Бұл қай керекші? #12 (Эстафета)

Блог - VKM: Бұл қай керекші? #12 (Эстафета)
Сәлем, достар! Мен жасырғалы отырған адамды барлықтарыңыз жақсы білесіздер.Білімді, ақылды,өнерлі, жан-жақты адамды керектен көріп,қатты қуанып,өзім үшін «ашқанмын».Қазір көп кірмейді, бірақ анда-санда кірсе де,әр нәрсеге өз ойын ашық жазады. Сонымен, сұрақтар мен жауаптар:

1. Қазақстан 2030 деп жүріп,2050 болып кеткені туралы өз ойыңды жазшы.
Отсрочка алудың амалы шығар.
2. Депутат болсаң Қазақстанда білім алу саласында нені өзгертер едің?
Бүйтер едім, сүйтер едім деп айта салуға болар еді, бірақ қалай? Білмеймін, оны депутат болып жатсақ көрерміз.
3. Жеке өміріңде не жаңалықтар болып жатыр? Ғашықсың ба?
Ғашықтық дегеннің өзі не? Менің ара-арасында жылт ете қалатын сезімдерім ғашықтық емес, жай қызығушылық сияқты. Сондықтан ғашық емеспін.
4. Сатыпалдыға мінездеме берші)))
Былай ақкөңіл, жақсы адам сияқты. Әдейі өзін ішкіш, оңбаған етіп көрсететін тәрізді. Шын өмірде намаз оқитын иманды жан болып шықса таң қалмаймын.
5. Керекте не ұнайды, не ұнамайды???
Соңғы кезде флуд көбейіп кеткен сияқты. Ал жалпы ұнайды бәрі, қазіргі эстафеталар да.
6. Керекшілерге айтар тілегің…
Ашық аспан, мол бақыт, зор денсаулық. Виртуалда ғана емес, реалда да жетістіктерге жете берсін, биіктерден көрінсін!

Ал, кеттік!!!
bk
Бөлісу:

60 пікір

MamaAya
Айгерим Кеулімжан!
zholantai
келісем, жауаптардың сұрақ көлемінен де қысқа екенін ескерсек, AKY
AKY
Әйгерім Кеулімжай деңіз. Дұрысы солай
Adiletshu
Сыпайы бола қалған түрін, "Әйгерім Кеулімжай де нақ" дегенді күтіп едім
AKY
Сыпайы болам, әйтпесе, бөтен біреу иятсыз әнек айтса да мен деп ойлайсыздар  Негізі мен бып-биязы адаммын ғо, хихи.
Dzhonsaken
Тегіңіз атаңыздың есімімен байланыстырылып қойылған ба?
AKY
Әкемнің есімі.
Dzhonsaken
Сирек есім екен. Осы есімнің шығу тарихы мен қойылу тарихынан аз-мұз мағлұмат бере кетсеңіз…
AKY
Тарихы нес, Кеуіл — Көңіл, Кеулімжай — көңілім жай" деген сөз. И все.
Dzhonsaken
Ааа...ғафу етерсіз!
Кеуіл — Көңіл
осы бір жерін түсіне алмай жүр едім…
ken
тамыр, мынадай өсімдік сендер жақта өседі ме? біз «кәуіл» дейтінбіз. бір жерлерде «кеуіл» дейді. анау қызарып тұрғанды жеуге болад.


