Теледидар. Әңгіме

Жұмыс, үй, теледидар. Ылғи осылай. Кешкі алтыдан бастап сериал көремін. Үзбеймін, тек жарнамада ғана демаламын. Сосын таныс сюжет: жаңа адамдар, ескі шиеленіс… «Келін», «Дениз», «Карпов». Орыс, корей, түрік сериалдары. Соларды ойлаймын, солармен қайғырамын, сосын ұмытамын. Осылай жалғаса береді — жаңа кейіпкерлер, ескі күйзеліс.
Тылсым дүние: Теледидар. Әңгіме

Осымен алданамын. Сосын, бүгін жаңбыр жауғаны есіме түседі. Көше лай, елдер бір жаққа асығып барады. Өздерінің теледидарларына асығып бара жатқан болар… Сосын армандай бастаймын. Міне, көзімді жұмдым да күнді елестетемін. Алыста, ашық аспанда, шынайы. Мексика сериалдарындағыдай емес. Енді маған сериалдың керегі жоқ, шын өмір бар. Мен бақыттымын… Кенет күн жақындай бастады. Дежавю. Кешегі сериалды таңертең қайта көргендей әсерде тұрмын. Жарықтың арасынан «Миллион кімге бұйырады» деген жазу шығып келе жатыр. Ойбу, сағат тоғыз болып қойыпты ғой. Шоу басталды. Армандап кетіппін. Реалға ораламын, сериалдарды қайта көре бастадым.

Сурет мына жерден алынды
Әңгіменің көзі
Бөлісу:

3 пікір

bake
Ақпараттық тауарларды адамның "қабылдау феномін" ескеріп жасайды. Сана тұтынған соң -өзгеріске ұшырайды. Астың дәмін қабылдау секілді. Кокаколадан кейін табиғи -өнім «жидек»-тің дәмін ұғып көр дегендей.
MakpalNurlybek
Қазіргі таңда сериалдар, одан қалса ғаламтор арбауында жүріп, шын өмірден жырақ кетіп жатқан сәттеріміз бары шындық қой. Қанша айтылғанымен өмірін қайта қарап жатқандар саны азғантааайй!!!((
Beytanis
ТВ деген жақсы ғой жақсы, танымдық арналардан әртүрлі елдерді аралауға болады. Міне, қиялда, өмірден ләззат ал!