"Айлы түн" түнгі пирогы
Кеше түнде шабытым ұстап кетіп, аяқ астынан пирог пісіріп тастадым
Оның дайын болғандығын күтіп отырып instagram — ға бірнеше суретін салған болатынмын. Оқырмандарымның көпшілігінің сұрауы бойынша пирогтың дайындалу әдісімен блогымда бөліссем деп отырмын
Құрамы:
Алдымен жұмыртқа мен қантты жақсылап миксермен қант ерігенше араластырамыз.
Какао, сұйық май, сүт (ішіне жаңғақ, мак, күнжіт т.б. салып жіберсеңіз де болады) қосып тағы жақсылап араластырамыз.
Артынан ұн мен разрыхлительді қосып, бір қалыпты болғанша араластырамыз. Сөйтіп алдын ала дайындалған табаға жартысынан көп сұйық қамырды құямыз.
Ортасына сүзбе мен қоюлатылған сүтті қосып араластырып саламыз.
Үстіне қалған сұйық қамырды құямыз да, қызып тұрған пешке піскенше саламыз.
Пирогты бөлген кезде іші осындай болып шықты:
«Айлы түн» пирогы дайын!
P.S. Фейсбукта Абзал досым "Пирогыңның атауы «Айлы түннен» гөрі «Айдаладағы Марс» дегенге көп саяды екен )" деген пікір білдіріпті.
Абзал Сариев бірдеңкені білед!
Шындығында да пирогтың ішіндегі сүзбе астында емес үстінде болуы керек еді. Мен бірінші рет жасағандықтан білместіктен сұйық қамырды астына аз салып, сүзбе төмен түсіп кетіпті. Сол үшін материалдағы кеңестерге мән бере отырып дайындаңыздар
Пирогыңыз дәмдііііііііііііііііі болсын!

- Қант — 1 стақан
- Жұмыртқа — 3 дана
- Сүт — жарты стақан
- Какао
- Сұйық май — 3 ас қасық
- Ұн — 1 стақан
- Разрыхлитель — 1 шай қасық
- Сүзбе
- Қоюлатылған тәтті сүт
- Шоколад
Алдымен жұмыртқа мен қантты жақсылап миксермен қант ерігенше араластырамыз.
Какао, сұйық май, сүт (ішіне жаңғақ, мак, күнжіт т.б. салып жіберсеңіз де болады) қосып тағы жақсылап араластырамыз.
Erke_ky3-дан кеңес: Шоколадный пирог пісіргенде ешқашан, ешқашан, ешқашан тамаққа қосуға арнайы дайындалған какао алушы болмаңыз! Пирогыңыз дәмді болсын десеңіз оның орнына балаларға арналған кәдімгі Nesquik, MixFix сынды тәтті какаоларды қолданыңыз.
Артынан ұн мен разрыхлительді қосып, бір қалыпты болғанша араластырамыз. Сөйтіп алдын ала дайындалған табаға жартысынан көп сұйық қамырды құямыз.
Ортасына сүзбе мен қоюлатылған сүтті қосып араластырып саламыз.
Үстіне қалған сұйық қамырды құямыз да, қызып тұрған пешке піскенше саламыз.
Erke_ky3-дан кеңес: Пирогтың піскенін шетіне ши тығып көру арқылы білеміз. Шиді пирогқа сұғып алғаннан кейін ол таза болса пирогтың дайын болғандығының белгісі.Дайын пирогты пештен шығарып, ыстық күйінше үстіне шоколадты үгіткіштен өткізіп себеміз.
Пирогты бөлген кезде іші осындай болып шықты:
«Айлы түн» пирогы дайын!
P.S. Фейсбукта Абзал досым "Пирогыңның атауы «Айлы түннен» гөрі «Айдаладағы Марс» дегенге көп саяды екен )" деген пікір білдіріпті.
Абзал Сариев бірдеңкені білед!
Шындығында да пирогтың ішіндегі сүзбе астында емес үстінде болуы керек еді. Мен бірінші рет жасағандықтан білместіктен сұйық қамырды астына аз салып, сүзбе төмен түсіп кетіпті. Сол үшін материалдағы кеңестерге мән бере отырып дайындаңыздар
Пирогыңыз дәмдііііііііііііііііі болсын!
пысы: негізі бұл постта емес ана постта жазылу керек ед…