Dzhonsaken
Астындағы жемісі дарбызға ұқсайды ғой. Бірақ жапырақтары келмейді оған. Жапырағы мен гүлі таныс емес. Мәдени өсімдік па бұл тамыр?
ken
жабайы өсімдік қой. өзімен-өзі далада өседі.
Кәуіл.
Dzhonsaken
Біз жақта бұндай өсімдік өспейді деп таныдым тамыр!
MamaAya
)))) мәдениі нес?  ой, Сәкен!!!
dark_nazgul
менің әнегімнің қай жері иятсыз е?
AKY
Өзің айтыпсың ғо иятсыз деп
MamaAya
Үлкен кешірім өтінемін, Әйгерім)))))))!
Ispek92
Сонда кіші кешірімдер қандай болады?
AKY
Кешірдім бір жолға деп қояд дид)
zholantai
ойыма ешкім келер емес, миым өшірулі,
zholantai
плүстеңдер, бірінші беттегі езбе жазбаларды төмен түсіріп, орнын алып қойсын
Adiletshu
ӘКУ Сатыбалдының реалда да ішкіш екенін біледі, ол емес. Бұл Әнуәрбек құданың қызы ма дейін десем «Албасты» деп ұрсама деп тұрмын
zholantai
ӘКУ Сатыбалдының реалда да ішкіш екенін біледі, ол емес.
ал, сен AKY -дің нені білетінін, сондай-ақ satibaldi -ның реалда қандай екенін де білетініңе қарағанда, оның кім екенін білетін сияқтысың ғо,
Соңғы түзету:
bizbike
Мені жасырыңдаршы осы біреуің, Әділет мені тапқысы келіп құнттап жүр ғой қоймастан.
Ispek92
Мен білсем бұл ер адам
MamaAya
ага, ерге ана гүлдерді қойып қоят деш!!!
VKM
Исабек,әдеттегідей,«бірден» тауып алады))))))))
Ispek92
 Енді таза өтірік айтуға көштім, ақымақтың сандырағы келеді деп, ақылды болғым кеп жүр.
Соңғы түзету:
MamaAya
ақылдысың, а то бұтақбас деген атақты Алдекең босқа бермес еді ғой!)))
AKY
Қылмаңдаршы зайып ал
Aldeken
қабағыңды түйме дим
AKY
 көріп қояды екенсің
MERmukhanov
Дабуди дабудай, Әйгерім Кеулімжай
Шын өмірде намаз оқитын иманды жан болып шықса таң қалмаймын.
деп, шынымен Сатекеңді онша білмей ме не?
dark_nazgul
мен де Эльвира ханымның кім екенін «білмей қалдым» ғой
AKY
Эльвира ладно, қулық жасадың, ал Сатыбалды деген кім шынымен, а?
dark_nazgul
Ол әулие рух, ол жыныссыз, тәнсіз, жансыз жаратылыс. Ол ауа, ол дем. Ол сенің әр айтқан жаман сөзің.
Ispek92
Бұл Кен брат, алайда эстафета бұтағы керек емес маған
ken
)))))))
осымен нешесінші рет мен деп жатырсың?
Aldeken
Эстафетаның бұтағын неше рет жеңіп алғаныңа қарап, админге марапаттар категориясына«эстафеталық бұтақбас» деген номинация енгізуді ұсынғым кеватыр…
MamaAya
 Вааааахахаааааааааа! Бұтақты қайта алатын боп қалсақ, бізді не дер екен?))) алғым келмей қалды ғо!!!
Aldeken
баяғыда біреу тоқсан тоғыз кесе шәй ішіпті, оған «енді бір кесе ішсең, жүз кесе болад» десе, анау тұрып, «не, 100 кесе шәй ішіп, мешкей деп пе едің мені» деп ренжіп қалыпты… уоооот…
опшым, Айым, «поздно пить боржоми, когда уже печень посажена»…
MamaAya
демек, мен уже аталып қойғам екен ғой!  не че!!! бұтақсыздан сақтасын!!!
Aldeken
аха дұрыс, сіздерді бұтақсыздан, біздерді бұтақсыздықтан, ия, сақтасын, ия…
Korkem
Эльвира Ерғалина!
VKM
Иә, достар, бұл өзіміздің Айгерім!http://kerekinfo.kz/profile/AKY/created/topics/page5/ мына жерден ол туралы көп мәлімет аласыздар.Рекомендеймін!
Айым, жасыра бер, кайфтың бәрін құрттың ғой, жазбай жатып тауып алып)))))
MamaAya
оппа!!! кеше аталып қойыппын ғой,,, мен күтіп отырмын әлі, көрмес түйені көрмес деген!!!!)))) УРРРРРА!!!! Құттықтаймын, Айым! -Рахмет, Айым!!!!
Daniar-Alan
4. Сатыпалдыға мінездеме берші)))
Былай ақкөңіл, жақсы адам сияқты. Әдейі өзін ішкіш, оңбаған етіп көрсететін тәрізді. Шын өмірде намаз оқитын иманды жан болып шықса таң қалмаймын.

*lol*