық елестейді. Алаңсыз ойнаған күнімізді сағынамыз. Келмесін білеміз. Аңсаймыз. Еске алып, тәтті естеліктер жазамыз. Газет бетінде. Ол – сондай өмір. Ол – сондай қазақ.
Мен оны сәбиге теңеймін. Түрін емес. Бойын емес. Балалығын. Сол нәресте кезден қалған аңғал мінезіне тәнтімін. Арамдығы жоқ. Ол – сондай бала.

Ойнап сөйлейді. Ойланғаны да қызық. Сөз ұқпайтын тентектеу дейміз. Ниеті түзу. Маужырап жүргенін көрмеймін. Біледі. Ерте тұрған еркектің ырысының артықтығын. Сабаққа бірінші келеді. «Мейлі»-мен жүреді. Құлақта наушник. Ол – сондай жігіт.

Кейбір жігіттер сияқты екі сөйлемейді. Айтқан сөзінің атылған оқ екенін біледі. Өзге жігіттер сияқты міндетсінбейді. Жәй ғана өтініп сұрайды. Басқа жігіттер сияқты ез емес. Қазақ үшін жанын береді. Кеуде соққан патриоттар қасында ойнап қалады. Бағамдай біледі. Саралай алады. Ол – сондай ұл!

Мұғалімдерге сұрақ қояды. Білмегенін сұрау үшін емес. Сөйлетеді, пікірін біледі. Мұғалімдердің білімін тексеру үшін емес. Лекция жазбау үшін. Апайлар да мәз, біз де мәз. Сабақта ол болғанда. Атын атап, түсін түстеуді ұмытып барамын. Ол – менің группаласым Елдос Жандосұлы.

Айтпақшы, қалып барады. Ол әдетінен жаңылмады. Айналасына тағы да қуаныш сыйлады. Студентпін деп бір тортпен құтылмады. Мерекеміз ғой. Қыздарға «Базар жоққа» билет сыйлады. Құттықтап, тіпті, смс жазбайтындарға бұл – үлкен үлгі. Жақсылар жақсымын деп айта алмайды. Біз онымен мақтанамыз. Кейбір ұлдар сияқты… Жә, жарар. Тағы кетіп барамыз ба. Қысқасы, ОЛ – СОНДАЙ ЖІГІТ!
Бөлісу:

4 пікір

MamaAya
Абайла, жақсы көріп қалма!) Жоқ!-деп мойындағың келмес, бәрібір абайла))) Жақсы бала екен, Жақсы көріп қалғаныңды, ол туралы қандай пікірде екеніңді білсе, оның миссиясы орындалды деген сөз))) ары қарай 180 градусқа өзгеруі тіптен оңай,,, ары қарай өзің билет алып кетуің әбден мүмкін, сондықтан дистанция сақта и оның неприятный қылықтарын іздей бер.)
Sikosha
Қой, құрсын жақсы көрген нес. Просто, ол сондай. Жақсы көре алмайм барбир