Әлі... әлі... әлі...

Блог - aikarakoz: Әлі... әлі... әлі...
Ас үй. Қызмет етіп келе жатқанына 2 жылдай болған ноутбуктың гуілі. Қағазы айқара ашылып, желінбей қалған жартысы бөлініп-бөлініп жатқан Қазақстан шоколады. Біресе дыбыссыз режимге қойылатын, біресе дауысы қайта қосылатын ұялы телефон. Оның ар жағында көк шәй жартылай құйылған бокал тұр.

Кеш батып келеді. Күні бойы үйден шықпадым. Жұмысты үйде отырып істеуге тура келді. Үнемі жалғыз қалуға құмартып тұрушы ем, міне күні бойы өзіме өзім ғана күбірлеп қоям.

Ас үйдің терезесі үлкен көшеге қарайды. Ары-бері ағылған көліктерге қарап отырудан жалыққан кезім есімде жоқ. Тағы да ұзақ қарадым. Тым тез жүреді. Асығыс. Уақытты айтам. Лезде қараңғы түсіп, машиналар жарығын қосып алыпты. Кеш, түн, таң, сосын тағы бір күн зу етеді. Мен осы жасыма дейін не бітірдім өзі? Айтарлықтай ештеңе. Айтарлықтай деп қоям, ойлайтын да ештеңе жоқ қой. Әлі пәтерден пәтерге көшіп жүрмін. Әлі такси тоқтатам. Әлі… әлі… әлі… Әлі жаспын деп ақтап алуға ғана шамам келеді өзімді. Жеке бизнесім болса деймін. Әлі солай армандаймын. Әлі. Эхх… Қаңтар да аяқталып келеді, әлі ештеңе өзгерген жоқ.
Қап-қараңғы ас үй. Қызмет етіп келе жатқанына 2 жылдай болған ноутбуктың гуілі. Көрсету керек еді осыны.
Бөлісу:

38 пікір

MamaAya
Мәәә, керемет! Образға кірдім, и слегка қуанып қалдым үйдегі азан-қазан балалардың шуы мен аяқ алып жүре алмастай шашылып жатқан машиналарға қарап!!! Бәрі алда, Сабақты ине сәтімен!-деген, сәті сәтті келсін!!!! Ниетіңе жет!!!
aikarakoz
Айтқаның келсін!
MERmukhanov
Эль пост жазды...
Ұрып тұрған оптимизммен жүруші еді, мұңды лирикаға өтіп кетіпті
Не терять дух!
Выше голову!
п.с. Күйеуге тисең, бір пұшпағың иленеді. Бір көсегең шүкірленеді
aikarakoz
Ара-тұру мұңайып тұрған да дұрыс. Күйеуге тисең, қағанағың қарқ, сағанағың сарқ боп кете салмайды. Оның өзіне дайындықпен бару керек. Кем дегенде, шотыңда лимон жату керек, құрдас.
bizbike
Сақтық көпшігі ретінде ме?
aikarakoz
Үйің, тойыс үйлерің жоқ болса, пәтер жалдауға қор керек қо)))
MERmukhanov
Ол рас.
Қазақ тойды жұрт үшін жасайды, со жері межені көтере береді.
Алайда, «Бәрібір бас екеу болмай...»
Мен де келіп жылап кетейін бе иығыңа?
Бәрі норм болады
bizbike
Ой қызға той жасаудың қажеті жоқ тіпті.
MERmukhanov
Қазақ тойды жұрт үшін жасайды
bizbike
Жұрқа қолды бір сілтеу керек онда
aikarakoz
Тойды қойш. Ол — ата-ананың қызығы ғой, өз қаржысына жасайды, жасай берсін) Бәрі керемет болады, білем
VKM
межені көтере береді
жақсы деген сөз бе, жаман деген сөз бе?
KONILDI
 олай емес шығар деп қоям
bizbike
Бәріміз сол әлімен жүрміз ғой. Тұрсынбек айтпақшы «Осы бірдеңе істеу керек еді» деп )))))))
xsanatos
осы сіздің позитивті жүз күніңіз бітті ме?
aikarakoz
Бітіп қалыпты ғой
VKM
Эльвира, мен де кейде осындай күйде боламын.Машинаны папам әперді,үйді де солар( Мен ақша жинай алмаймын, толық 100 пайыз кетеді,3 жыл 1 жерде отырмын. Ата-анамды қуантқым келеді, тек қалай?(
MamaAya
ойййй, мен ше? мен тек өзіме майда-шүйделер алғаннан асқан емеспін, өмір бойы әке-шешем, қазір күйеуім! Оған бола қайғырмаңдарш!!! Осы еркеліктеріңді көтеретін жігіттер кездессін, бастысы!!!
bizbike
соны айтам, ақша табу біздің міндетіміз емес
Marco
Өй қойыңдар ей. Мыналар әрі беріден соң жылайын деп отыр ғой.
VKM
Маркоооо, сәлем. Айтпа дим.Жігер өсіп келеді ме?
Marco
Өспек түгіл, қыздарға сөз айтуға да жетіп қалды
VKM
хихи))) аумаған папасы ма?))))
Marco
Ибай, не дид! Мен бір қыздарға қырғидай тигендей қылып айттың ау, экс-көрші. Әне экс-көршіден шығады, жұрт жаман ойлап қалса не істейсің?
Maxsimal
маа бирдене истеу керек еди шынымен де
zholantai
интервалмен ыңырсып алу — Эльвираның әдеті, қайталанып тұрад, қайбір жылы Алматыда жүргенінде де жазған, айқаракөз сайты да ауыр ашылад деген сипаттағы сөздері бар пост болатын, саған телеарнаға кету керек деп ойлайм, неғып жүрсің, интернетте, телеге барып, дені дұрыс бағдарлама ұсынш,
dark_nazgul
ничо, біздің көшеде де той болады. ӘЛІ
ereke_enu1
Теорема: Қыздарға карьера қуу — зиян.

Дәлелдеу: Карьерада табысқа жеткен қыз анау-мынау жігітке қарамайды. Өзіне тең табысты жігітті іздейді. Ал, табысты жігіт ешқашан кәрі қызды алмайды.

Қорытынды: Уақытында тұрмыс құрып, "қосағыңмен ағар" ©
MamaAya
не деген остроумный пікір?!
Dana
жаксы, жан-жақты далелденген көзқарас.
Jenis8787
Апм, бәрі жақсы болады, нешауа! әр нәрсе ойлап тұңғиыққа кете бергеннен алдағы өмірдің ыңғайын жасау керек сияқты (менімше ғо). Дегенмен сіздік қиялға беріліп отырып өз өткеніме саяхат жасағам. ЕЕЕ, будан анык 10 жылдай бурын, студентпін, арасында уйге айтпай жұмыс жасап қоям, ауылда әке-шеше мойнына мініп өсіп, жүріп қалған адамға қаланың студенттік өмірінің қияметін ай. Құрылыс заттарын тасып жүріп, шаңының арасында отырып қазіргі күнімді армандаған екем. Шукір, жай жай орындалып келеді, жұмыс табылды, көлік те болды (керемет емес дегенмен болады), қаланың шееееееееет жағынан шаағын уй де салынды, келіншек те табылды (бірақ несиемен алдым оны шын айтқанда жартысынан құтылып та қалдым ғо дим), нешауа, бари алда, сізде де солай боларына сенем
Соңғы түзету:
Olzhass
Құдай қуат берсін, табысың берекелі болсын, дос
Jenis8787
әмин, барлығыңызға да да соны тілеймін
Dana
Иа, көш жүре түзеледі деп бекер айтылмаса керек, бари де жаксы болады, өз уақытымен.